Құзыреттілік-білікті, білімді тұлға қалыптастыруға бағытталған білім беру негіздерінің бірі

Құзыреттілік-білікті, білімді тұлға қалыптастыруға бағытталған білім беру негіздерінің бірі

Жаспанова Гульдиана Кумарбековна
КҚМК Семей қаласындағы Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік медицина колледжінің қоғамдық пәндер оқытушысы

«Халық пен халықты теңестіретін - білім» - деп қазақтың   заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов айтқандай, білім бәсекесіне бейім шәкірт тәрбиелеу – біздің мақсатымыз. Сондықтанда жаңа жаңалықтардан қалмай  жаңалық жаршысы болуымыз керек.Бұл мақсаттарға жету үшін мұғалімнің ізденісі, жаңа тәжірибе, жаңа технологиялар қолдану қажеттілігі туындайды.
Бүгінгі ұрпақ - еліміздің ертеңі. Сондықтан бәсекеге қабілетті, білімді де білікті маман даярлау өзекті мәселелердің бірі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2012ж Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған білім беруге қатысты мәселелер бәрімізді де толғандырып отыр. Қазақстандағы әрбір ұрпақтың ертеңгі күні дүниенің төрт түкпірінде өзінің қалаған, ұнатқан және қоғамға пайда әкелер мақсатта еркін еңбек ете алатын болуын Елбасымыз қадап айтты. Өркениетке бет бұрған еліміздің жастары – ертеңгі мемлекет тірегі. Қоғамға да ең басты керегі – елдің ертеңіне деген сенім мен үміт. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауының «Білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдарының» 4-бөлімінде: «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. ...Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс. Сондай-ақ балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды» деген тұжырымдамасында жеткіншек жастар мен болашақ маманның сауаттылығы мен білім, біліктілігіне ерекше мән берілген.[1]
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім үшін қажетті жағдайлар жасау; жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту» деп атап көрсетілген.[2] Аталған міндетттерді жүзеге асыру үшін оқытудың жаңа технологияларын енгізу және тиімді пайдалану секілді мәселелерді анықтап алу, білім беру жүйесіндегі басты ұстаным ретінде әркімнің өзінің білім алуға деген жеке әлеуетін қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін оқыту жүйесін дамытуды қамтамасыз етуді көздейді.
Жеке тұлғаны дамыту мәселелері Л.С.Выготскийдің, Д.В.Элькониннің еңбектерінің негізгі арқауы. Қазіргі кезде П.Я. Гальпериннің, Б.В. Давыдовтың, Л.В. Занковтың, Н.Ф.Талызинаның және қазақстандық ғалымдар Ф.Оразбаева, Ж.Ы.Намазбаева, С.Рахметова, М.Караев т.б. жеке тұлғаға бағытталған және дамыта оқытудың психологиялық теориялары жасалып, оқу үрдісіне енгізілген. Жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың мазмұнының негізінен сөйлесу, қатысымдық іс-әрекет арқылы әрбір жеке тұлғаны дамытуға жағдай жасауға, өз бетінше шешім қабылдауға және оқу әдістері мен мазмұнын таңдауға толық мүмкіндік береді.
Коммуникативтік білім беруді келешек маманның меңгеруі нәтижесінде туындайтын жеке тұлғаның өзгерісі толық, тұлғалық және әлеуметтік-интеграцияланған нәтижені анықтау мәселесін алға қойды. Осындай интеграцияланған әлеуметтік-тұлғалық-іс-әрекеттік ұғымның білім берудің нәтижесі ретіндегі жалпы анықтамасы болып мотивациялық–құндылықты, дүниетанымдық, коммуникативтік құзыреттілік ұғымы танылады. Мұнда бірінші анықтама, әдетте, белгілі бір аядағы процестер, нормативті міндеттер мен құқықтармен белгіленетін тұлғаның сапаларымен байланыстырылса, екіншісі құзыреттердің тәжірибе жүзінде жүзеге асуы, оның нақты іс–әрекетке қатынасынан туындайтын нәрсе болып табылады.[3]
«Құзырет» ұғымы білім алушының жетілуімен және оның еңбек міндеттерін орындауда тиімді әрекет жасауға және жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. «Құзырет» – бұл оқу үдерісінде жинақталған білімге, тәжірибеге, құндылықтарға, бейімділіктерге негізделген жалпы қабілет. Құзырет саналы іс-әрекет барысында қалыптасады. Құзыретті меңгеру студенттің белсенділігіне тәуелді. Құзыретке ие болу сол жағдайға өзінің бар білімі мен тәжірибесін бейімдеу. Білімді білім алушының нақты қоғамдық өмірде білімін қолдану, ол үшін оқыту үдерісінде құзыретті дамыту және қалыптастыру, нақты жағдайлар тудыру қажет.[5]
Адам білімді және сәйкесінше тәжірибені меңгеру негізінде құзыретті болады. Сондықтан, құзыреттілік ұғымы қазіргі таңда елімізде, шетелде де білім берудің нәтижесі ретінде қолданылады.

Әдебиеттер:

1.Н.Ә.Назарбаев. «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыт» атты Жолдауы. – Астана, Ақорда, KZ.
2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Алматы-2008
3. «Қазақстан мектебі» журналдары, 2010 жыл
4. Б.А. Тұрғанбекова «Мұғалімнің шығармашылық әлеуетін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту: теория және тәжірибе» Алматы-2005
5. К.Құдайбергенова «Құзырлылық – тұлға дамуының сапалық критерийі»
(ғылыми-практикалық конференция материалдары) Алматы-2008

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста