Асылы Осман, қоғам қайраткері, ғалым, тіл жанашыры:«Мұндай халықтың Тәуелсіздігі мәңгі болуы керек»

Асылы Осман, қоғам қайраткері, ғалым, тіл жанашыры:«Мұндай халықтың Тәуелсіздігі мәңгі болуы керек»

Асылы Әлиқызы мерекеңізбен! Еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құтты болсын! Бұл Тәуелсіздік Сізге не берді?
– Бұл Тәуелсіздік халқымыздың үш ғасыр бойы армандаған Ұлы мұраты болатын. Ал біз осынау Тәуелсіздіктің арқасында бақ қуатты, Тәуелсіз, еркін, өмір сүріп жатқан бақытты ұрпақпыз! Ататүріктің жақсы бір сөзі бар «Ең қымбат дүние еркіндік» деген. Сол еркіндікке жеткізген осы Тәуелсіздік. Тәуелсіздіктің шын мән мағынасын айтатын болсақ, өмірімдегі, қоғамдағы ең қасиетті нәрсе болатын болса осының барлығына біздің қолымыз Тәуелсіздік арқылы жетіп отыр. Тәуелсіздіктің арқасында азат ойлы, еркін пікірлі, елге айналдық. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтай ұлт көшбасшысының арқасында әлемге танылдық. Бүгінгі таңда шетелге шығып Назарбаевты атасаң, Қазақстанды таниды. Қазақстан жайлы айта бастасаң, Нұрсұлтан Назарбаевтың атын айтып жатады. Қазақстанның танылып, әлемге үлгі болып отырғаны Тәуелсіздіктің арқасы. Менің өмірімдегі ең бір керемет дүние, Тәуелсіздік берген сый – осы елде тұрып жатқан барлық ұлт өкілінің бірлікпен, біртұтас елге айналуы. Олардың арасында достық бар, ынтымақ бар, татулық бар. Бұл қазақ халқының даналығын білдіреді. Маған Тәуелсіздік не берді дегенде ең алдымен осы бір елдің, бір тудың астында ұйысқан ұлттардың бірлігі мен татулығын айтар едім. Қазақтың даласындай кең пейілімен, бүгінгі ұлт көшбасшысы әлем мойындаған елімізді тату тәтті басқарып келеді. Ең бастысы осы. Еліміз тыныш, жұртымыз аман. Басқа не керек? Мен ұлтымыздың үш ұлы тұлғасын жоғары бағалаймын Әлихан Бөкейханов ұлтымыздың саяси көсемі, Ахмет Байтұрсынов ұлтымыздың рухани көсемі. Ал Абай Құнанбаев ұлтымыздың рух көсемі. Ал осынау үш тұлғаның асыл қасиеттерін бойына жинаған қазіргі ұлт көшбасшысы Елбасымыздың кемел, парасатты саясатын жоғары бағалаймын. Қазақ деген халық — даласындай дархан, тумасынан таза, арамдықтан ада, қиянаттан шет, баршаның баласын бауырына басқан, ерекше халық! Сол қиын да қасіретті жылдары жалғыз әзербайжандарды ғана емес, қаншама ұлттың өкілдерін қазақ топырағына еріксіз айдап әкелді. Қазақстан да еріксіз қабылдады. Бірақ бізді еріксіз айдап әкелгенмен, еркін өмір сүргізген қазақ халқы ғой. Ол ненің арқасы? Ол даласындай дархан, арамдықтан ада, қиянаттан шет, тумысынан таза, ниеті, пейілі кең қазақ деген ұлттың арқасында. Сол кезде өздері де бір үзім нанға, бір баспанаға зар болып отырса да, бір бөлме үйі болса бұрышын берді, екі бөлмесі болса біреуін берді. Жартыны жарып, бүтінді бөліп бізді паналатты, әрі бауырына басты. Жатсынған жоқ. Сөйтіп, өзге елді, басқа халықты сүюдің керемет үлгісін көрсетті. Мұндай халықтың Тәуелсіздігі мәңгі болуы керек.«Жақсылықты ұмытпа шаттық үшін, жамандықты ұмытпа сақтық үшін» деген керемет сөз бар. Қазақ халқының бұл жақсылығын мен ешуақытта ұмытпаймын.
– Тәуелсіздікті жариялаған күн есіңізде ме?
– Бұл тарихи күн ешқашан да есімізден кетпейді. Бұ дүниеден өткенше көз алдымызда сол бір күндер менмұндалап тұрады. Қазақстанның Тәуелсіздігі жарияланғанда мен Алматыдағы Республика алаңында болған едім. Сол кезде еліміздің егемендігін Түркияның мойындағанын естігенде, қуанышымызда шек болмады. Жанымда Анадолы жерінен келген түріктің баласы бар еді, екеуіміз қуаныштан көзімізге еріксіз жас алдық. Сол бір күні аспаннан жаңбыр себелеп тұрды. Біз мұны жақсылыққа жорып: «Құдай да еліміздің Тәуелсіздігін қолдап жатыр! Аспаннан нұрын жауып тұр!» – деп, бір-бірімізді құшақтап, құттықтап жаттық. Ол күнгі қуанышты ештеңемен салыстыруға келмес.
Осынау 25 жыл ішінде Тәуелсіздіктің қай жетістігін ерекше атап өтер едіңіз?
– Қайсібірін айтайын. Көзге көріне бермегенмен Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткен жетістік өте көп. Мен үшін үлкен жетістік ол ядролық қарудан бас тартуымыз! Басқа елдерді де осыған шақыруымыз. Еліміздің дағдарысты құр дабырмен емес, сабырмен жеңіп жатқанын да құптаймын. Еліміздегі осы 25 жыл ішіндегі тұрақтылық та ауыз толтырып айтарлықтай жетістік. Айналамызға қарап отырсақ, тыныштығы бұзылмай, ұйқысы тыныш, шекарасы бекем болып отырған тек біздің еліміз екен. Бұдан асқан жетістік бар ма?! Талай өзге ұлттың өкілдері қазақ тілін білуге талпынып жатыр, талай ұлт өз жерінен безіп келіп, қазірдің өзінде біздің елімізден нан тауып жеп жүр. Көрші елдерден шұбырып келіп, нәпақасын айырып жүргендері қаншама? Елімізде тыныштық болмаса солар біздің елдің босағасынан аттар ма еді?! Біз тып тыныш дамып жатырмыз, қалалар салып жатырмыз. Мектептер бой көтеріп жатыр. Әлем елдері Қазақстанға қызығып қарап отыр. Тіліміз де қанатын кеңге жайып келеді. Мемлекеттің тілі Қазақстанда тұратын барлық халыққа ортақ тіл болуы шарт. Тіл ортақ болмай, қоғам топтаспайды, бір арнаға ұйыспайды, бірікпейді. Осыдан оншақты жыл бұрын Қазақстан халқы ассамблеясының отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде бәрімізді ең негізгі ұйыстырушы фактор» деген-ді. Шындық осы. Демек тілді білу үшін бәріміз күш салуымыз керек. Қысқасы, тіл білу үшін не керек? Ең бастысы, ниет керек, ықылас керек. Қажет болса, талап ету керек. Сонда ғана қазақ тілі өз деңгейіне көтеріле алады.
Тәуелсіздікке тілегіңіз?
– Тәуелсіздігіміз ғұмырлы, тіліміз тұғырлы болсын! Елімді, барша жұртымды Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтаймын. Негізі еліміз үшін бұл күннен артық мереке жоқ. Тұтастығымыз нығайып, еліміздің бірлігі бекемдене берсін! Еліміздің мәртебесі арта түссін!
Алаш айнасы

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста