Астана - Петропавл тасжолында 9 көлік соқтығысты
Ақмола облысындағы тас жолда жаппай ЖКО болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі POLICE.KZ-ке сілтеме жасап.
Жаппай жол көлік оқиғсы 8 қаңтар күні Астана - Петропавл автожолының 236-шақырымында болды.
Петропавл қаласының 34 жастағы тұрғыны ВАЗ 2109 көлігінің жүргізушісі жол-метеорологиялық жағдайларды ескермей, 64 жастағы астаналықтың басқаруындағы Chevrolet Cobalt автокөлігімен және Беларусь Республикасының 38 жастағы тұрғынының басқаруындағы Volvo автокөлігімен соқтығысуға жол бергені анықталды. Содан кейін тағы 6 көлік соқтығысқан: Renault Sandero, Газель, 2 Toyota Camry, Daimler Chrysler және Toyota Prado.
Жол апаты салдарынан "Авиценна Бурабай" ЖШС-не 19-49 жас аралығындағы соқтығысқан көліктердің 2 жүргізушісі мен 7 жолаушысы жеткізілді.
6 жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 1-бөлігі бойынша "Көлік құралдарының жүргізушілерінің адамдардың денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарына немесе өзге де мүлікке зиян келтіруге әкеп соққан Жол жүрісі ережелерін бұзуы" бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды.