Шыбын-шіркейлер, бактериялар мен өсімдіктер ғарышқа ұшады
Ресейдің келесі «Прогресс» ғарыш жүк кемесі сәуір айының соңында Халықаралық ғарыш стансысына жеміс дрозофил-шіркейлерін, саңырауқұлақ-бактерияларды, қортық қызанақ пен өте қортық бидай түрлерін апарғалы отыр. Шыбын-шіркейлердің көмегімен тірі ағзалардың ғарыш сапары жағдайына бейімделуі генетикалық тұрғыдан зерттеледі.
«Интерфакс-АВН-ның» хабарлауынша, ғарыш сапары сәуірдің 27-сіне жоспарланып отыр. Ғарыш стансысындағы «Звезда» модулінде шыбын-шіркейлер мамырдың 24-іне дейін тұруы тиіс. Жерге ораларда олар зерттеу мақсаты үшін қоректен ажыратылады. «Прогресс» кемесі ғарышқа саңырауқұлақ-бактериялары бар «Биориск-МСН» атты үш контейнерді де алып шығады. Ашық ғарыш кеңістігіне шыққан кезде космонавтар оларды стансы сыртына шығарып, бактериялардың ғарыш жағдайына бейімделу мүмкіндіктерін бақылайды. Қызанақ пен бидай түрлерінің де ғарыштағы өсіп-өну жағдайы зерттеуге алынбақшы.