Сотталған басшы енді өмір бойы мемлекеттік қызметте басшы бола алмайды

Сотталған басшы енді өмір бойы мемлекеттік қызметте басшы бола алмайды

Ақтөбедегі мектептерді аттестациядан өткізу үшін 1,5 миллион теңге пара алған басшы Әкімгерей Көшербаев пен оған пара алуға көмектескен жұбайы Сағадат Сырбаеваға қатысты сот үкімі шықты. Бұрынғы басшы Ә. Көшербаев үш жылға, ал жұбайы С.Сырбаева бір жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

Ә. Көшербаев енді өмір бойы мемлекеттік қызметте басшы бола алмайды. Ал, С. Сырғабаева жергілікті атқарушы орган белгілеп берген жерде 60 сағат жұмыс істеуі тиіс.

«Сотталушы Әкімгерей Көшербаев Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабы бойынша айыпты деп танылып, үш жылға бос бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Оның бар мүлкі тәркіленсін. Сонымен қатар, өмір бойы мемлекеттік қызметте, мекемелерде басшы болу құқығынан айырылды. Ол жазасын жаплы режимдегі түзеу колониясында өтейді. Оның жұбайы «Алаяқтық» бабы бойынша айыпты деп танылып, бір жылға бас бостандығынан айырылсын. Мүлкі тәркіленіп, жергілікті атқарушы органдардың нұсқауымен мәжбүрлі түрде 60 сағат жұмысқа жіберілсін», – дейді №2 қалалық соттың судьясы Теміржан Алданов.

Айта кетейік, облыстық білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Ә.Көшербаев пен оның жұбайы Сағадат Сырбаева Шалқар, Қарғалы аудандары мен қаладағы бірнеше мектепті аттестациядан өткізу кезінде 150-500 мың теңге аралығында пара алған.

«Сотталушы Әкімгерей Көшербаев Шалқар ауданының Қауылжар ауылына барып, мектепті тексереді. Сол кезде жұмыс істеген жәбірленуші Ботагөз Әбдіғалиева Көшербаевтың таныстары арқылы оған 150 мың теңге пара берген. Ал, Қарғалы ауданының Қосестек орта мектебін мемлекеттік аттестациядан өткізу үшін 500 мың теңге пара алды. Сонымен қатар, Ақтөбе қаласындағы №18 орта мектепті аттестациядан өткізу үшін жұбайы Сағадат Сырбаева арқылы 500 мың теңге пара алды деген айып тағылды», –– дейді мемлекеттік айыптаушы Жанар Қабдышева.
Сотталған азамат күні бүгінге дейін үйқамақта отырған еді. Сот үкімінен соң оның қолына кісен салынып, бірден түзеу колониясына жіберілді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Үкім шығар кезде сотталушы Әкімгерей Көшербаев пен Сағадат Сырбаеваның үш баласы бар екені ескерілді. Оның біреуі кәмелет жасқа толмаған. Оларға тұрмыста да, жұмыста да жақсы мінездеме берілді.
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста