Жалаңаш суретке түскен қазақ қызы: Сен - өзің сатып жүрген өнімсің

Жалаңаш суретке түскен қазақ қызы: Сен - өзің сатып жүрген өнімсің

the-steppe.com сайтында «Жалаңаш (НЮ) суретке түсу – фотогрофпен жатады деген сөз емес»,- Канада елінде тұратын қазақ қызы. 18+» деген орыс тіліндегі материал шыққан болатын. Шетелдегі қазақ қызы сұхбатында Қазақстан жайлы, Қазақстан менталитеті жайлы ашық, ерекше ой білдіргенін ескере отырып қазақ тіліне аударып, оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік.

Молли Фассбендер: Торонто қаласындағы модельдің карьерасы, слатшейминг және эмиграция Мен үнемі сәнгер (модель) немесе актриса болғым келетін. Мүмкін, кез-келген қыз осыны армандайтын шығар. Маған: «Молли, сен сондай арықсың, бойың ұзын! Көрде тұр өскенде модель боласың!» - дейтін. Маған бала кезімде суретке түсу деген оңай шаруа болып көрінетін. Тұра қалдың, суретке түсірді, болды. Сен тамашасың, бәрі сені жақсы көреді. Кім білген, суретке түсудің де осынша машақаты болатынын. Агенттікпен жұмыс істеген кезде сен күнде фотосуреттегідей болып жүруің керек. Мысалы, көк түсті шаштарың түбіне дейін мінсіз көк болу керек. Егер агентің жоқ болса онда өзіңді-өзің өсіресің: маркетингтік стратегия құрасың, портфолиаңды жаңғыртып отырасың, фотографтармен келісесің, дұрыс адамдармен араласасың және дұрыс жерлерге ғана барасың. Сен – өзің сатып жүрген өнімсің. Өзіңе макияж жасай білуің керек, шашыңды ретке келтіре алуың керек, фототүсірілім жолдарын ойластыруың керек, сондай-ақ, өте көп жарасымды киімдерің болу керек. Суретке әдемі тұрып, әдемі түсу тәжірибе арқылы келеді. Мен өзім де құрбыларымды бірнеше рет суретке түсіргем. Барлығының фотоға түсу өнері бірдей. Сенің суретке түсіргеніңді күтіп тұрады. Одан қала берсе фотоаппараттың шертпесін баса қалған соң болды, сұрайтындары: «Енді қалай болды?». Адамдар суретке түсіруші солар үшін бәрін жасайды деп күтеді. Сол себепті, мен Self-Study автопортретімнің топтамасын бастадым. Өзімді сырттан көргім келді. Қай бұрыштан тұрып түссем қалай көрінетінімді түсінгім келді. Суретке түсіріп жатқан кезде не боп жатқанын түсінбейсің. Ал, бұл тәсілмен жағдайды түгел бақылай аламын. ЖАҢА ЖЕР Канадаға алғаш рет тіл курсына 15 жыл бұрын келген болатынмын. Бисексуалка болып жүріп бір күні гей-парадқа тап болдым және бұл «Тамаша!» екен деген шешімге келдім. Мен күнде қаланы қыдыратынмын және өзімді еркін сезінетінмін. Себебі, ешкімнің менде жұмысы болмайтын, өзіммен-өзім болдым. Канада да кім болып, қалай жүрем десең де өз еркің. Ең бастысы ешкімге зияның тимеу керек. Канада еліне 2013 жылы Seneca колледжінде оқу үшін келдім. Алғашында журналистика бағдарламасында болдым, кейін халықаралық бизнеске ауыстым. Себебі, осылай диплом мен жұмыс бабындағы визаны алу оңай еді. Ата-анам оқу ақысымен пәтердің жалға беретін ақысын төлеп отырды (800$). Айына күнделікті қажеттіліктерім үшін 1000 $ алып отырдым. Жұмыс тапқаннан кейін пәтердің ақысын өзім төледім. Алғашқы 3 раушан гүлді татуировкамды келген жылы жасаттым. Анам екеуміздің есіміміз - раушан «Мария бикештің гүлдері» - деген мағына береді. Денеме үш раушан гүлін салған себебім, мені үш әйел тәрбиеледі. Олар әжем, апам және анам. Алғашқы татуировкамнан кейін мен тағы да денеме сурет салдырғым келетінін түсіндім. Оның ақшасын төлеу үшін қалаға шығып қыдыруды қойдым, тамақ ішпедім, киім сатып алмадым. Мен денеме сурет салдыру үшін 300 доллардан қалдырып отырдым.

АЛҒАШҚЫ ТҮСІРІЛІМ Сәуір айының 2015 жылы маған фотограф Ewan Phelan жазды. Оны көптен бері инстаграм желісінен бақылап жүргем. Ол маған өзінің портфолиосы үшін суретке түсуімді ұсынды. Мен жалғыз Лондонға келдім (Онтарио қаласына). Өзім танымайтын адамның алдында жалаңаш суретке түсу үшін. Қатты қорқтым. Бірақ, ол өзін нағыз кәсіпқой маман ретінде ұстады, сөйтіп мен оған сендім. Ол мені отырғызып қойып кез келген әйел өзін жеңсікқұмар (сексуальный) сезінуі керек деді. Өзінің көптеген клиенттерінің жасы 45-те екенін айтты. Ол әр түрлі бағыттағы суреттерді түсірген (будуар-түсірілім, гомосексуалдар, альтернативті моделдер). Ол жайлы Huffington Post және Cosmopolitan журналдары жазған. Әдетте мұндай түсірілімдер 1200 доллар тұрады. Бірақ, мен үшін тегін болды. Мен 75 түрлі-түсті, ақ-қара түсті және high resolution суреттерін алдым. Ол суреттер Missy Ink журналында шықты. Сол кезде мен фотографтар сәнгерлерге рұқсатсыз тиіспейтінін түсіндім. Керек десеңіз бетіңе түскен шашты алып тастау үшін де рұқсат сұрайды. Бүткіл түсірілім бойынша ол маған қалай тұру керек, қалай еңкею керек, қашан иығымды артқа көтеру керек дегендерді айтумен болды. Ал,келесі күні мен мүлде жүре алмай қалдым, өне-бойымның бәрі ауырып тұрды, бірақ, осы тәжірибенің арқасында мен түсірілім кезінде өзімді қалай ұстау керек екенін түсіндім. ТӘН ЖАЙЛЫ Маған тәнімді көрсетуге ешкім рұқсат бермейтін. Жеті жасымда өгей әкемнің алдында жеңіл жейдешең және іш киіммен жүргенім үшін мені орамалмен қатты ұрған. Содан гармонды бұзылулардан кейін толып кеттім. Кейін тіпті шомылу киімін де кимеуге тырыстым. FLEX бойынша АҚШ-қа барғанымда eating disorder (ас қабылдаудың бұзылуы) деген күйзеліс диагнозын қойып берді. Сосын, Қазақстанға келіп брекет салдырттым, содан, бір ай бойы ештеңе жемедім. Тек уақыт өте дұрыс тамақтана бастадым және өз-өзімді тыңдай бастадым. Self-Study үшін суретке түсіп жүргенімде өзімді ешқандай фотошопсыз зерттегім келді. Кейде ішіңді тартып тұрып суретке түсесің, ішіңнен әдемі түсіп жатқан сияқты сезінесің, ал шын мәнісінде бәрі керісінше. Мен терімді созып, ішімді шығарып та суретке түсіп көрдім. (өз-өзіме семіз сияқты көрінетінмін, жылап түсірілімді кейінге қалдыратынмын, ал суреттерде ештеңе білінбейді, тек аздап қана болмаса). Сол кездері менің ойымша менде body dysmorphic disorder (дисморфофобия) болған сияқты. Self-study мені өз-өзіме сенімді, бодипозитивті қылды. Әрине, маған лайкты тың ойларым үшін қоймайтын, оны жалаңаш денем мен арықтығым үшін қоятын. Менің жазылушыларым 3 топқа бөлінді: біріншілері мені модель ретінде бағаласа, екіншілеріне денеме салдыртқан суреттерім ұнайтын, ал үшіншілері арықтығымды бағалайтын.

