ЖУАН ЖӘНЕ ЖІҢІШКЕ ДАУЫСТЫЛАР
Сабақтың тақырыбы: Дауысты дыбыстар.Жуан, жіңішке дауыстылар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік – оқушыларға жуан және жіңішке дауысты дыбыстарды айтудағы ерекшеліктерін біліп , бір-бірінен еркін ажырата білу дағдысын қалыптастыру.
Дамытушылық – сөйлеу мәдениетін дамыту , сауаттылығын арттыру.
Тәрбиелік – ана тілін сүйіп , құрметтеуге ,патриоттық сезімге баулу.
Түрі: жаңа сабақты меңгерту.
Әдісі:сұрақ-жауап , сатылай кешенді талдау
Көрнекілігі: тірек сызбалар,карточкалар
Пәнаралық байланыс: Әдебиет
Сабақтың барысы.
І.Ұйымдастыру. Амандасу.Сыныпты түгендеу.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
1.Фонетика дегеніміз не?
2.Дыбыс пен әріптің айырмашылығы қандай?
3.Қазақтың төл дыбыстарын ата?
4.Орыс әліпбиіне қашан көшті?
ІІІ.Жаңа сабақ
Қазақ тілінде дыбыс екіге бөлінеді.