Ұйымдастырылған оқу – іс әрекетінің технологиялық картасы
Маханова Жанат Кенесовна,
Қарағанды қаласы, №8 негізгі білім беру орта мектебінің шағын балабақша орталығы «Қарлығаш» тобының тәрбиешісі
Білім беру саласы; Қатынас
Бөлімдері: Тіл дамыту,таным,қоршаған орта, жапсыру.
Тақырыбы: Ертегі елі қонақта
Мақсаты: балалардың тілін дамытып сөздік қорларын молайту.
Білімділік: балаларды бейне тақта арқылы өздеріне таныс ертегілердің мазмұнын қысқаша баяндату.
Дамытушылық: балаларды ертегі мазмұнымен таныстырып тапсырма орындату.
Тәрбиелік: ұйымшылдыққа,еңбек сүйгіштікке,татулыққа,үлкенге,кішіге көмек бере білуге тәрбиелеу.
Билингвальді компонент; Ертегі - сказка, аю - медведь, қоян – заяц,бақа-лягушка.
Көрнекі-құралдар; бейне тақта,ватман қағаз,түрлі түстіқағаздар,желімдер,сулықтар.
Күтілетін нәтиже;
Біледі: ертегінің мазмұнын
Игереді: бір-біріне көмектесуді,достық қатынасты бағалай білуді.
Меңгереді; ертегі кейіпкерлері бір үйде дос,тату болып тұруды.