Осы жазда тұрмысқа шықтым. Содан бері жалаңаш суретке түскім келмейді. Рұқсат бермегендіктен емес ,жәй ыңғайсыз. Мен енді біреулерге ұнаудан рахаттанбаймын. Басында мұның бәрі өз-өзімді таныту болатын. Жалпы жолдасыммен кездескенде менің көзім ашылды. Мені тек бар болмысыммен де сүюге болатынын түсіндім. Және де бір қуантатыны мені жолдасым инстаграмымды көрмей тұрып ұнатып қалған. ҰЯТ БОЛАДЫ Менің денеме салынған суреттер саны өте көп. Бірақ, мен оларды анамнан жасырып жүрдім. Ақпан айының 2016 жылы оған шындықты айтуға бел будым, себебі мен оны жақсы көрем және екеуміздің арамызда құпия болғанын қаламадым. Біз скайп арқылы хабарласып тұрдық. Мен денеме суреттерді оған ерегескеннен, оның қарсылығына қарамастан салдырмағанымды түсіндірдім. Керісінше өзім үшін істегенімді және қалай болса да мен бәрібір денемнің барлық жеріне тату салдыртатынымды айттым. Анам телефонды тастай салды. Маған ызаға толы үш хат жіберді, сөйтіп, алты ай сөйлеспедік. Әжем мен атам бұл жайлы білетін болып шықты. Маған: «Біз мұныңды қоштамаймыз, бірақ сені бәрі бір жақсы көреміз»,-деді. Шын мәнісінде бар мәселе денеме салдырған сурет пен фотосуреттерімде емес еді. Ата-анам ел-жұрттың сөзінен қорқты. Менің суреттерім оның жұмысына кедергі бола ма деп үрейленді. Достарының көзқарасынан да қорқты. Менің ойымша отбасым маған дұрыс тәрбие бермеді деген кінәлаудан да қорққан сияқты. Бірақ, айтайын дегенім адамдар ақымақ, егер ата–анамды менің сырт келбетіме бола кінәлайтын болса. АҚША МЕН ҚҰНДЫЛЫҚ Менде көптеген ақылы келісім-шарт бойынша істейтін бір реттік(гиг) жұмыстарым болды. Ең көп төленген фототүсірілім – 1,5 сағатқа 300 доллар еді. Ең қызықты гиг түсірілімім Untitled and Co брендына түсірілген видеолар еді. Тағы бірнеше жарнамалар да болды. Төлім фототүсірілімнің түріне қарай беріледі: жалаңаш түскенім үшін мен сағатына 150 доллар алам, ал киіммен түсетін қыздар бұл уақытта 50 доллардан алады. Ең қомақты қаржыны фотографтарға арналған воркшоптан алдым. Сегіз сағат жұмыс істейсің, жарты сағат үзіліс, барлығына 650 доллар алдым. Жеке портфолиаңды мұндай түсірілімнен жасай алмайсың. Онда көбіне тәжірибесіз фотографтар келеді, сенің айналаңда камерамен сағаттап жүгіріп жүреді, ал, сол түсірілген суреттерді сен ешқашан көрмеуің де мүмкін. Саған ақша төленіп жатқанда сенің ешқандай суретке құқың жоқ. Соңғы кездері мен агентіммен көп жұмыс істеп жүрген жоқпын. Оның тапқандарының бәрі не жалаңаш суретке түсу, не болмаса біреумен камера алдында құшақтасып тұру. Индустрия әлемінде барлық ақылы келісім-шарттар үлкен көкіректі моделдерге беріліп жатады. Оларды еркектерге көрсету үшін шығарады. Бұл мен үшін емес: егер мен жалаңаш болсам, маған қолдарын тигізгендерін қаламаймын. Мен маған қарау үшін жалаңашпын. Міне, мен әдемімін, маған қара. Мұражайда жүргенде сіздер суретті қолдарыңызбен ұстап көрмейсіздер ғой. Егер сен маған эстетикалық ләззат алу үшін қарасаң, онда ол басқа әңгіме. Ал, көпшіліктің қоздырушы қаруы болу, ол менің жұмысым емес, кешіріңіз. Жүз мыңдаған жазылушысы бар көптеген фотографтар дәрежелерін қолданады. Біреулері болады бәрімен суретке түсіреді, бірақ ол онымен төсектес болмасаң ешқашан түскен суреттеріңді бермейді. Маған бұл туралы екі қыз айтты. Түсірілім кезінде менде де сондай бір суретке түсіруші болды. Ол: «О, не деген тамаша едің, маған үзіліс керек» деді. Мен оның маған тиіспейтінін білдім. Бірақ, бәрі-бір өзімді жайсыз сезіндім, тезірек сол жерден кетіп қалғым келді. Торонто қаласында қазір пластикалық оталар өте әйгілі. Әрине, бұл әркімнің өзінің жеке мәселесі, бірақ, өкініштісі біркүні әртүрліліктен айырылып қаламыз ба деп қорқам. Мінсіз біреу және оның көптеген көшірмелері болады. Егер бұдан әрі мен тағы да көптеген жалаңаш суреттерімді жүктеген болсам, онда төсімді жасатар едім, кірпіктерімді, шашымды өсірер едім, мұрнымды кішірейтер едім, хирургтармен кезлісіп жағымды сүйірлейтін едім, менің жазылушыларымның саны да ақылы түсірілімдерімде көбейер еді. Бірақ, ол кезде ол мен болмаймын. БОЛАШАҚ ЖАЙЛЫ Торонтода модель бизнесімен өмір бақи айналысу мүмкін емес. Жақсы ақша төлейтін фотографтар өте аз. Сәті түсіп қалса оншақтысын табарсың. Бірақ, ай сайын саған тапсырыс бере бермейді. Моделді бизнесте альтернативті модел болып H&M сияқты брендтермен жұмыс істемесең көп ақша табу мүмкін емес. Сондай-ақ, кадрда қынап мүшелерің көрінгенін қаламасаң (мысалы Suicide Girls фототүсірілімдеріне тән суреттер) қомақты ақша табу қиын. Мен әлі де моделді индустрияда жұмыс істеуге дайынмын. Бірақ, менің өз шарттарым бар. Мұнымен қоса мен фастфуд өнімдерімен, сұлулық салонында және де кітаптармен де, яғни қызмет көрсету салаларында да жұмыс істегем. Негізгі арманым сурет салуды жалғастыру,болмаса әшекейлеуші болу, не денеге сурет салушы болу. Мен бала кезімнен сурет салуды ұнатам. Және онымен күнде айналысам. СЛАТШЕЙМИНГ ЖАЙЛЫ Бала кезімде менің шашым ұзын болатын. Маған шашымды жайып жүрген үшін айғайлап ұрсатын. Сол үшін ұяты жоқ, бетімен кеткен тәртіпсіз дейтін. Бесінші сыныптан бастап бояна бастадым. Мектеп дәретханасында кірпігімді бояитынмын. Менің сынып жетекшім сыныптағы қыздардың ата-аналарына хабарласып мені жезөкше деген болатын. Оның сөзінше ешқандай жігіт менен құр қалмайды екен. Оларға менімен араласпауға кеңес берген екен. Сондағы бар кінәм кірпіктерімді бояғаным. Айтуынша тым көзге түсетіндей көрінеді екем. Осының бәрін сыныптас құрбым айтып берді. Ал, мен анама айттым. Анам мектепке барып бір шулатып кетті. Кейін шашымды жол-жол қылып әр-түрлі түске боядым. Сол үшін де жезөкше атандым. Бір күні жолаушылар көлігінде мені бір зейнеткер көк түсті шашым үшін солай деген болатын. Көбінесе жағымсыз пікірлерді орыстілді адамдардан естідім. Тек орыстілді жазылушыларым ғана : «Иә, сен семізсің! Несіне мұндай киім кидің?! Не деген сүйкімсіз татуйровкалар»-деп жазады. Бұл жерде ешкім сенің жұмысың, денең, жалпы сен жайлы жазбайды. Мүмкін коммунистік тәртіптен қалып кеткен тәрбие шығар. Оларша бәрі бірдей болуы керек, бәрі бір деңгейде қалуы керек. Күзетшісі жоқ тозақ жайлы анекдоттағыдай болып тұр ғой. Біреуі шығып кетейін десе, басқалары қайта артқа қарай кіргізіп алады. Дәстүр дәстүрімен, бірақ біз басқа мәдениет жайлы бір нәрсе білуге де талпынбаймыз. Осы мінезіміз арқылы өзімізді өзіміз артқа сүйрейміз. Слатшейминг деген – КСРО елінде жоқ дін мен жыныстық қатынастың (секс) түйісуі. Қазақстанда егер сен жалаңаш-модель болсаң, демек суретке түсірушімен жыныстық қатынаста болады деп ойлайды. Шындығында ондай модельдер де бар. Бірақ, ол көп тараған тәжірибелердің бірі емес. Жәй ғана өз-өзіңе мықты болуың керек. Ондай кадрларға жақындамау керек. ҰЖЫМШЫЛДЫҚ, ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ВАКУУМ ЖАЙЛЫ Біз ұжымшылмыз. Өзімізді отбасы, жұмыс, мектеп деген топқа жатқызғанды жақсы көреміз. Мұндағылардың бәрі дарашылдар. Олар алдымен өз-өзін танып-білуге ұмтылады, тек содан кейін басқаларға уақыт бөледі. Мен өзімді Қазақстанға қарағанда Торонтода қауіпсіз сезінемін. Қазақстанның 8/1 бөлігін ғана құрайтын қалада мен соншалықты қорықпаймын. Бір нәрсе бола қалса ары-бері өткен кісілерден көмек сұрасаң міндетті түрде көмектеседі. Егер халық ызалана бастаса, мемлекеттік органдар жұмыс істей бастайды. Қазақстанда халық ереуілге шыға бастаса ешкім саусағының ұшын да жыбырлатпайды. Қазақстанда мынандай қызық әңгіме бар: «Қай-қайдағыны шығара береді екенсің, басқалардың қолынан келмейтіндей сен не істей аласың?»,- деген. Ешкім саған сенбейді. Ал, мұнда керісінше идеялар талқыланады. Сен кім болам десең де өз еркің. Бастысы жұмыс істе, сол кезде бар еңбегің ақталады. Бұл шындық. Ерінбей еңбек етсең, өзіңді еңбекқор адам ретінде көрсетіп және оқуға дайын екеніңді білдірсең – олар саған көмек қолын созады. Көбінесе мен қиын кездері қолдауды танымайтын адамдардан көрдім. Меніңше, Қазақстанның басты мәселелерінің бірі – ақпараттық вакуум. Мысалы, Шымкент қаласында контроцепция дегеннің не екенін білмейтін адамдар әлі бар. Мені күйзеліске ұшырап ауруханаға жатқызғанда анам маған қатты ренжіп хат жазған болатын. Онда менен көңілі қалғанын, рахметі жоқ бала екенімді жазған. Бізде адамдарды психикалық бұзылу дегеніміз – Ми құрайтын химиялық үйлесімсіздік екендігіне үйретпейді. Мен кейде қазақстандық ақпараттарды қарап отырып таң қалам. Мен дамуға қарсы тұратын адамдардың ортасына келе алмас едім. Жалғыздың шаңы шықпас демей ме. Егер мен «Мектептерге сексуалды білім жүйесін енгізу керек!»,- деп сөз сөйлеп шықсам, мені «Бұл жерден көзіңді құрт, бұзылған неме!»,- деп айтар еді. Міне, сол себепті, мен елден кетіп қалдым. Ешкімнің ызасын келтірмеу үшін. Қазір тыныш қана қалаған өмірімді сүріп жатырмын.. Мен қолымнан келгенше Қазақстан жайлы айтып жүрем. Тамаша мәдениетіміз, әдемі қалаларымыз жайлы, бірақ, кейде дені сау емес адамдар жайлы да айтуға тура келеді. Әрбірден соң, арқамдағы барыстың суретін бекерге салдырған жоқпын. Ол мен үшін тотемді аңым сияқты. Мен үшін Қазақстан – туып-өскен алыстағы үйім. Бірақ, мен онда барғым келмейді.

qamshy.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста