Формулаларды енгізу.

Формулаларды енгізу.

 Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы  “Көпбейінді №3 мектеп-гимназиясы”  информатика пәні мұғалімі
Байрова Гүлназ Оралбекқызы

І кезең: Сабаққа дейін
1. Мотивация (қозғаушы күші):
Бұл тақырып Excel кестелік процессорға арналған негізгі тақырып. Осы сабақта кестелік процессорда деректерді өңдеу формулаларымен танысып, оның мүмкіндігін, тиімді жолдарын анықтауды, жазуды меңгеруі қажет.
2. Алғы шарттар:
Кестелік процессорда берілгендерді енгізу және редакциялауды оқып үйренгендіктен жаңа тақырыпты оқу барысында логикалық талдау жасауға, өзгелермен ой бөлісіп ойын тиянақтауға, тапсырмаларды орындауға мүмкіндіктері бар.
3. Мақсаттар:
1. Білімдік:
формула енгізуді; функция батырмасы көмегімен формула шақыруды; сілтемелерді көшіруді үйренеді;
2. Дамытушылық:
Формула енгізу ережесін дәлелді жеткізе білуге, өз ойын түйіндеуге, бірнеше тапсырма түрлерін орындағанда қолдана білуге дағдыланады;
3. Тәрбиелік
Өзгенің ойын тыңдай білуге, сыйлауға, уақытты үнемдей білуге баулыймын;
4. Бағалау.
Бағалау парағы бойынша жүргіземін.
10 балдық жүйе:
10-9 балл - «5»
8-6 балл – «4»
5- балл – «3»

5. Қажетті материалдар және уақытты меңгеру
Интерактивті тақта, флипчарт, видеоролик, стикер, бағалау парағы;
Қызығушылықты ояту- 10 мин;
Мағынаны ажырату-10 минут;
Ой толғаныс- 25 мин;

ІІ. Сабақ кезеңі:

ІІІ кезең. Сабақтан кейін
1. Тақырып Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бөлімінде берілген. Бұл бөлімде электрондық кестелер тарауына 8 тақырып берілген.
2. Сабақта қолданылған стратегиялар ерекшеліктері:
Қолданған стратегиялар: Ой қозғау, Болжау, Кос жазба күнделік. Бұл стратегиялар көмегімен оқушыға бүгінгі сабақ туралы ой сала отырып, ойлануды ұйымдастырдым. Жекелей, жұппен, топпен жұмыс ұйымдастыра отырып, сыныптың электронды кестелер тарауына қызығушылығын арттырдым деп ойлаймын. Алған білімдерін ары қарай өз бетінше білімін келесі сабақта қолдана алуына мүмкіндік бердім.
3. Не сәтті болды: 8в сыныбында 15 оқушы бар. Сыныпты «Сәлем» жаттығу арқылы психологиялық ахуалды ұйымдастырдым. Себебі сабақ 2 аусымның 1 сағаты болды. Сабақ барысында қос жаз жазба күнделік стратегиясын қолданған өте тиімді болды. оқушылар теориялық білімдерін практикамен ұштастыра отырып, жұппен жұмыс жасалды.
4. Не сәтсіз болды: Зертханалық жұмысты барлық оқушы бірдей уақытында орындай алмады. Оларға сабақ барысында көмектер көрсетілді.
5. Көшбасшылар топтарын балдық жүйемен бағалады. Оқушыларды смайликтермен марапаттады. Қортынды бағаны өзім қойдым. Сабақ қорытындысы бойынша:
«5»- 4; «4»- 9; «3»- 2;
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста