Ақпараттық-коммуникативтік технологияларды сабақ үдерісінде пайдалану

Ақпараттық-коммуникативтік технологияларды сабақ үдерісінде пайдалану

Ақпараттық технология – ақпараттарды жинау, сақтау және өңдеу үшін бір технологиялық тізбекте біріктірілген әдістер мен өндірістік және бағдарламалық - технологиялық құралдардың жиынтығы. Жалпы орта білім беру жүйесін ақпараттандыру дегеніміз компьютерлерді қолдану арқылы осы жүйеде ақпараттық жабдықтамаларды барынша тиімді пайдалану. Мұндағы басты жаңалық компьютер тек оқушы қолындағы құрал ғана емес оған қоса төмендегідей маңызды педагогикалық мәселелерді шеше алады:

· оқушының қабілетіне қарай үйрету ісін ұйымдастыру;

· сабақтағы жұмыс тәсілдерінің тиімді түрін таңдау;

· сабақ жүргізудің ыңғайлы жүйесін жасау.

Қазір бүкіл әлемде индустриялық қоғамнан интерактивті қатынас жасауға, оны жүзеге асыратын техникалық мүмкіндіктерді дамытып отыра алатын ақпараттық қоғамға көштік. Бүгінгі күні инновациялық әдістер мен ақпараттық технологиялар қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру ең негізгі мақсат болып айқындалады. Ағылшын тілі сабағында компьютерді қолдану мәтіндер мен ақпаратты білуге жол ашады. Тіпті нашар оқитын оқушылардың өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығады, өйткені кейбір жағдайларда компьютер білмеген жерін көрсетіп, көмекке келеді. Ағылшын тілі сабағында компьютерді, мультимедиялық және электрондық оқулықтарды және интерактивті тақтаны пайдаланғанда:

• лексиканы оқып үйретеді;

• сөйлеу ырғағын;

• диалог, монолог және рөлдік ойындарды;

• хат жазуға үйретеді;

• грамматикалық құрылымдарды түсіндіріп, оқушылардың есінде сақтауға көмектеседі.

Қазіргі кезде ағылшын тілімен компьютер, телекоммуникациялық құралдарды меңгеруді уақыттың өзі талап етеді, тіпті кейінгі жылдары олардың рөлі арта түсуде. Көптеген бағдарламаларда микрофонмен жұмыс істеуді қарастырады. Сөздер мен сөз тіркестері тыңдалғаннан кейін, оқушы оны қайталайды. Бұдан соң диктордың сөзді айту, яғни дыбыстау ерекшелігін тыңдай отырып, жеткіліксіз жақтарын аңғарып, оқушы оны түзетуге мүмкіндік алады. Оқушылардың сөйлеу тілін дамытуда диалогтың да берері мол. Диалог – сөйлесудің ең негізгі түрі болып саналады. Адамдар арасындағы қарым - қатынас амандасудан басталады. Мұғалім сабаққа кіргеннен оқушылармен диалогта болады. Оқушыларға белгілі бір тақырыпта тапсырмалар беру арқылы сұхбаттар құрылады. Диалогтік сөйлесуді естіп - тыңдаумен біртұтас та, жекелей де пайдалануға болады. Оқушылардың сөйлеу дағдылары ауызекі сөйлеу жүйесінен, сұраққа қысқа да толық жауап қарастыра алуынан, оқығандарын ауызша да, жазбаша да мазмұндап беретіндей дағды - машықтарынан, шығарма, хат жазу дағдыларынан құралады. Ағылшын тілін оқытуда ең алдымен тәжірибелік мақсат қойылады, оған оқушылардың сөздік қорларын байыту, сауатты жазуға үйрету, сөйлесуге, көргендерін, естігендерін әңгімелеп беруге үйрету қажет. Компьютерлік оқыту бағдарламаларының қай қайсы болмасын өз мазмұнынан грамматикалық жұмыс жүргізуді тыс қалдырмайды, белгілі бір грамматикалық құрылымның жұмыстарын қамтиды.

Дәстүрлі оқытуға қарағанда, АКТ арқылы оқыту тәсілі неғұрлым тиімді екені тәжірибеде дәлелденіп отыр.Әсіресе, оқу жүйесінің тез меңгерілуі,оқушының қабілеттілігі мен өзіндік ерекшелігінің өсуі, әрі жүктелген жұмысты уақытында үлгеруі, сондай-ақ өздік жұмысты орындау барысында танымдық қарқындылығының артқаны байқалады. Қазіргі таңда, компьютерді пайдалана отырып,ағылшын тілі сабағында жеке(дара) және топтық жұмыс түрлерін ұйымдастыруға болады.Әртүрлі ойындар мен презентацияларды жүйелі жоспарлай отырып, сабақтың мазмұнын қызықты өңдеуге мүмкіндік бар. Бірақ, компьютер- еш уақытта мұғалімді алмастыра алмайды. Сондықтан компьютермен жұмыс істеу уақытын дұрыс жоспарлау керек. Қазіргі оқушылар кітапханаға барғаннан гөрі интернетпен жұмыстануға көбірек қызығушылық танытады, заман талабына сай жеткілікті дәрежеде сандық сауаты бар, өмір жағдайларының барлық аспектілерінде жаңа технологиялардың бар мүмкіндіктерін пайдаланып, оны өмірлік қажеттіліктеріне қарай пайдаланатын ұрпақ тәрбиелеуде АКТ таптырмайтын тәсіл болып қала бермек. Интернетпен жұмыс жасағанда оқушылар белсенді болады, яғни оқушы не айтады деп күтіп отырмай, өздері ізденеді, зерттейді, таңдайды, шешеді, жасайды, жұмыстанады. Оқушы өзіне қажетті ақпаратты таңдап алып, өз бетінше ойланып, шешім қабылдауға дағдыланады. Өз бетінше ізденіп, дұрыс ақпаратты алып, оны өңдеуге үйренеді, компьютерлік сауаттылығы қалыптасады.

 Тұңғұшпаева Арайлым Жомартовна

Шығыс Қазақстан облысы

Күршім ауданы

Қайыңды ауылы

Қайыңды негізгі орта мектебі

Ағылшын тілі пәні мұғалімі

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» Заңы. Астана, Ақорда, 2007

2. Г. Исаева, Шет тілі сабағында инновациялық технологияларды қолданудың кейбір ерекшеліктері. «Жаңа тұрпатты мұғалім дайындаудың өзекті мәселелері» атты республикалық ғылыми конференцияның материалдары.

3. Г. Байтилеуова, «Ақпараттық технологиялардың тиімділігі». Қазақстан мектебі. 2008 ж. №6

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста