Алматы облысында мотоциклдің жол апатына ұшыраған сәті видеоға түсіп қалды
Алматы облысында Lexus көлігімен соқтығысқан мотоцикл жүргізушісі жансақтау бөліміне түсті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде 17 маусымда Алматы облысындағы Гүлдала ауылы маңында Lexus көлігі мен мотоцикл және автобус жол апаты оқиғасына ұшырағаны түсірілген видео пайда болды.
Кадрларда көліктердің арасынан өтіп бара жатқан мотоциклші Lexus жүргізушісімен соқтығысып, жолға құлағанын байқауға болады.
Олардың соңынан келе жатқан автобус құлаған адамды айналып өтпек болады, бірақ мотоцикл жүргізушісін автобус басып кетеді.
Жазба авторының айтуынша, қазіргі уақытта көптеген жарақат алған мотоцикл жүргізушісі жансақтау бөлімінде жатыр.
Көлік оқиға орнынан қашып кеткен.
Әлеуметтік желі қолданушылары куәгерлерді іздестіріп жатыр.
Алматы облысының полицейлері жол апатының мән-жайын анықтап жатқанын хабарлады.
"Осы жазба бойынша, көлік жүргізушісінің жүрген жерін анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз. Оның қорытындысы бойынша құқықбұзушы қолданыстағы заңнама бойынша жауапкершілікке тартылады. Басқа да мәлімет кейінірек айтылады", - деді полиция қызметкері.
Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы жарақат алған мотоцикл жүргізушісінің жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлады.
Еске сала кетейік, Қостанайда мотоцикл жүргізушісі жарық бағанына соғылып, қаза тапқан еді.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz