Тақырыбы: Ақ шаш . В.Сухомлинский (орыс жазушысы) Ана. Ғали Орманов
Алматы облысы, Ақсу ауданы,
Ж.Сыдықов атындағы орта мектебі,
мектепке дейінгі шағын орталығымен
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Бастауыш сынып мұғалімі
Сатыбалдина Г.С.
Тақырыбы: Ақ шаш . В.Сухомлинский (орыс жазушысы)
Ана. Ғали Орманов
Мақсаты:
Оқушылардың «Ақ шаш» мәтінін және «Ана» өлеңін түсініп оқып, негізгі ой түйінін таба білуге үйрету;
Оқу дағдысын қалыптастыру, түсінгендерін қысқа әрі нақты әңгімелей білуге дағдыландыру;
Сөздік қорын, тіл байлығын дамыта отырып, мейрімділікке, ананы сыйлауға тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ, топтық жұмыс.
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.
Көрнекілігі: В.Сухомлинский мен Ғали Орманов портреті, слайд суреттер, оқулық, дәптер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасып, түгендеу.
Әр топ өз оқушылары туралы анықтама береді.
Зейінін сабаққа аудару.
• Балалар, бүгінгі күн қандай?
• Қыс мезгілі болса да күн шуағын шашып тұр.
• Осындай күнде сабаққа қандай дайындықпен келдіңдер?
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Мейірім» Сапарғали Бегалин
-әңгімелеу
1-топ 2- топ 3-топ
1-бөлім 2-бөлім 3-бөлім
ІІІ. «Ой қозғау»
-сұрақ- жауап \барлық топқа ортақ\.
• Шыңғыс сұлтанның шешіміне өз көзқарасыңды білдір.
• Шоқанның орнында болсаң сен не істер едің?...
• Мәтінге сүйеніп Шоқанды сипатта.
ІҮ. Мақсат қою кезеңі:
1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
2.Жаңа сабаққа даярлық. Слайд 1
Бейнекөрініс арқылы не сездік?...
• Ал сендер аналарыңды абыржытасыңдар ма?
• Кім анасы туралы айтады?
Ү. Жаңа сабақ:
Бүгін біз В.Сухомлинскийдің «Ақ шаш» атты шығармасымен танысамыз.
Орыс жазушысы В.Сухомлинский туралы қысқаша мағлұмат беру.
Кітаппен жұмыс. Мәтінді түсініп оқу.
ҮІ. «Ой өрбіту»
Мәтіндегі негізгі ой қандай мәселеге құрылған?
1-топ
Миша анасының басынан не тауып алды? Ол нешеу еді?
2- топ
Біраз күннен кейін ол нешеу болды?
Анасы неге олай болды деп жауап берді?
3-топ
Миша неге үнсіз қалды?
Мәтіннің негізгі ойы неде деп ойлайсың?
ҮІІ. Ғали Орманов туралы қысқаша мағлұмат беру.
1-топ
Ғали Ормановтың «Ана» өлеңін мәнерлеп оқы.
2- топ
«Ана» өлеңін де Қызыл түспен ерекшеленген сөзді теріп оқы.
(Мәпелейсің. Айтқаныңды екі етпей, Ақ сүтіңді өтермін. Жан анам).
3-топ
Осы сөздерді пайдаланып өз анаңа, апаңа, әжеңе ақ тілегіңді білдіріп хат жаз.
ҮІІІ. Түсінгендерін тексеру:
1 топ «Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада» мақалының мәтінге қатысты екенін әңгімелеп көр.
2 топ Екі шығарманы салыстыр. Қалай ойлайсың өлең мәтіндегі әңгімеге жауап болады ма?
3 топ Ана туралы мақал- мәтел, қанатты сөз білесің бе?
VҮ. Бекіту: Барлық топқа ортақ
• Бүгінгі сабақтан не білдік?
• Мәтін кім туралы екен?
• Неге анасының шашы ағарды деп ойлайсың?
• Сен анаңды осылай уайымдатасың ба?
Қорытынды ой
«Ана»
X.Үйге тапсырма: Оқу мазмұндау, осы оқиғаға ұқсас «Бала тілі-бал» деген айдарынан оқиға ұқсас әңгімелерді жинап кел, Өлеңді жаттап ал.
XІ. Бағалау