Миы жоқ адам ғалымдарды таңғалдырды
Ми – адамның басты органдарының бірі. Ол біздің бүкіл денемізді басқарып, сана-сезімімізді тұрақты бақылауда ұстайды. Миды адамның өзі десе де, артық емес. Алайда бұл темірдей тас-түйін тұжырымның тас-талқаны шығады деп кім ойлаған? Америкалық Карлос Родригосты мисыз өмір сүреді деуге де болады. Автокөлік апатынан кейін маңдай-шекесі жарылып, қауашағының там-тұғы ғана қалған.
Баскиім киіп жүрген Карлос Родригостың өзгелерден еш айырмашылығы жоқ. Айтпақшы, осыған ұқсас оқиға XVI ғасырда орын алған-тұғын. Басынан ауыр жарақат алып, үш жыл бойы төсек тартып жатып, көз жұмған баланың қауашағын ашқанда оның миы жоқ екендігі анықталады. Мисыз қалайша үш жыл бойы өмір сүргендігі ғалымдарға беймағлұм күйінде қалыпты. Мұны бірқатар ғалымдар «ағзалық миы бар адамдар» деп санайды. Расында, оның асқазан мен ішегінде 100 миллион жүйке жасушалар артық болып шыққан. Ал Родригестың 60 пайыз миы алынып тасталса да, есте сақтау және ойлау қабілеті еш өзгеріске ұшырамағаны ғалымдарды қайран қалдырып отыр.