Көлігіңізден көк түтін шықпай ма?

 Шымкенттегі әр үш көліктің біреуі Евро-4 стандартына сай келмейтін болып шықты.
Бұл жолғы тексеру әдеттегі рейдтен өзгеше. Жүргізушінің құжатын тексерген соң тәртіп сақшысы жіңішке түтікті көліктің түтін шығатын құбырына тыға қояды. Одан шыққан қалдықтың мөлшерін арнайы құралдың экранынан көріп, қағазға басып шығаруға болады, деп хабарлайды kz.otyrar.kz.

Ескілеу Ауди көлігін тізгіндеген мына азаматтың (суретте) жолы болмады. Көлігінен шығатын қалдың мөлшері Евро-4 стандартынан асып кеткен.

Бұл жолы тоқтатылған әр үш көліктің біреуінің Евро-4 стандартына сай келмейтіні анықталды. Енді бұл жүргізушілер әкімшілік жазаға тартылады. Ол – 2 айлық-есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппұл. Егер жүргізуші айыппұлды 1 аптаның ішінде төлесе, онда 1 АЕК сомасында төлейді.

Жалпы, Қазақстанда автокөліктерге қатысты Евро-4 стандарты 2013 жылдың 1 шілдесінен бастап енгізілген. Ал Евро-4 талабына сай келетін жанармай шығару 2016 жылы басталмақ. Оған дейін жүргізушілер көліктеріндегі ақауды өздері жөндеулеріне тура келеді.

Жол жүрудің жаңа ережелерін жаттауға тырысқан жүргізушілер өзге талаптардың кейбірін ұмытып кеткен секілді. Солардың бірі — көліктен шығатын түтін. Яғни, көлік қалдықтарының экологиялық стандартқа сай келуі. Осы олқылықтың орнын толтыруға бүгін прокурорлар мен полиция қызметкерлері шықты.
bnews.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста