«Правданың» тұңғыш тілшісі болған қазақ

«Правданың» тұңғыш тілшісі болған қазақ

Сонау ХХ ғасырдың басында Ресейде жарық көрген үлкен басылымға Алаш баласы арасынан алғаш болып орыс тілінде мақала жазып, қазақтың мұң-мұқтажын жеткізген Жұбандық Болғанбаев туралы бүгінгі жұрт не біледі?
Қазақ Совет энциклопедиясында (1973 жыл, 2-том, 393-бет) Ж.Болғанбаев туралы мынадай дерек берілген:
«Болғанбаев Жұбандық «Правданың» Семей облысындағы тілшісі, 1874 жылы Көкпекті екі кластық орыс-қырғыз мектебін бітірді. Кейін гимназияда оқыды. 1912-1913 жылдары қазақ ауылынан алынған фак­тілер негізінде «Правда» газетінде ма­қа­лалары жарияланды («Қазақ дала­сында», «Деревня тұрмысы», т.б). 1917 жылдан бастап жергілікті жерде Совет Үкі­ме­тін орнатуға және Құлынжүн болысында партия ұяларын ұйымдастыруға қатысты. 1921-1922 жылдары Бұқтырма уезінде ха­лық соты болды, 1923 жылдан коопе­ра­ция орындарында қызмет атқарды».
Жұрттың Жұбандық Болғанбаев тура­лы негізінен білетін бар дерегі – осы. Тұлға туралы әрегідік сөз болғанда «Правданың» тілшісі болған тұңғыш қазақ қой» дейді де қояды. Шын мәнінде, Жұбандық Болған­ба­ев «Правданың» Семейдегі тілшісі бо­лып, қа­зақ ауылдарындағы, жалпы, сол кез­дегі ел­дің жағдайын жазып қана қойған жоқ, ха­лық соты болып, әр жерде қызмет ат­қа­рып, қарапайым жұртқа қамқорлық таны­тып, ақ адал еңбегінің ақысын қай­та­руға кө­мектесті.
Бұл сөзімізге тарих ғылымының док­торы Задаш Дүкенбаеваның «Қазақтың шығармашылық интеллигенциясының тарихы» атты ғылыми зерттеуіндегі:
«Өскемен уезінің тумасы Жұбандық Болғанбаев өз заманының алдыңғы қатар­лы оқыған азаматы, орыс тілін жетік мең­гер­ген ол Ресей әкімшілігі алдында қазақ­тың жоғын жоқтаушысы болды. 1884 жыл­дан бастап Өскемен қалалық сотының қызметін атқара жүріп, қазақтардың дау-дамайын әділетті түрде шешуге күш салды» деген тұжырым дәлел бола алады.
Білуімізше, Жұбандық Болғанбаев за­ма­нында орыс тілінде жарық көретін «Прав­да» газетіне ғана емес, «Дала уалая­ты» газетіне де арагідік жазып, автор­лық бай­ланыс жасап тұрған секілді. Және осы ба­сылымға мақала жазғаны үшін қу­ғын көр­гені туралы да айтылады. Бұл тура­лы белгілі ғалым, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік универси­те­тінің про­фессоры Зарқын Тайшыбай өзі­нің «Қа­зақ баспасөзінің қарлығаштары» ат­ты ма­қа­ласында жазады. Үзінді кел­тіре­лік.
«Бертін келе «Дала уалаяты» бетінде мемлекеттік саясаттың түбегейлі мәселе­лерін қозғайтын, отаршылдыққа қарсы ба­ғытталған мақалалар мен хаттар көбейе берді. Цензура мұны байқап қалды, тос­қа­уыл қойып отырды. Тіпті кейбір материал­дар қысқарып, «ақ жолдар» да кездесті. Де­мек, цензураның қиып тастағаны екені көрініп тұр. Оның үстіне редаќцияның өзі «цен­зураның қысқартқаны» деп сілтеме беруден тайынбады. Журналистер еркін ойы үшін қуғындалды. Отар елдің ұлттық санасы оянуынан сескенген патша әкімдері газеттің өресін тарылта түсті. «Дала уалая­ты» бірте-бірте солып, көркінен айырыла бас­тайды. Көбіне шаруашылық, жарнама басылымға ұқсай береді. Сөйтіп келіп, 1902 жылдың сәуірінде «Дала уалаяты» ауыл шаруашылығы газетіне айналатыны және онда көбіне шаруашылық және кәсіпкерлік жайы хабарланатыны әйгілен­ді. Мұны шын мәніндегі «Дала уалаятының» тынысы тоқтағаны деп білеміз. Ал енді та­ратылған редакцияның журналистері не болды? Мысалы, Рақымжан Дүйсембаев, Отыншы Әлжанов, Жұбандық Болғамбаев соңынан «құпия бақылау» қойылды. Олар саяси сенімнен айырылды» деп жазады ғалым өзінің мақаласында. Бұл – біз біле­тін там-тұмдаған деректің бір парасы ғана. Келешекте ғалымдар Жұбандық Болған­баев шығармашылығын тереңірек зерт­тейтін болса, әлі де талай тың деректер ашы­лар деген сенімдеміз.
Өз заманында ұлты үшін аянбай еңбек етіп, бар білімі мен білігін халқының игілі­гіне сарқа жұмсаған тұлға туралы айтылар үлкен сөз, берілер баға алдағы күннің ен­шісінде деп білеміз. Өйткені 1992 жылы Көкпекті ауданының Самар ауылындағы орта мектепке қайраткердің есімі берілгені болмаса, облыс немесе республика деңге­йінде тұлғаны ел есінде қалдырарлықтай іс-шаралар әлі қолға алынған жоқ. Құзыр­лы мекемелер келешекте қазақтың мүдде­сін, ұлттың жанайқайын орыс тілінде жет­кі­зіп жүрген журналистерге Жұбандық Бол­ған­баев атындағы сыйлықты тағайын­да­са, кезінде Алаш жұрты үшін жан аямай еңбек еткен тұлға есімінің ел есінде қалары анық.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста