Еліміздегі жезөкшелер жоқшылықтың кесірінен түнгі көбелекке айналғанын айтты

Еліміздегі жезөкшелер жоқшылықтың кесірінен түнгі көбелекке айналғанын айтты

Қазақстанда бүгінде бірнеше мың әйел жезөкшелікпен айналысады. Ал бейресми деректерге сенсек олардың саны одан да көп деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

2012 жылы ІІМ елімізде жезөкшелікпен айналысқан 3,7 мың әйел тіркеуде тұрғанын мәлімдеген болатын. Алайда еріктілердің сөзіне сенсек, олардың саны әлдеқайда жоғары.

Жезөкшелердің дені жағдайы төмен немесе толыққанды емес отбасынан шыққандар. Олардың бірталайы қалаға өзге облыстардан немесе көршілес елдерден келген. Facebook желісінің Kazakh Tours паблигі жезөкшелікпен айналысатын әйелдердің жантүршігерлік әңгімелерін жариялады.

Қазына, 20 жаста

- Мен Алматыға Тараздан келдім. Университетке оқуға түстім. Жасым 17-де еді. Қалада туысқандарым болмады. Жатақханада тұратынмын, алайда жаман қыздардың ортасына түсіп, оқуымды тастап кеттім. Оқудан шығып қалғасын, үйге қайтқым келмеді. Сол кезде бір құрбым бір түнге "ағашкамен" бірге болуға шақырды. Біз 50 жастағы азаматпен бір түн өткізіп, ол екеуімізге жүз доллардан ұстатты.

Арай, 21 жаста

- Мен Жаркентте туғанымын. Алматыға колледжде оқу үшін келдім. Экономист мамандығын бітіруім керек еді. Алайда мен оқуға деп жіберген ата-анамның ақшасын құртып қойдым. Оқуға ақша төлемегесін, мені шығарып жіберді. Далада қалдым. Кафеде даяшы болып жұмыс істеп көрдім. Кейін караокеге жұмысқа тұрып, сол жерде жезөкшелікпен айналыса бастадым. Онда негізінен шетелдіктер, кәрістер, қытайлықтар клиент болып келеді. Сонымен қатар Сейфуллин көшесінің бойындағы түнгі клубта жұмыс істеп, бір түнде 50 -200 доллар табамын. Қайтып оралғым келмейді. Ата-анам оқуды сәтті бітіріп, жақсы жұмыс таптым деп ойлайды. Мен оларға шындықты айтуға батпадым.

Сажида, 19 жаста

- Мен көшеде қаңғып қалдым. Амалсыз осы "кәсіпке" бет бұрдым. Саунаға құрбыларыммен баратынмын. Бір кездері екі құрбыммен он шақты жұмыскер жігіттердің пәтерінде тұрдық. Олармен әр түн төсектес болуымызға тура келді. Бүгінде Райымбек даңғылы мен Қаскелең маңында орналасқан базарлардың бірінде жезөкше болып жүрмін. Сағатына саудагерлер 2-3 мың теңге төлеп тұрады.

Жібек, 20 жаста

- Анам жас жігітпен кездесіп жүрді. Көп ұзамай әлгі жігіт маған тиісе бастады. Анам көмектесудің орнына, үйден қуып жіберді. Амалсыз құрбымның үйіне бардым. Олар бірнеше қыз болып пәтер жалдап тұрады. Бір күні құрбым мен түнделетіп көшеге алып шықты да, жігіттермен таныстырды. Олар маған ақшаға бір түн бірге болуымды ұсынды. Бірақ мен бас тарттым. Жігіттердің бірі қолымдағы ұялы телефонды тартып алды да, бірге бармасам, оны сындырып тастайтынын айтып қорқытты. Амалсыз бардым. Олар менің колама бір нәрсе қосып жіберді. Таңертең жалаңаш бірнеше еркектің қойнында ояндым. Көшеге жүгіріп шығып, қатты жылағаным есімде. Полицияға жүгіне алмадым, қолымда, тіпті құжаттарым жоқ еді. Келесі жолы мені жасы келген таксист зорлап тастады. Ол көлікті адам жоқ жерге тоқтатып, маған тап берді. Мен одан тиіспеуін сұрап жалбарынғаныммен, ол мені тыңдамады. Көп ұзамай мен жезөкшелікпен айналыса бастадым. Себебі ақша керек болды.

NUR.KZ

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста