Мырзаберген Малбақов, ғалым: Тәуелсіздігіміздің қадір-қасиетіне жете білейік!

Мырзаберген Малбақов, ғалым: Тәуелсіздігіміздің қадір-қасиетіне жете білейік!

– Мырзаберген аға, Сізді Тәуелсідігіміздің 25 жылдығымен құттықтаймыз! Тіл – халықтың алтын діңгегі ғой. Тәуелсіздік алғалы ана тіліміздің жаны кіре бастады десек, қателеспейтін болармыз?
– Рахмет айналайын! Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығының тойлануы еліміз үшін үлкен құбылыс. Бұған дейін бір орталыққа бағынышты болып күн кештік қой. Сол кезде ұлттық ата-дәстүрімізге байланысты құндылықтарымызды дамытуға мүмкіндік болмады. Осы уақытқа дейін тарихымызға, тілімізге қатысты талай дүниелер жабулы күйде болып, зерттелмей қордаланып қалды. Өз басым тіл ғылымы саласын зерттеп жүрген ғалым ретінде тәуелсіздіктің ана тіліміз үшін әсері ерекше болғанын айта аламын. Тіл – қай ұлтта болса да қастерлі, құдіретті ұғым Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «мемлекеттің ең басты байлығы материалдық дүние емес, ана тіліміздің болашағы» деген болатын. Осы орайда еліміз егемендік алғалы А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты қазақ тілін зерттеуде, ана тіліміздің мәртебесін арттыруда қыруар жұмыстар атқарып келеді. Ең негізгісін атайтын болсам, «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінің» 15 томдығының жарық көруі. Бұл сөздіктің басқалардан ерекшелігі – мұнда ата дәстүрімізге, әдем-ғұрпымызға қатысты көптеген сөздер қамтылып, олардың символдық мағыналары терең ашылған. Қазақ тіліндегі сөздердің этимологиясы жажан-жақты зерттеліп жатыр. Сондай-ақ академик Әбдуәлі Қайдардың басшылығымен үш томдық «Қазақ этнолингвистикалық сөздігі» басылып шықты. Сөздік «Қоғам», «Адам», «Табиғат» деген үш бөлімнен тұрады. Мұнда қазақ тіліндегі барлық сөздердің қолданылуы, мағынасы ашылған. Осы секілді ерекше атап айтатын еңбектер біздің институтта өте көп. Мұның бәрі – тәуелсіздіктің жемісі. Қазақ тілінің ғылыми негізде дамуына барынша үлес қосып отырмыз деп есептеймін.
– Аға, біздің еліміз көпұлтты болғанымен ана тіліміздің орны бөлек қой. Тәуелсіздіктің алғашқы жылымен салыстырғанда елімізде ана тілімізде сөйлейтіндердің қарасы артты дегенге келісесіз бе?
– Иә, біз көпұлтты мемлекетпіз. Сондықтан елімізде бірнеше тілде сөйлейтін азаматтардың болуы заңды. Алайда бір нәрсені ерекше баса айтқым келеді. Біз биыл ел болы, жұрт болып Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлап жатырмыз ғой. Өйткені бұл біздің тарихымыз. Осы 550 жылдың 450 жылында халқымыз тек бір ғана тілде, қазақ тілінде сөйлеген. Соңғы жүз жылдың шамасында елімізге қара шекпенділердің келуімен көпұлтты мемлекетке айналып, елімізде бірнеше тіл қолданысқа енді. Бірақ бұған халықтың еш кінәсі жоқ, бұл тарихи бір кезең болып қала береді.

Бір кездері ана тілімізден ажырап қаламыз ба деген қорқыныштың болғаны да рас. Дегенмен қазір біз өзіміздің көпұлттылығымызбен мақтанатын дәрежеге жеттік. Елбасымыздың мұрындық болуымен Қазақстан Халықтары асссамблеясы құрылып, елімізде тұратын өзге ұлт өкілдері мемлекетіміздің дамуына, өркендеуіне өз үлестерін қосып жатыр. Байқасаңыз, қазір өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін үйренуге деген ықыластары артып, ұмтылыстары күшейіп келеді. Демек олар біздің еліміздің болашағына, дамуына, өркендеуіне сенеді деген сөз. Ұланғайыр жерге иелік етіп отырған елдің мүмкіндіктерін жоғары бағалағандықтан да қазір көпшілігі балаларын қазақ мектептеріне беруге ниет білдіріп жатыр. Өзімізді өзіміз бағаласақ, өзге ұлт өкілдері де бізді құрметтейді. Ана тілі – алтын қазына, ана тілін қадірлеу, беделін нығайту біздің парызымыз.
– Ғылым мен білімнің, мәдениет пен руханияттың астанасы саналатын Алматы қаласының 1000 жылдық тойына қатысқан боларсыз?
– Негізі көне қалалардың көбі еліміздің оңтүстік өңірінде ғой. Түркістан, Тараз секілді тарихы мыңжылдықтарға кететін қалаларымыз бар. Алматы облысы да оңтүстікке жатады. Тарихтан белгілі Алматы Ұлы Жібек жолындағы сауда-саттыққа, мәдениетке байланысты үлкен маңызды орталық болды. Бүгінде ғалымдар қала тарихын зерттеп, 1000 жыл толғанын ділелдеп жатыр ғой, мүмкін қаламыздың тарихы одан да тереңде шығар. Қалай болғанда да біз үшін Алматы еліміздің рухани орталығы. Осы 1000 жылдық мерекенің жоғары деңгейде тойланғанына риза болдым. Жаңадан салынған «Алматы арена» ғимаратында өткен дүбірлі тойдан ерекше әсер алдым. Енді міне, қаламыз таяуда өтетін универсиадаға дайындалып жатыр. Жалпы Алматы қаласы әкімдігінің атқарып жатқан жұмыстарына көңілім толады. Қаламыздың толайым табыстарға жететін күні әлі алда деп ойлаймын.
– Мәңгілік еліміздің болашақ иелеріне қандай тілек айтар едіңіз.
– Кез келген ұлттың сөз байлығы сол халықтың рухани, мәдени мұрасы, баға жетпес құндылығы болып табылады. Өйткені адамзаттық таным ең алдымен сөз байлығынан айқын көрінеді. Сондықтан мен өскелең ұрпағымыздың ана тіліне деген құрметі ерекше, тілі бай болғанын қалар едім. Шүкір дейміз, қазір қаладағы аулаларда ойнап жүрген қара домалақтарымыз ана тілінде сөйлеп жүргенін естігенде ішің жылиды. Ана тілін білетін бала кез келген тілді де, ғылым-білімді де меңгере алады. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Тәуелсіздігіміздің қадір-қасиетіне жете білейік!

Әңгімеңізге рахмет!

Сұқбаттасқан Айнұр СЕНБАЕВА

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста