Шекарасын бүтіндеген елдің тұтастығы да берік болмақ...

Шекарасын бүтіндеген елдің тұтастығы да берік болмақ...

Шекара ұғымы о баста этникалық белгілерімен айқындалды. Мысалы, қазақтың жері, қырғыздың жері, өзбектің шекарасы деген тәрізді. Қазақ елі өз Тәуелсіздігін алғаннан кейін 1992 жылдың 18 мамырында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен қазақ шекарасының төл тарихы бастау алды. 1993 жылдың 13 қаңтарында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» және «Қазақстан Республикасының Шекара әскерлері туралы» маңызды Заңдар дүниеге келді. Содан бері қазақ өзінің шекара қызметін жетілдіруде ізденістен бір танған емес.
Жалпы, Қазақ елінің мемлекеттік шека­расының ұзындығы 15 350 шақырымды құ­рап, бес мемлекетпен шектеседі. Оның 1 740 шақырымы Қытаймен, 1 050 шақы­ры­мы Қырғыз Республикасымен, 400 шақырымы Түрікменстанмен, 2 105 ша­қы­рымы Өзбекстанмен, 7 200 шақырымы Ресей Федерациясымен түйіседі. Дүние­жүзіндегі құрлықтағы ең ұзын шекара – Қазақстан мен Ресей арасындағы шекара.
Негізінде, шекара қызметін үнемі же­тіл­діріп отыру, осы саладағы мамандардың біліктілігін арттыру, техникалық базаны қуатты ету әрбір мемлекеттің маңызды міндеті екенін біз білеміз. Ал енді бүгінде біз осы үдені қалай бағындырып келеміз? Бұл межеде алға қойған мақсаттарымыз бен міндеттеріміз қандай болмақ? Біз Тәуелсіздік мерекесінің қарсаңында осы жайттарды бір мәрте сараптап көргенді жөн көрдік...
Алдымен Заң қатайды...
Шекара қызметі туралы сөз еткенде алдымен тереңдеп мән берер тұсымыз –осы саладағы заңның қолдану аясы. Қазірде бұл қызмет түрін жетілдіру мақ­са­тында «Қазақстан Республикасының Мем­лекеттік шекарасы туралы» жаңа Заң қа­был­данды. Осы заңдағы көрсетілген та­лап­тар бойынша бұдан былай еліміздің шекара қызметіне қабылдану үшін азамат­тарға қойылатын талаптар күшейді. Ендігі кезекте шекара қызметіне енгісі келетін азаматтар алдын ала психолог мамандар­дың тексеруінен өтіп, арнайы тесттер тап­сырады. Тіпті психологтар мамандарды тексеруден өткізу барысында «шындық детекторы» аппаратын қолдануға да рұқ­сат беріліп отыр. Жалпы, заңда Қазақстан Республикасының егемендігіне, аумақтық тұтастығына қол сұғылмауына, қастандық жасалуының алдын алуға және жолын кесуге арналған баптар айқын, айшықты етіп жазылған.
Дәурен АРЫН, заңгер:
– «ҚР Мемлекеттік шекара туралы» Заңы тұрғысында сөз етер болсақ, қазір­де бұл заңның талаптары қатайып, біршама өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Кезінде біз Кеңес Одағы тұ­сын­да Қытай елімен тоғысып жатқан шекараны ғана күзетіп келсек, енді тә­уелсіз елдің шекарасы барлық ендік­тері бойынша толық күзетіле бастады. Қазірде еліміз өзімен шектесетін Ресей, Қытай, Өзбекстан, Түрікменстан және Қырғызстан мемлекеттерімен шекара мәселесінде халықаралық құжаттар бекітті. Бұл – біздің сыртқы саясатымыз­дың табысы. Біз көршілес елдермен ын­тымақтастық орната білген елміз.

Осылайша, мамандардың байыпта­уын­ша, қазақ өзінің шекарасын бүтіндеуге, беріктігін мығымдауға барынша күш са­лып-ақ келеді. Шекара қызметіне қатыс­ты, әсіресе «шекара пункттерінде қажетті ғи­марат­тардың құрылысын жүргізу, ол­арды инженерлік қондырғалармен қам­тамасыз ету, шекараны қырағы күзету­ге қажетті бас­қа да күш-құрал, ресурстар­мен жасақ­тау жоғары деңгейде жүргізілу­де» де­седі мамандар.
Ақпараттық жүйе кеңейіп келеді
Егемен елдің шекарасы туралы пікір білдіргенде сарапшыларымыздың тағы бір басымдық беріп айтар тұсы, бұл – ел шекарасындағы ақпараттық жүйенің же­тіліп келе жатқандығы.
Тоғжан ШАЯХМЕТОВА, сарапшы-маман:
– Бізде Кеден одағының жұмыс істей бастағанына көп уақыт өткен жоқ. Осы құрылымның шеңберінде шекара­шы­лардың қызметі де күшейе түсті. Ке­ден одағы, бұл – бұрынғы пост­кеңестік елдердің өзара ықпалдасуының бас­тауы. Соған орай шекара шебінде көп­теген өзгеріс орын алды. Қазірде ше­ка­рашылар Кеден одағының сыртқы ше­караларын қадағалауға баса мән беру­де. Қырғыз Республикасы, Өзбек­стан, Түрікменстанмен арадағы шека­ра күзеті күшейтілді. Бұл дегеніңіз – ал­дыңғы шепте қызмет атқаратын шекара құрылымдарына қойылатын талап та, жауапкершілік те күшейді деген сөз. Халықаралық талапқа сай ақпараттық-технологияның арқасында электронды рәсімдеуге көшу, электронды құжат тексеру үрдісі – бізге керек дүние. Қа­зірде біздің шекара қызметі осы жайт­тарды жетілдіруге арнайы зер салып отыр. Ол үшін мамандардың біліктілігін арттыру, шекара қызметкерлерінің әлеу­меттік жағдайын көтеру мәселеле­рі де жыл сайын шешімін тауып келеді. Мысалы, 2010-2012 жылдар аралы­ғын­да осы мақсаттарды орындауға ел бюджетінен 15 млрд теңгеге жуық қар­жы бөлінген. Салыстыра айтсақ, бөлі­нер қаржы жылма-жыл өсіп келеді. Сон­дықтан болашақта шекарамыздың технологиялық қуаты да арта береті­ніне сену керек.

Бос жатқан аумақтар да назардан тыс қалмауы керек
Сөйтіп, мамандар байыптап отырған­дай еліміздің шекара қызметі жыл сайын жаңашылдыққа бет бұрып отыр. Ендігі ке­зектегі біздің тағы бір өзекті мәселеміз – «бұл бос жатқан шекара аумақтарын на­зар­дан тыс қалдырмау болуы тиіс» деседі мамандар. Шекарадағы елді мекендер мә­селесін оңтайландыру қай кезде де қалтарыста қалмауы керектігін алға тарт­қан мамандар «бос жатқан шекара бо­йында иін тіресіп ел отырса, қайнаған тір­лік болса, біздің қазаққа ешкім де қыр көр­сете алмайды» дейді.
Меруерт МОЛДАБАЕВА, әлеуметтанушы:
– Шекара аумақтарындағы бос қаңырап қалған ауылдар мәселесі біз үшін өзекті болып отырғаны рас. Қазір­де Өңірлік даму министрлігіне бұл бос жатқан аймақтар халқының әлеу­мет­тік жағдайын оңтайландыру жайы жүк­тел­ді. Мұның өзі – көңіл қуантарлық жайт. Егер болашақта Өңірлік даму ми­нистрлігі бір ғана Зайсан ауданына, Тарбағатай жеріне қарасты «Терісай­рық», «Қызыл» тәрізді шекара застава­ла­рындағы әлеуметтік жағдайды са­уатты шешіп, бұл елді мекендерге ха­лық­ты қоныстандыру жайын ойластыр­са мәселе жеңілдер еді. Көптеген елдер шекара аумағында жатқан ауыл-ай­мақтарының ахуалын бірінші кезекте жоғары деңгейге көтереді. Себебі ол елді мекендерді бос қалдыру тұтасты­ғымызға қауіп төндіруі де мүмкін. Сон­дықтан шекара аумағын бос қалдыруға болмайды. Шекаралық аудандардың кәсіпкерлік қабілетін көтеру жайы, ол ауылдардың экономикалық әлеуетін қа­лыптастыру мәселесі қазірде Мәжіліс қабырғасында да жиі-жиі қозғалады. Әрине, бұл – біртіндеп жүзеге асатын іс. Бастысы, бұл ұсыныстарды атқарушы билік тарапынан қолдау бар. Мұның өзі – оңды шешім.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста