Адал ұрпақ қандай болу керек?
№157 мектептің 10 сынып оқушылары дебат сайысында «Адал ұрпақ – мәңгілік ел болашағы» екенін өз ой-пікірлерін ортаға сала отырып, талқылау, ұсыну, ойға-ой қосу арқылы өзіндік орта қалыптастыра білді.
Аталған шара Наурызбай ауданы әкімдігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы өткізіп жатқан шараларының бірі ғана. Жалпы ауданда жемқорлдықпен күреске жіті мән беріледі.
Мүсілім Тазабеков, Мемлекеттік құқық бөлімінің басшысы:
Бұл күрестің тиімділігі қоғам және мемлекеттің күш-жігерін біріктіруге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруда іргелі құндылықты нығайтуға тікелей байланысты. Сондықтан Мемлекет басшысы осы мәселеге үнемі баса көңіл бөліп, азаматтық қоғамды осы әлеуметтік зұлымдықпен күресуге белсенді қатысуға шақырады. Себебі, әлемде бірде-бір мемлекет, азаматтық қоғам көмегінсіз сыбайлас жемқорлықты азайта алған емес. Елбасы атап өткендей, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда көп мәселе бүкіл қоғамның белсенді қатысуына байланысты болады. Әлеуметтік желілер мен басқа да медиа-ресурстың дамуымен бірге, бұл құбылысқа тосқауыл қою сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда қуатты құрал болуы тиіс. Әсіресе өскелең ұрпақ сыбайлас жемқорлықтан ада болу үшін мектеп қабырғасынан бастап тәрбиені осы бағытта беру маңызды.
Читайте также
Көгілдір әлем құпиясы немесе Алматыны гейлер ордасына неге айналдырдық?
Бір жыныстылар суррогат ана іздеп жер бетін шарлап жүр
Түнде жұмыс істейтіндердің құқығы тапталып тұр
Байқаңыз, балалар ашуланшақ болып барады...
Ақын Қайрат Әлімбектің құлпытасын күреп тастауы мүмкін
Студентті сүлікше соратын жемқор ЖОО-лар анықталады
Последние статьи автора