Қазақстанда гейлер қалай пайда болып жатыр

Қазақстанда гейлер қалай пайда болып жатыр

Елімізде отбасын құрған жас жұптардың көбі бір жыл өтпей ажырасып жатыр. Статистика агенттігінің мәліметіне сүйенсек, Қазақстанда үшінші жыл қатарынан некелер саны азайып, жеті жылдан бері ажырасу саны көбейіп келеді. Статистика комитетінің мәліметіне сүйенсек, 2013 жылы – 168 417 неке, 2014 жылы – 159 328 неке, 2015 жылы 148 769 неке қиылған. Ал ажырасу саны 2014 жылы - 52 673 болса, 2015 жылы - 53 293-ке жеткен. Жанұяны сақтай алмаймыз дейтіндердің басым бөлігі Кереку облысында тұрады, мұнда 100 отбасына шаққанда 61ажырасу тіркелген екен. Шаңырағы шайқалған отбасындағы балалардың жағдайы қандай болмақ? Ажырасқанда олар баланың кімде қалатындығы, қайда, қандай тәрбие алатындығы, оның болашағы, алаңдатпайды. Соның кесірінен талай бала әке-шешесіз өсіп, ер жетуде.
Қазіргі таңда жасыратын түгі жоқ, ұлдардың арасында «мамасының баласы» көп. Әке көрмеген ұл болаттай берік емес, қыздай ұяң, майысқақ, жылауық болып өсуде. Шешесінің етегіне жабысып, күндіз-түні әйелдің тәрбиесін көрген балада ер-азаматқа тән қасиеттер сонау түкпірге тығылып, жасырына беретін көрінеді. Содан балаға өз анасы идеал болады. Қыздарда да солай. Әкесіз өскен қыз балада ер-азаматқа деген жек көрушілік сезім пайда болуы мүмкін. Бұлар бойжетіп тұрмыс құрған соң өз отбасындағы кикілжіңдердің де астары көбінесе осыдан шықса керек. Обалы нешік, қазақтың «әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» дейтін философиясы бүгінде өзінің шындығын дәлелдеп-ақ келеді.
Бұл аздай соңғы жылдары «қызтеке» атанып, гейге аналып жатқан күнәһарлардың саны өсуде. Осы секілді бірқатар мысалдардың түпкі себебін "жалғызбасты ананың тәрбиесін көргендіктен" деп санайды психологтар.
Жақында Кереку қаласындағы № 10 мектеп лицейі мен №25 мектеп оқушыларының арасында болған жантүршігерлік оқиға ата-аналар мен ұстаздардың жағасын ұстатты. Мән-жайды толығырақ білу үшін мектеп психологы және инспекторымен кездестік. Мардымды жауап ала алмадық. Мектеп басшылары болған оқиғаны жасырып бақты.
Дегенмен, суыртпақтап жүріп білгеніміз мынау: 10-мектепте оқитын қызды 25-мектепе оқитын ұл пышақтап, ауыр жарақаттаған. Бұған себеп - қыз бен жігіттің арасында қызғаныш тудырған баянсыз махаббат көрінеді. Куәгерлердің айтуынша, бұрын екеуі бір мектепте оқып, бір партада отырған.
Ал, енді бұған кім кінәлі? Жетесіз бала ма? Ұрпағының ұятын ұмытқан ата-ана ма? Әлде, тағы да бар кінә қоғамда ма?
Жоқ, әрине, Әркім кінәлі алдымен өзінмен іздеп, қандай қиындық болса да отбасын сақтап қалуға тырысуы керек. Біздіңше, дұрысы осы.
 shyn.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста