«Наурыз» мейрамындағы спорт жарыстарының мәртебесін өсірсек...

«Наурыз» мейрамындағы спорт жарыстарының мәртебесін өсірсек...

Ата-бабаларымыз ежелден ат жарыстырып, балуан белдестірмей той-томалақ өткізуші ме еді?! Тіпті ас берсе де ат шаптырып, балуандарын күрестіретін қазекем Ұлыстың ұлы күні Әз-Наурыз мейрамын спорт жарыстарымен және сайыстарымен әсерлендіріп жіберетін.
Ғасырлар бойы Наурыз мерекесіндегі ұлан-асыр тойда ата-бабаларымыз өз өнерлері мен күш-қуаттарын, шеберліктері мен ептіліктерін, мергендіктері мен шапшаңдықтарын паш етіп келген. Мереке күндері көңіл көтеруге жиналған қауым ат жарыстары мен балуандар белдесуінде қиқу салып, бір жасап қалатын болған. Тізе берсек, бір айға созылатын Наурыз мейра­мы кезінде өткізілетін спорттық жарыстар ұлан-асыр. Мысалы, мергендік шыңдаудың бір тармағы болып саналатын асық ойнау­ды қалайша спорт түріне жатқызбасқа?! Бүгінде тарихқа тереңнен үңіліп, соның бәрін саралай отыра, Наурыз мейрамын­дағы сол спорттық жарыстар мен сайыс­тарды «ежелдегі қазақтардың Олимпиа­дасы» десе де жарасатын сияқты. Ал қазір ше?
Қазір де Наурыз күндері алуан түрлі жарыстар өткізіледі. Еліміздің үлкенді-кішілі қалаларында да, шалғайдағы ауыл-аймақтарында да неше түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылады. Балуандар күресіп, сом білекті жігіттер қол тірестіріп, арқан да тартысады. Ат жарыспен қоса, жаяу жарыс та өткізіледі. Бұрындары қыз қуу, теңге алу, жамбы ату, көкпар тарту сияқты ұлттық ойындарымыз нақышына келтіріліп ұйымдастырылатын болса, қазір «елу жылда – ел жаңа» дегендей, әуедоп пен аяқдоп додалары да өткізіліп келеді. Ауылдық, аудандық, облыстық, республи­калық, тіпті халықаралық жарыстар өткізілуде. Мысалы, футболдан еліміздің оңтүстік өңірінде жыл сайын халықаралық «Наурыз» турнирі өткізіліп келеді. Төл өнеріміз қазақ күресі мен басқа да ұлттық ойындарымыз бойынша әртүрлі деңгейде «Наурыз» турнирі ұйымдастырылып жүр. Тоғызқұмалақ секілді ақыл-ой сайысы тағы бар. Бұл тұрғыда қазір көбінесе шах­мат пен дойбы майталмандары сайысқа түсіп жүр.
Бәрі де жақсы, бәрі де тамаша. Тек осы­лардың бәрінің басын біріктіріп, бағдар­ламасына бірнеше спорт түрі жарыстары (додалары) кіретін «Наурыз ойындары» деген сияқты дүбірлі дода өткізсек, қалай болар еді. Немесе халықаралық деңгейде өткізіліп жүрген турнирлердің мәртебесін өсіріп, солардың мән-мазмұнын, маңызын арттыра түссек. Бұл тұрғыда татардың «Сабантойын» еске алайықшы. Орыстар да қыс айларында бірнеше спорт түрінен «Русская зима» деген жарыстарын өткізіп жүр. Бұларды көпшілік біледі. Әлемнің көп елдері осы додаларға барып қатысады. Біз­ге тек қолда барды қадірлеп, Наурыз мейрамы кезінде ұйымдастырылатын жарыстар мен сайыстардың мәртебесін өсіру ғана қажет. Бүкіл ел білетіндей етіп дәрежесін өсірсек. Тек түркі елдері ғана ке­ліп қатысса да, жыл сайын өткізіліп жатқан спорттық шаралардың маңыздылығын арттыру керек сияқты. Бәрібір жыл сайын қалалық, облыстық дене тәрбиесі және спорт басқармалары Наурызға дайында­лып, сабылады. Олардың сол еңбектерінің де дәрежесін жоғарылататын кез келген­дей. Осылай қазақтың ежелден спортты серік еткен жауынгер халық екендігін паш ету керек сияқты. Осылай Наурыз мей­рамы­ның ықылым заманнан бері спортпен егіз екендігін көрсеткен ләзім. Әйтпесе, біз көктем сайын өткізіп жүрген істерімізді ла­йық­ты деңгейде паш ете алмай келе жат­қандаймыз. Жоғары дең­гей­де насихаталып жүр деп те айта алмай­мыз.
Байыптап қарасақ, той-томалақтарын ежелден осындай спорттық сайыстармен тұздықтап жүрген елдер аса көп емес те сияқты. Батыстың алпауыт елдері болсын, басқа болсын, негізінен, өздерінің той-томалақтарында би кештерімен ғана шек­те­мей ме? Ал қазақ жоғарыда айтқанымыз­дай, ең аяғы ас берсе де, ат шаптырып, балуан күрестіретін. Барымызды көрсетіп, өзіміз жылда атқарып жүрген істің саяси салмағын түйіндей түсу керек сияқты.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста