Елімізде туризм саласы ілгерілеп келеді

Елімізде туризм саласын дамытуға көптеген табиғи кедергілер жетерлік. Дегенмен мемлекетіміздің ұстанған саясатының арқасында бұл сала дамып келе жатыр.
Мысалы 2023 жылға дейінгі туристік саланы дамытудың бекітілген Тұжырымдамасына сәйкес Қазақстанда алты мәдени-туристік кластер құрылаған. Олар «Астана – Еуразия жүрегі», «Алматы – Қазақстанның еркін мәдени аймағы», «Алтай інжулері», «Ұлы Жібек жолын жандандыру», «Каспий қақпасы», «Табиғат пен көшпелі мәдениеттің біртұтастығы».
Еске салып өтейік Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында ел экономикасын дамытудағы туризмнің ықпалын «Ағымдағы дамудың маңызды мәселелерінің бірі Қазақстан экономикасына тікелей шетел инвестицияларының ағынын әртараптандыру болып табылады. Оларды перспективалы салаларға, мысалы, туризм саласына бағыттау қажет. Дамыған елдерде туристік класстардің үлесіне ІЖӨ-нің 10 пайызына дейіні тиесілі. Бізде 1 пайызға да жетпейді. Тұтастай ел бойынша туризм өсімінің нүктелерін зерттеу қажет, олар аз емес. Осымен байланысты Алматы жанындағы әлемдік деңгейдегі тау шаңғысы курорттарын дамыту маңызды жоба болуы тиіс. Сарапшылар тау шаңғысы курортына келген бір турист теңізге барған сапарына қарағанда 6 есе көп шығынданады деп есептейді. Бұл мемлекет үшін өте тиімді. Үкіметке осы ғажайып аймақты, сондай-ақ Ақмола облысындағы Бурабай курортты аймағын дамытудың Жүйелі жоспарын жасауды тапсырамын» - деп айтқан болатын.
Былтыр өткен «Экспо-2017» көрмесі елімізге ағылған туристер санын күрт арттырды деуге болады. Осыны ескергенде елордада ең алдымен елорда қонақтарын қабылдауға дайын бөлмелер саны бір жылдың ішінде бірден +43,8%, 2017 жылдан бастап 8,96 мыңға дейін өсті. Сондай-ақ, Астана қонақ үйлер, отельдер мен басқа да орналастыру орындары санының өсімі бойынша үш көшбасшының қатарына кірді: +28,2%, 209 дейін.
Соның арқасында былтырғы алты айда туризмнің ҚР ЖІӨ-дегі үлесі 1,6% немесе 346 568 млн теңгені құрады. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша шетелдік (кірмелік туризм) келушілердің саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20,4%-ға артты. Ішкі туризм де өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7,5% өсімді көрсеткен. Жалпы 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында саладағы жұмыспен қамтылғандардың саны 1,5% өсіммен 314,8 мың адамды құрады. Соңғы жылдары туризм саласында жұмыспен қамтылғандар саны тұрақты өсімді көрсетеді.
Өткен жылдардар көрсеткіші мен қазіргі жағдайды салыстыру үшін зер салып қарасақ 2015 жылы Қазақстан Экономикалық Форумның туризм мен саяхаттар саласындағы бәсекеге қабіеттілік туралы рейтингісінде әлемнің 141 елінің ішінде 85-ші орынды иеленді, бүгінде бұл көрсеткіш әлдеқайда жоғары.
Ал Туристік саланы дамыту туристік қызмет көрсетуде қазақстандық және шетелдік азаматтардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін кең мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін ҚР мемлекеттік шекара арқылы өтетін өткізу пункттерін (автомобиль, авиациялық, теміржол, инженерлік-коммуникациялық, «жеңіл» инфрақұрылым) қайта жөндеуді есепке алғанда, қажетті инфрақұрылымнан тұратын заманауи бәсекеге қабілетті туристік кешен құруға тікелей байланысты.
Мемлекеттік қолдау туризм саласын тұрақты дамытудың қажетті шарты десек те болады. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, туристік инфрақұрылымды дамытуға жағдай жасауға, нормативтік құқықтық базаны қалыптастыруға, жеке инвесторлар тартуға, туристік индустрия субъектілерінің қызметі үшін жағымды экономикалық жағдай жасауды қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттің белсенді саясаты елдің әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды орын алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, әлемдік тәжірибе туризмді белсенді дамытып келе жатқан елдер өз азаматтарын сапалы туристік қызмет көрсетулермен қамтамасыз ете отырып, ұлттық жобалар мен бағдарламаларады іске асыруға қомақты бюджет қаражатын жұмсайтынын көрсетіп отыр.
Тағы бір айта кетерлігі туризмді дамыту көптеген ілеспе міндеттерді шешуді талап етеді. Мысал үшін айтар болсақ, көлік жүйесін жаңғырту, қоғамдық тамақтану жүйесін дамыту, ел имиджін жақсарту, ақпараттық инфрақұрылымды дамыту болып жалғасады.
Сол себепті Үкімет туризмді дамытуға баса мән береді. «Дүниежүзілік саяхаттар және туризм кеңесінің» бағалауы бойынша, Қазақстан алдынғы жылдары туризм индустриясы мен туризмде үздік жетістіктерге жеткен Топ-10 елдің қатарына енгенін де айтып өткен жөн болар.

Таңат Жайлау

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста