Адал ұрпақ қандай болу керек?
Елбасының «100 нақты қадам»-Ұлт жоспарының 13-қадамының жемқорлыққа қарсы күресті күшейту міндеттерін іске асыруда өткен жылы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, жергілікті әкімдіктердің қолдауымен білім беру ұйымдарындағы мектеп оқушылары арасында сыбайлас жемқорлыққа «Мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру аясында республика мектептерінде «Адал ұрпақ» еріктілер клубы» жобасы жұмысын бастаған-ды. Осы жоба аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында әрбір аймақта «Адал ұрпақ» ерікті оқушылар клубы құрылды.
Өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында оқушылардан құралған «Адал ұрпақ ерікті мектеп клубының мақсаты мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту, білім және мәдениет деңгейін арттыру. Сондай-ақ, «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы рухани адамгершілікке және азаматтық патриоттыққа тәрбиелеуге бағытталған шараларды іске асырып, жастардың саяси-құқықтық білімін тереңдетуге ықпал етеді. Осы орайда бүгінгі таңда Алматы қаласының білім ордалары мен мектептерінде «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтары түрлі шаралар өткізіп тұрады.
Осындай шаралардың бірі 4 қазан күні Алматы қаласының Наурызбай ауданындағы №157 жалпы білім беретін мектепте өтті. Атап айтқанда мектепте Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеуге бағытталған «Адал ұрпақ қандай болу керек?» атты семинар өткізілді.
№157 мектептің 10 сынып оқушылары дебат сайысында «Адал ұрпақ – мәңгілік ел болашағы» екенін өз ой-пікірлерін ортаға сала отырып, талқылау, ұсыну, ойға-ой қосу арқылы өзіндік орта қалыптастыра білді.
Аталған шара Наурызбай ауданы әкімдігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы өткізіп жатқан шараларының бірі ғана. Жалпы ауданда жемқорлдықпен күреске жіті мән беріледі.
Мүсілім Тазабеков, Мемлекеттік құқық бөлімінің басшысы:
Бұл күрестің тиімділігі қоғам және мемлекеттің күш-жігерін біріктіруге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруда іргелі құндылықты нығайтуға тікелей байланысты. Сондықтан Мемлекет басшысы осы мәселеге үнемі баса көңіл бөліп, азаматтық қоғамды осы әлеуметтік зұлымдықпен күресуге белсенді қатысуға шақырады. Себебі, әлемде бірде-бір мемлекет, азаматтық қоғам көмегінсіз сыбайлас жемқорлықты азайта алған емес. Елбасы атап өткендей, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда көп мәселе бүкіл қоғамның белсенді қатысуына байланысты болады. Әлеуметтік желілер мен басқа да медиа-ресурстың дамуымен бірге, бұл құбылысқа тосқауыл қою сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда қуатты құрал болуы тиіс. Әсіресе өскелең ұрпақ сыбайлас жемқорлықтан ада болу үшін мектеп қабырғасынан бастап тәрбиені осы бағытта беру маңызды.

Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу