Өнер академиясындағылар Мұхамедиұлын айыптаған бұрынғы студент жайлы айтып берді

Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясындағылар министр Арыстанбек Мұхамедиұлын айыптаған бұрынғы студент жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Актерлік шеберлік курсының мұғалімі Гүлнар Аманжанованың айтуынша, студент Еңлік Сыдықова шын мәнінде осы жоғары оқу орнында оқып, актерлік шеберлік курсын 2015 жылы тәмамдапты.

"Ол жақсы оқыды деп айта алмаймын, себебі сабақтан көп қалатын. Бірақ оған жеңілдіктер жасадық, себебі бойында өнері болатын, оған мүмкіндік бердік. Оның мүмкіндігі бар, бірақ сол қасиеттерін ашпады, себебі оқымайтын. Мұны естіген менің өзім таңғалып отырмын. Мұндай дүниені біржақты айту оңай болып көрінген сияқты... Егер шын мәнінде осындай жағдай болса, дәлелі болуы керек. Ал оның істеп отырғаны балалық сияқты. Еңлік шығармашылықтың адамы, шығармашылықпен айналысқаны дұрысырақ", - деп есептейді Гүлнар Аманжанова.

Қыздың Мұхамедиұлын бөтен ойға тартты деп айыптауын мұғалімі ақылға қонымсыз әрі дәлелсіз деп есептейді. "Ол Болат Атабаевтың курсында оқыған. Бұл курсты Болат Атабаевтың жеке-жеке таңдап алғанын да жақсы білемін, сол таңдағандарының ішінде осы қыз да болған. Ол өте қатаң, ұстанымы берік адам, ол әлдебіреулердің, тіпті ректордың ұсынысы болса да, оған жол бермейді. Атабаевқа қыздың түр-кескіні мен дарыны ұнаған болуы керек. Қыздың дарыны бар деп айта аламын. Бізге оқуға түсіп, тәмамдап шықты", - деді Аманжанова.

Қыз "Музыка театрының актрисасы" мамандығы бойынша оқыған. Оқытушысының айтуынша, қыз көп сөлемейтін, оқуын бітірген соң туған қаласы Қызылордаға кетіп қалған.
Еске салайық, осыған дейін Интернетте Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі сол кезде осы оқу орнының ректоры болған Арыстанбек Мұхамедиұлын бөтен ойға тартты деп айыптаған болатын.

Ал ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қысым көрсетті деген қыздың айыптауына жауап берген еді. Министр мұндай арандатушылық видеоүндеудің пайда болуын режиссер Талғат Жәнібековтің жобасымен байланыстырды.
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста