Ерлердің отбасына адалдығына жауапты гормон табылды
Бонн университетінің ғалымдары ерлердің бойында болатын бір гормонның ерекше қасиетін анықтады. Ғалымдардың пайымдауынша, окситоцині көп ерлер отбасына адал келеді.
Дәрігер Рене Герлманн ерлердің екі тобын қатыстырып, зерттеу жүргізген. 57 еркектің тең жартысы – үйленгендер. Олар зерттеудің мақсатынан бейхабар болды. Ерлердің бір тобының ағзасына окситоцин заты спреймен, келесі тобына қабықты дәрі түрінде енгізілді. 45 минуттан соң олар сұлу келіншекпен таныстырылған. Келіншек көзқарасымен оларды кезек-кезек арбап, әңгіме-дүкенге шақырды. Зерттеуден кейін респонденттер арасында сауалнама жүргізілді. Оның қорытындысына қарағанда, үйленген ерлердің бәрі бейтаныс әйелдің сұлулығын мойындаған, бірақ әйелмен көңіл көтеруге бара алмайтынын айтқан. Ғалымдардың айтуынша, ғылымда «құшақтасу гормоны» деп аталатын окситоцин заты ерлердің миына айрықша әсер етіп, оларды серігіне адал етеді. Ал бұл органикалық қосындының әйелдерге ешқандай әсері жоқ екен.