Кім, қашан, қалай келді?

Кім, қашан, қалай келді?

Ақмола астана атанған жылы қалада 200 мың ғана тұрғын болған екен. Ішкі миграция есебінен де, «Нұрлы көш» бағдарламасы аясында да Астанаға қоныстанушылар көп болды. Мегаполис атанатын да күн алыс емес. Алғашқы бес жылдықта тек ресми, саяси-әкімшілік ортадан ғана тұрса, онжылдықта бизнес пен экономикаға тиімді мекенге айналды. Ал соңғы бесжылдықта Астанада мәдени орта қалыптасса, енді ақпараттық ресурстар шоғырланып жатыр. Демек, шаһардың төрт құбыласы теңелді. Сонымен қатар, елордамыз – қазақтың жаңа ғасырда салған алғашқы қаласы. Сондықтан да шығар, халық саны ұдайы өсіп отырады. Біз 15 жылдың ішінде әртүрлі себеппен көшіп келгендермен тілдестік. Әдейі үш бесжылдықты бөліп қарастырдық. Астананың қалай және қаншалықты өзгеріп келе жатқанын саралап, салыстыру үшін...

1. Астанаға қоныс аударуыңызға не себеп болды?
2. Алғаш келген жылдар несімен есіңізде қалды?
3. Сіз келген жыл мен қазіргі кездегі қаланы салыстырып көрсеңіз...
2001 жыл
Несіпбек АЙТҰЛЫ,
ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты:
1. Бұл қалаға келуімнің себебі жұмы­сыма байланысты болды. Қалада қызмет істеуге шақырды. Ойлана келе, 2001 жылы түбегейлі қоныстандым. Әр жылдары әртүрлі қызмет істедім.
2. Астанаға келген жылдардан есімде қалғаны қаланың өте шағын болғаны. Сол жағалау «Бәйтерек», «Салатанат сарайы» ғана бой көтерген еді. Халық негізінен оң жағалауда болды. Халық та, қала да өте жү­деу еді. Құрылыс қарқыны есімде қалыпты.
3. Қала әкімі өзінің есебінде жыл сайын мұнда 40 мың адам көшіп келетінін айтқан еді. Бұл дегеніңіз кезіндегі мықты аудан­дардың тұрғындарының санымен тең. Қазіргі шағын қалалардың халқының саны. Жыл сайын мұнша адамның қоныстануы шаһардың экономикалық әлеуетін көтерді. Салыстырар болсақ, мен келген жылдары қала мәдениеті: тазалығы, адамдардың жүріс-тұрысы төмен деңгейде еді. Ал енді жыл сайын ірі халықаралық шаралар өткізілгеннен кейін қазір жағдайымыз басқаша. Осында Жазушылар одағына мүше 30-40 қана ақын-жазушы бар еді, қазір 130-ға жуықтады. Кеше ғана жыр мүшәйрасын өткіздік. 80-ге тарта ақынның тең жартысы – жергілікті ақындар. Жүлдені де солар алды.  Бұл осында шығармашылық ортаның қалыптасқанын білдіреді.
2003 жыл
Аңсаған МҰСТАФА, дизайнер, блогер:
1. Астанаға көшіп келуіміздің себебі – жолдасымның жеке бизнесті жолға қоюы болды. Ол алғашқыда «Алматыдан жұмыс табу қиын, бизнестің барлық саласы бос емес» деп мені үгіттеді. Бас кезінде өте қиын болды. Мен қит етсе болды, Алма­тыға тартып отыратынмын. Тіпті «Астанада ештеңе жоқ» деп дүние-мүліктің бәрін Ал­матыдан таситын едім. Сөйтсек, бұл жақтан да іздегеніңді табады екенсің. Тек еңбек етсең болғаны. Несін жасырайық, дәрі­герлерге сенбеушілік болды, қызымды Алматыға барып босанған едім...
2. Астанадағы алғашқы жылдарым қиындығымен есте қалды. Достар, туыстар Алматыда қалды. Қыдыруға ақша жоқ, зерікпес үшін түнгі 12-ге дейін жұмыс істей беретін едік. Осында келіп «Колесо Астаны» деген газет аштық. Газет ашқан кезде күйеуім жүк тасушы, көлік жүргізуші, верстальщик, фотограф, директор болды. Ал мен терімші, дизайнер, оператор, газет сатушымын. Оның үстінде сандық фото­аппарат болмай, пленкалы фотоаппаратқа машиналарды түсіріп, фотосалоннан шығарып, оны қайтадан сканерлеп қиналатынбыз. Қазір бәрі ертегі сияқты естіледі. Жастықтың арқасында шыдадық.
3. Әрине, қазір қаланы бұдан он жыл бұрынғы түрімен салыстыруға келмейді. Қала кеңіді, үлкейді. Жаңа сол жағалау қосылды. Оның өзі бір шаһар! Қалаға әр беріп тұрған әдемі үйлердің құрылыс сапасы туралы жиі айтылып жатады. Дегенмен «көш жүре келе түзеледі» дейді емес пе, жыл сайын түзетіп жатыр.
2008 жыл
Руслан ҚАМАШЕВ, Астана қаласы ішкі саясат басқармасының қызметкері:
 1. Қызмет бабымен келіп қалдық. Шы­нымды айтсам, «Мен түбі Астанаға кетем, елордада тұрам» деген түп мақсатты ой болмапты. Студент атанып, білім жинап, оқу орнын тәмамдаған соң жұмысқа тұрдық. «Адамның басы Алланың добы» деген қазақпыз ғой. Жерсінбесек, бір кісілік орын қазақтың қай бұрышынан да табылар деген тәуекелмен Арқаның жеріне ат басын тіреген жайымыз бар.
2. Астанаға алғаш келген кезімді бұл жердің ауасымен ғана елестетемін.  Неге екенін білмеймін, Алматыдан сапаржайға келіп түскен сәттен бастап ең алдымен байқағаным, кеудені кере демалатын жазық даланың саф ауасы болды. Астана жазық далада сәтті орналасқан қала ғой. Өзім таулы жердің елді мекенінде туып-өсіп, Алатаудың бауырындағы Алматыда қанша жыл тұрсам да, Астананың өн бойынан есіп тұратын Ұлы даланың климаттық ерекшелігіне бірден үйреніп кеттім. Сондай-ақ алғаш келген 2008 жыл елорданың 10 жылдық мерекесімен есте қалды.
3. Әрине, алғаш келгеннен бергі бес жыл ішіндегі қаланың сәулеттік құрылыс келбеті мен сәніндегі болып жатқан өзгерістер, айтпаса да, көрер көзге айқын ғой. Дегенмен осы жылдар ішінде қала халқының астаналықтарға тән өзіндік мәдениеті мен менталитетінде біршама ілгерілікті байқауға болады. Астана – бас қала деп ағылған алғашқы миграциялық ағын да сәл саябырсып, өзіндік бір арнаға түскендей. Енді еліміздің әр өңірінен келген халық бір қалада тоғысып, бір қоғамда өмір сүрген соң, өзіндік ортақ мінезі қалыптасып келеді. Соның ішінде әсіресе ежелден қазақтың саны ең аз қалалардың қатарында аты шыққан қалада қаракөз қандастарымыздың қатары жыл санап көбейіп келе жатқандығы көңіл қуантады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста