"8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні" мерекесіне арналған кеш

"8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні" мерекесіне арналған кеш

Дайындаған: Мақұлбекова М. М.
Рүстем: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, аналар және оқушылар! Әрине тағы да ұмытып барамын, қыздар!
Бақытжан: Сіздерді көктемнің алғашқы меркесі 8 Наурыз – Халықаралық аналар, әжелер және қыздар меркесімен шын жүректен құттықтаймыз! (ұлдар бірге айтады)
Диас: Өмірде ана алақанының қызуы мен әке-шеше мейірімін тоя жеген тамақ та, шипасы күшті дәрі де алмастыра алмайды. Менімен келісесіңдер ме, достар?

Тамирлан: Иә, қалай келіспеске. Анасыз мына өмірде бәрі жалған.

Рүстем: Осыдан жарты ғасыр бұрын ғалымдар жүргізген бір қарапайым тәжірибе осыған дәлел болса керек.
Ғалымдар,аналарынан айрылған маймыл балалар үшін екі қуыршақ маймыл ана жасап, бірінің омырауынан сүт шығатын, денесі қатты да суық етіп, ал екіншісінің омырауынан сүт шықпайтын, бірақ денесін жылы да жұмсақ етіп жасаған екен. Маймыл балалары сүті бар денесі қатты қуыршақты емес, сүті жоқ болса да денесі жұмсақ қуыршақты ана ретінде қабылдап, соның бауырына тығылған екен. Міне, сонда кімге болса да бәрінен бұрын керегі мейірім, ана құшағы ғана.

Бақытжан: Иә,дұрыс айтасыңдар.

Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз.
Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз.
Айнала ұшып сіздерді көбелек боп,
Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз.

Диас: Мұхаммед пайғамбарымыздың хадистерінде де ең алдымен ананы құрметтеу парыз екені айтылады. “Әуелі анаңа, тағы да анаңа, содан соң әкеңе жақсылық жаса” делінген онда.
“Егер атаң мен анаң бір мезгілде үн қатып қалса, әуелі анаңа жауап бер” деген ұлағатты сөз бар.
Пайғамбарымыздың тағы бір хадисінде “Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да, парызыңды өтей алмайсың”; “Кімде-кім ата-анасының ризалығын алған болса, бала соның өмірін ұзартады” делінген.

Тамирлан: Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана,
Келтірген дүниеге нелер дана.
Анасыз батыр да жоқ, ақын да жоқ,
Өмірдің алтын кілті сонда ғана, – дегендей көктем табиғатымен жымдасқан жылылық, шексіз мейірімділік, дүниеге жаңа келген тіршілік иесіне нұрын шашып, келешекке ақ жол, адал ниет нұсқап өмір себуші асқақ құдірет иесі, адам сәулетшісі – ол Ана.
Рүстем:
Анасыздар, әр үйге панасыздар,
Бала десе от болып жанасыздар.
Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,
Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.
Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар —
Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.
Маздататын, жүректе от лаулататын,
Әр үйдің Күні десе,- лайықсыздар.
Бақытжан:
Анасыздар, кең байтақ даласыздар.
Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.
Көлеңке жоқ көңлінде, қылауы жоқ,
Үлбіреген жауқазын баласыздар.

Өр десек те сіздерді, — лайықсыздар.
Төр десек те сіздерді, — лайықсыздар.
Ер десек те сіздерді, — лайықсыздар.
Зор десек те сіздерді, — лайықсыздар.

Құрман:
Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған,
Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған,
Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар,
Сіздер — жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.

Тамирлан:
Мың алғыс, миллион алғыс аналарға!
Аты да, өзі де ұлы тұрар алда.
Отанмен, туған жермен теңесесің,
Нәр алған аналардан даналар да.
Диас:
Тірлікке бастаусыңдар тұнық бұлақ,
Таң шапақ сәулесіңдер жарық шырақ.
Жүз көрер айнасыңдар шаң қонбаған,
Жайдары жаз күніндей жанға шуақ.
Бақыттың, қуаныштың көзісіңдер,
Ізгілік, ілтипаттың өзісіңдер.
Қақа жарған қара қылды әділ бидей,
Түп-түзу ақиқаттың тезісіңдер.
Рүстем:
Сабырға, ақылға да жетіксіңдер,
Тас түйін байлаусыңдар, тетіксіңдер.
Бар өмір бағыт алған өздеріңнен,
Жалын ап от ұшқынды көздеріңнен.
Сендерге қарап ап біз бой түзейміз,
Сендерге қарап ап біз ой түзейміз.
Сендерше жақсылыққа ұмтыламыз,
Сендерше қайсарлыққа ұмтыламыз.
Бақытжан:
Аналардың ақ сүтінен нәр алған,
Аналардың үмітінен жаралған.
Сәби едік, енді қазір ер жеттік,
Жүректерде биік мақсат, бар арман.
Сен туған жер бақша менен бау ма екен,
Ана, өзіңдей бақытты жан бар ма екен?
Ержетсем де еркелегім келіп тұр,
Балалық кез қай жерлерде қалды екен.
Диас:
Адамзат қуат алар ақ сүтіңнен,
Мәпелеп, әлдилеген пейілің кең.
Аналық махаббатың кәусар бұлақ,
Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ.
Адам “адам” болғысы келсе, алдымен ананы қастерлей білуі керек.
Бақытжан:
Ана – жүрек, жүректі құдіретте.
Ана – тірек, тіректі құрметте,
Ана – шыңың, шыңыңа сағынып жет.
Ана – күнің, күніңе табынып өт. –
деп жырлағым келеді.
Тамирлан: Ана – үйдің берекесі, қыз баланың өнегесі, шаруаның несібесі. Ананың көзінен нұр төгіліп, жан-жағына шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл ананың құшағында мейір алып жүрген біз – алтын ананы мәңгі қастерлеп, еңбегін бағалап өтейікші!
Ананы аспандағы ай мен күнге, жарық жұлдызға, баға жетпес асыл заттарға теңеу дәстүрі де өз тілімізде берік қалыптасқан. Олай болса сөз – сөздің ең төресі: анаңды қалай сыйласаң, сыныптас, құрбы, дос қыздарды да дәл солай сыйлайық.
Рүстем:
Олай болса құрметті ұстаздар, аналар және оқушылар! Бүгінгі 7 сыныптардың бірігіп ұйымдастырған меркелік шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер!
Диас:
Жігіттер, білесіңдер ме? Менің есіме бір керемет ертегі түсіп кеткені. Айтып берейін бе?
Бақытжан:
Иә – иә, біз есейсек те әлі де ертегі тыңдағымыз келеді, әй, бірақ ешкімге айтып қоймаңдар. Қане баста...
Диас:
Ерте – ерте, ертеде, Жер бетінде, қазақ елінде бір керемет, тату – тәтті, қарапайым бір хандық болған екен. Сол хандықтың халқы да тіпті ханы да сондай мейірімді, қарапайым болады екен. Оның айтқандарын, бұйрықтарын барлығы бірдей орындайды, бір айтқанын екетпей орындаған екен. Сол хандықта күндердің бір күнінде мынадай бір оқиға болған екен:

КӨРІНІС

Сахнаға ханның уәзірлері шығып, жайғасып отырады. Өзара сыбдырласып отырғанда ортаға хан келеді. Қасында нөкерлері мен күзетшілері ғана болады. Хан тағына келіп отырып, уәзірлерінен сұрайды:
Хан: Ал бүгінгі күн тәртібімізде тұрған мәселелерді қарастырып бастасақ ...
Хабаршы: Хан ием, рұқсат етіңіз, сізге айтар датым бар.
Хан: Ал айт. Тыңдайық.
Хабаршы: Хан ием, мұхиттың арғы жағынан біздің жерге, біздің елге біраз қонақтар келе жатыр екен. Тіпті, естуімше жетіп те қалыпты.
Хан: Ой – буй, енді қайттік? Оларды жақсылап тұрып қарсы алу керек қой. Өзіміздің қаншалықты қонақжай екенімізді, ешкімге жау емес екенімізді көрсетуіміз керек.
Уәзір 1: Қорқатын несі бар?
Уәзір 2: Иә, Хан ием. Қорқатын түгі де жоқ, бізде әншілер мен бишілердің, күшілер мен жыршылардың түр – түрі бар емес пе еді?
Хан: Ееее, иә, айтқаның дұрыс, онда оларға бұйрық беріп, дайындықтарын бастауды айту керек.
Ханшайым: Қайырлы күн, құрметті хан ием! Осы әңгімелеріңізге кірісіп, өз ойымды ортаға салуға бола ма?
Хан: Оооо, қош келдің! Иә, айта ғой, қандай тілегің бар?
Ханшайым: Неге осы мереке сайын тек қана қарапайымхалық жүгіреді, әнші – бишілеріміз шаршап, одан да мына іштері пысып отырған біздерді, яғни айтайын дегенім ханшайымдарды неге сондай шараларға қатыстырып көрмеске? Біздің де қолдан бірдеңелер келетін шығар?
Хан: ммм, бұл да бір ақыл екен. Неге болмас қа?
Ханшайым: рахмет сізге, әке...
Сахнадан барлықтар кете бастайды. Сол кезде ортаға хабаршы шығып бұйрықты оқиды.
Хабарлаушы: Уа халайық, тыңдаңдар! Бұрын соңды болмаған сайыс болайын деп жатыр. Басқа елден келетін ханшайымдардың сайысы болады. Келіңіздер, көріңіздер!
Музыка ойнайды. Сахнаға екі жүргізуші шығады.
Алихан: Қайырлы күн! Бгінгі күні бастағалы отырған сайысымыз бұрынғы өткізіліп жүрген сайыстардан өзгеше болмақ.
Бекжан: Неге, неге олай дейсің?
Алихан: Ұмытып қалдың ба? Бүгінгі сайыс тек қана ханшайымдарға арналған.
Бекжан: Ааааа, дұрыс айтасың! Қалай ғана ұмыта қалғанмын?
Алихан: Олай болса, не тұрыс? Сайысты бастайық та? Ханшайымдарымыз күтіп қалды ғой, әйтпесе!
Бекжан: Иә, бастасақ бастайық. Сәлем сөздің патшасы демекші, бірінші сайыстың түрі «Сәлемдесу. Танысу».
Алихан: Бекжан осы сен білесің бе? Ресейдің өзінде орыстардан кейінгі екінші орынды алып тұрған ұлттың кімдер екенін?
Бекжан: Жоқ, білмедім ...
Алихан: Олар татарлар екен
Бекжан: мммм, өте қызық екен, енді біліп жүретін боламын, олар өзі қандай ұлт екен?
Алихан: Қазір білетін боламыз ...
Бекжан: Сонда қалай?
Алихан: Ұмытып қалдың ба? Бүгін біз түрлі ұлттар мен жерлерге саяхат жасаймыз ...
Бекжан: Онда не тұрыс, жиналмаймыз ба?
Алихан: Жиналмай – ақ қойсаң да болады, себеі өздері де осында келіп қалды ...
Бекжан: Кімдерді айтасың?
Алихан: Ой, Бекжан – Бекжан, әртүрлі елдердің ханшайымдарын да, бүгінгі сайыс соларға арналған ...
Сайыстарымызды бастамас бұрын, алдымен сол сайысты әділ бағалап беретін әділқазы алқаларымызбен танысып алайық.
Бекжан: Олай болса, қарсы алыңыздар, Ресейде орыстардан кейін екінші орында тұрған ұлт – татар ұлты, сонлау Татарстаннан келген ханшайым.
Татар ханшайымы:
Бекжан: Керемет екен, татарларың да бізге ұқсайды екен ғой ...
Алихан: Әрине, барлығымыз да бір түркі қағанатынан тарағанбыз ғой енді ...
Бекжан: Сіздердің де көңілдеріңізден шықты деген ойдамыз.
Алихан: Олай болса келесі түрік елінен келген ханшайымымызды ортаға шақырамыз
Түрік ханшайымы:
Алихан: Түріктердің тілдері сәл күрделірек екен, бірақ сондай әдемі екен.
Бекжан: Иә, сенімен толықтай келісемін...
Алихан: Не тұрыс, келесі ханшайымымызды ортаға шақырайқ та?
Бекжан: Ойй, олар енді керемет ұлт, өзіңді жаңылдырып тастайды ...
Алихан: Оны қайтесің, дан да ханшайымды көрейік те ...
Бекжан: Қарсы алыңыздар, алдарыңызда Өзбекстаннан келген ханшайым
Өзбек ханшайымы:
Бекжан: Ой, бұл да керемет ұлттардың бірі екен, келесі кім тұр?
Алихан: Иә, келесі енді мың бұралған бишілері де, ашты – тәтті тағамдары да бар, сызылта салған әіндерімен Кәріс елінен келген ханшайымды ортада қарсы аламыз ...
Кәріс ханшайымы:
Алихан: Мәссаған, кәріс халқы да қандай керемет еді, бірақ тілдері өздерінен де керемет екен.
Бекжан: Иә, дұрыс айтасың. Қой, достарымыз бізді күтіп қалмасын, кезекті келесі кезең «Үй тапсырмасына» берейік  Алихан: Менің ең сүйікті сайысым ...
Бекжан: Неге?
Алихан: Қалай түсінбейсің? Онда керемет ас мәзірлері бар ғой ...
Бекжан: ааааа, онда не тұрыс, ана жігіттеріміз шыға берсін, ал біз болсақ әділқазылар алқасының қасына барып, оларға көмектесе берейік ... (күліп)
Мирас: Ооооо, достарымыз бағанадан бері маңғазданып тұрып еді, енді қарашы жүгіріп бара жатқандарын, қызық екен.
Жігер: Әрине, асығады олар үй тапсырмасын бағалауға асығып барады.
Мирас: Құрметті әділқазы алқалары, пожаааалуйста, оларға ештеңе бермеңіздерші, біз мұнда бітіреміз, содан кейін бірге бастайықшы...
Жігер: Әй, сен де айтады екенсің, бізді тыңдайды деп кім айтты ...
Мирас: Көп сөйлеп созбайық, әдептен озбайық, бүгінгі сайысты ары қарай жалғастырайық.
Жігер: Иә, олай болса ортаға ханшайымдарымызды шақырайық.
Мирас: Тамаша, ханшайымдардың тапсырмасы, өздері жасап алып келген тағам тұрлерін таныстырып өтсе, одан кейін бізге де жартысын тастап кетсе, керемет болар еді ...
Жігер: Қойсаңшы енді, бірінші таныстырып алсын, әдепті баламыз ғой, өзіңді ұста ...
Мирас: а, иә, таныстырасыздар, одан кейін әділқазы алқаларының алдарына апарып қоясыздар.
1. Татар ханшайымы
2. Түрік ханшайымы
3. Өзбек ханшайымы
4. Кәріс ханшайымы

Ханшайымдар тағамдарын таныстырып, әдлқазылардың алдына апарып қояды.
Мирас: Ананы қарашы, бізсіз бастап қойды ғой ... (жылаған секілді кейіп танытады).
Жігер:Кеттік онда тезірек, ал жақсы олай болса келесі кезекті ханшайымдарымыздың ақылын саралайтын сайыс түрі «Білімділер» сайысына берейік.
Дарын: Қайырлы кеш! «Білімділер» сайысын біз бастаймыз.
Мәди: Не сонда бізге сұрақтар қоя ма? Жоооқ, олай болса мен орныма қайтып барайын.
Дарын: Әй, қайда кеттің? Бізге емес, сұрақтардың барлығын басқа елден келген ханшайымдарға жаңбырша жаудыртады.
Мәди: уффф, олай болса, мына тұрған табақшадан өздеріңе күлімдеп «мені алшы» деген қалташаларды алып, біраз ойланып сұрақтарға жауап бересіздер.
Ханшайымдар қалташаларды алып, ойланады
Дарын: Ханшайымдар қалташаларды алып, ойланғанша ортаға әнші қыздарымызды «Мама» әнімен шақырамыз!
Мәди: Қабыл алыңыздар!
«Мама» әні, 7 «Б» сынып
Дарын: Ал, ханшайымдар дайынсыңдар ма?
Мәди: Олай болса, бастайық.
1. Татар ханшайымы
2. Түрік ханшайымы
3. Өзбек ханшайымы
4. Кәріс ханшайымы

Мәди: Тамаша, ханшайымдар тек сұлу емес, сонымен қатар ақылды да болып шықты.
Дарын: Иә, керемет, құттықтаймыз, осы сайыстан барлығы да сүрінбей өтіп шықты деген ойдамыз.
Мәди: Ал енді, келесі кезекте қолөнер сайысы да жетіп қалыпты.
Дарын: Бірге тамашалайық!
Диас: Қайырлы кеш! Бүгінгі болып жатқан сайыс сіздерге ұнап отыр ма?
Талант: Көңілдеріңізден шығып жатыр ма?
Диас: Олай болса, біздің де көңілімізден шығып жатыр.
Талант: Онда, қолөнер сайысымызды бастайық.
Диас: Әрбір ханшайым өздерінің майысқан, әдемі қолдарымен, саусақтарымен түрлі – түрлі бұйымдар жасап алып келген екен.
Талант: Олай болса, сол әдемі бұйымдарыңызды осында тұрып алдымен әділқазы алқаларына таныстырасыздар, кейін апарып көрсетесіздер.
Диас: Ал, бастайық.
1. Татар ханшайымы
2. Түрік ханшайымы
3. Өзбек ханшайымы
4. Кәріс ханшайымы

Талант: Керемет, неткен ғажап дүниелер.
Диас: Мына бүгінгі сайысқа келіп отырған ханшайымдар тек майысып отырғанды ғана білеме десек, қолдарынан бәрі келеді екен ғой.
Талант: Қайдан, әлі бәрі де алда.
Диас: Қалай сонда? Өздерін таныстырды, тағамдарын жасап берді, білдімдеірн көрсетті, қолөнерлерін көрсетті, енді тағы не керек?
Талант: Талант керек?
Диас: сен бе? Сенің ханшайымдарға қандай қатысың бар?
Талант: Үйййй, мен өзімді емес талантты, яғни дарындылықты айтып тұрмын ғой.
Диас: әйй, айтпайысң ба енді дұрыстап? Олай болса, құрметті көрермендер, келесі кезеңге көшейік.
Алихан: Тағы да кеш жарық!
Бекжан: «Өнерлі ханшайымдар» сайысын бастауға рұқсат етіңіздер!
Алихан: Бірінші болып алдарыңызда өнер көрсететін Татарстаннан келген ханшайым.
Татар ханшайымы
Жігер: Тағы бір мәрте кеш жарық!
Мирас: Келесі болып алдырңызда мың бұралған бишіміз, түрік ханшайымын ортаға шақырамыз!
Түрік ханшайымы
Дарын: Добрый вечер!
Мәди: орысша амандасықаның не?
Дарын: қайтем енді, ана жігіттердің барлығы амандасып жатқаннан кейін, мен де амандасқаным ғой, қайта – қайта бір сөзді қайталай бергенше дегенім ғой...
Мәди: ааа, бір жағынан оның да дұрыс болыпты, олай болса келесі ханшайымды өз өнерімен ортаға шақырайық, өзбек ханшайымы.
Өзбек ханшайымы.
Диас: Нихауу
Талант: үй, не деп кеттің?
Диас: өзімше кәрісше амандасып жатқаным ғой, бағанадан бері кәрістердің қасында тұрып үйреніп алғаным.
Талант: аа, дұрыс – ақ. Керемет, олай босла ортаға кәріс ханшайымын шақырайық.
Кәріс ханшайымы.
Рүстем: Тағы бір мәрте кеш жары!
Бақытжан: Мінекей сайыстарымыз да өз мәресіне жетіп қалыпты!
Диас: Жоқ, әлі аяқталған жоқ
Тамирлан: Иә, дұрыс айтасың! Енді бір сайысымыз қалды.
Рүстем: Иә, мына сұлу да тапқыр ханшайымдарымыздың қасында жүріп, Бақытжан екеуіміз тіпті ұмытып та кетіппіз ғой ...
Бақытжан: оййй, әлі «Сән үлгісін» көрсетеді екен ғой ...
Диас: Олай болса, ортаға ханшайымдарымызды бір – бірден өз сән үлгілерін көрсетуге шақырамыз!
Тамирлан: Бірінші болып, Татарастаннан келген ханшайымызды қарсы аламыз!
Рүстем: Келесі кезекте, түрік ханшайымын қошеметпен қарсы аламыз!
Бақытжан: Ал енді, керемет өзбек ханшайымын қарсы аламыз!
Диас: Ең соңғы болса да, ештеңкемен де артта қалмаған кереметтей ханшайымымыз кәріс ұлтының ханшайымы, қарсы алыңыздар!
1. Татар ханшайымы
2. Түрік ханшайымы
3. Өзбек ханшайымы
4. Кәріс ханшайымы

Рүстем: Тамаша, ұлдар, пенді нақты бітті ғой?
Бақытжан: Иә, нақты бітті.
Тамирлан: Олай болса әділқазы алқалары өздерінің шешімдерін шығрғанға дейін 7 сыныптардың сіздерге деп арнаған өнерлерін қабыл алыңыздар!
Әділқазы алқалары шешімді шығарады, болғаннан кейін, жүргізушілер келіп грамотаны алады.
Рүстем: Олай болса, ортаға ханымыз бен уәзірлерін және осы сайысты орындатып отырған ханшайымды қарсы алайық!
Бақытжан: Қазақ тың осындай дүбірлі тойына келгендеріңізге көптен – көп рахмет!
Диас: Әрқашан да күліп – ойнап жүре беріңіздер.
Тамирлан: Қош – сау болыңыздар!
Грамоталар мен ортаға хан және ханшайым шығып, орындап, грамоталарды хабарлап, беріп тұрады.
Барлықтары бірге: «Ана туралы жыр» әнін орындау.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста