5 жылын секс-құлдықта өткізген қарағандылық жетім қыз зорлаушыдан қызды болды

5 жылын секс-құлдықта өткізген қарағандылық жетім қыз зорлаушыдан қызды болды

Қарағандылық Қарлығаш Омарханова 13 жылдан кейін өмірінің азапты күндері туралы шындықты жайып салды. Оны 17 жасында ұрлап, секс-құлдықта ұстаған екен. Ол өзін зорлаған азаматтан айныматын қыз баланы дүниеге алып келді. Бүгінде Қарлығаш қылмыскердің жазаланғанын қалайды. Бұл туралы NUR.KZ порталы 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды.

Қарлығаш Омарханова қанша қиын болса да, әділеттілікке қол жеткізгісі келеді. 36 жастағы әйел өмірінің 19 жылы тозаққа айналғанын айтуда.

"Ішім өртеніп жатыр. Түсіндіре алмаймын. Ол менің өмірімді күл-талқан еткеніне ашулымын", - дейді әйел.

Оның жантүршігерлік күндері 1998 жылы басталған. 17 жастағы Қарлығаш Қарағандының педагогикалық колледжіне оқуға түседі. Алайда оған көзі түскен ер адам Қарлығашты алып қашып, ен далада зорлап тастаған.

Кейін Семей облысындағы Курчатов маңында орналасқан ауылға күштеп алып кетеді. Белгілі болғандай, оны ұрлаған азамат өңірдегі шаруа қожалығын басқаратын билігі бар адам екен.

"Аяғыма жіп байлаулы жасыл гранатаны байлап қоятын. Жіпті есік тұтқасына ілетін. Біреу есік ашса, жарыласың дейтін. Бір күні солай байлап, шығып кетті. Әдейі істеді ме, әлде ұмытып кетті ме, әйтеуір Курчатовтағы үйіне кетіп қалды. Мен келесі күнге дейін аяғымдағы гранатамен тапжылмай тұруға мәжбүр болдым", - деп қорқынышты күндерін еске алды Қарлығаш.

Әйел жетім болғандықтан, оны ешкім іздемеген. Жалғыз ғана әпкесі кейін полицейлер оның арызын қабылдамай қойғанын айтып берді. Қарлығаш бес жылын азапты жағдайда өткізген.

Сол арада зорлашуы үйіне өзге де қыздарды әкеліп жатыпты. Алайда олар кейін ғайып болатын. Ал Қарлығаштың қашуына зорлаушының жұмыскерлерінің бірі көмектескен. Ол оны атпен тұтқында отырған жерінен шығарып үлгеріпті. Кейін Қарлығаш жүкті екенін біліп, зорлаушыдан қыз босанады. Алайда ол әпкесіне бармады.

"Қарқаралыда болсам, мен тірі қалмас едім. Мені сол сәтте іздеумен болған. 3-4 ай бойы көліктер күзеткен", - дейді ол.

Содан бері 13 жыл өтті. Қарлығаш емханада санитар болып жұмыс істейді. Сол беті тұрмысқа шықпаған. Ол ер азаматтардан үркіп қалғанын және оларға сенбейтінін жасырмайды. Қызы интернатта тұрады, оның әкесінен айнымай бара жатқаны Қарлығашты, тіпті күйіндіруде.

 Қарылғаш Омарханова. Кадр: 31.kz

Жасырынудан шаршаған Қарлығаш "Мир добра" атты кризистік орталыққа келді. Оның әңгімесін тыңдаған қызметкерлердің төбе шашы тік тұрған.

Қарлығаш полицияға арыз түсірді, қылмыстық іс бірден бірнеше бап бойынша қозғалған. Заңгерлер қылмыс мерзімі әлі өте қоймағанын айтуда.

"Ауыр қылмыс жасағандар он жылдан кейін де жазаға тартылады. Ал өте ауыр қылмыс жасағандарды 20 жыл өтсе де соттауға болады", - дейді адам құқықтары бойынша бюро филиалының директоры Юрий Гусаков.

Қарлығаштың қызы анасының азапты күндерінен бейхабар. Сол себепті, әйел интернат қызметкерлерін ескертіп қойды. Материал эфирге шыға салысымен, қыз балаға психологтар көмектесетін болады.

Қарлығаш туған баласының жүрегін ауыртатынын жақсы біледі. Дегенмен мұндай қылмысты жасыруға болмайды дейді ол.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста