Қазақстандағы Өзбекстан жылының туризм саласына да тигізер ықпалы зор

Қазақстандағы Өзбекстан жылының туризм саласына да тигізер ықпалы зор

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы бірінші өңіраралық форум Астанада өтеді. Бұл туралы Қазақстанның бірінші вице-премьері Асқар Маминнің Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен Ташкенттегі кездесу қорытындысында белгілі болды.
«Ш. Мирзиёев пен А. Маминнің кездесуі барысында Астанада – Қазақстан-Өзбекстан І өңіраралық форумын, Ташкентте – Орталық Азия елдерінің Өңірлік экономикалық форумын, Шымкентте – Іскерлік кеңестің бірінші отырысын және бірлескен бизнес-форумды өткізу туралы келісімге қол жеткізілді» делінген Қазақстан үкіметінің баспасөз хабарламасында. 

Келіссөздер барысында көптеген мәселелермен қатар Қазақстан мен Өзбекстан Премьер-Министрлерінің бірінші орынбасарлары Қазақстан-Өзбекстан шекарасы арқылы Ұлы Жібек жолы бойындағы туристік нысандарға бару мақсатымен келген үшінші елдердің туристеріне екі мемлекеттің визалық режимдерін өзара тану, екі елдің туристік мүмкіндіктерін өзара ынталандыру мәселелерін пысықтау үшін бірлескен жұмыс тобын құру туралы шешім қабылдады.
Бұдан бұрын наурыз айында Астанада Қазақстандағы Өзбекстан жылының ашылуы өткен болатын. Сол жиында Қазақстан Президенті Астана мен Ташкент сауда-экономикалық және инвестициялық нтымақтастықты табысты дамытып келе жатқанын, сондай-ақ олардың халықаралық және өңірлік маңызды мәселелерді шешуге қатысты ұстанымдарының ортақ екенін айтқан. Нұрсұлтан Назарбаев бұл іс-шара Қазақстан-Өзбекстан арасындағы достық пен тату көршіліктің символы ретінде ғана емес, сонымен қатар бүкіл өңірдің серіктестігін нығайтуға және мәдени-өркениеттік тұрғыдан жақындасуына зор үлес қосатынын атап өткен еді .

Сонымен қатар Астанадағы «Ritz Carlton» қонақ үйінде еліміздің Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы Қазақстан-Өзбекстан туристік форумы да наурыз айында өткен болатын. Жиында Қазақстан мен Өзбекстанның туристік компаниялары туризм индустриясын бірге дамыту туралы келісімге келді. Тараптар саяхатшыларға жаңа бағыттар ұсынуды көздеді. Туристік тур өзбек елінің Самарқан, Бұхара, Хиуа мен Ташкент қалаларын басып өтеді. Ал қазақ жерінен бұл тізімге Түркістан, Алматы, Шымкент, Таңбалы тас пен Сауран, Отырар сияқты көне қалалар енгізіледі. Жаңа жоба аясында келушілерге қос мемлекеттің көрікті жерлерімен, мәдениетімен, ұлттық салт-дәстүрімен танысуға мүмкіндік жасалып, экотуризм мен этнотуризмге басымдық беріледі деп келісілді.
– Екі ел үшін де туризмді дамыту өте маңызды. Осы форум аясында меморандумға қол қойылып, келісімшарттар жасалды. Алдағы уақытта мұндай іс-шаралар негізінде туризм саласы қарқын ала түседі деп сенеміз. Жаңа туристік турлар Өзбекстанға келген саяхатшылардың бізге аялдауына да жағдай жасайды. Қазақстан жағы дәл осындай мүмкіндік туғызады, - деді форумда «Астана ЭКСПО-2017» ҰК бас менеджері Роза Асанабаева.
Екі елдің туризм сала өкілдерінің басын қосқан форум барысында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов Қазақстан мен Өзбекстанның ынтымақтастығы қос тарап үшін ең маңызды мәселе екенін атап өтті. Сондай-ақ, бірлескен жұмыстың табысты болуын көздейтінін айттып өткен.
Ал «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Рашид Күзембаев сол жиында Өзбекстан мен Қазақстан әлемге әйгілі брендке айнала алатын теңдессіз екі өнім екенін және «Ұлы Жібек жолы» бренді туристерді тарта алатынын мәлімдеген еді.
Мақсатымызға жетсек, Қазақстанға келетін туристердің саны таяу болашақта екі есе өседі. Себебі біздің бастамамызға Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан қосылады. Әзербайжан мен Грузия да қалыс қалмайды деп үміттенеміз, – деген болатын «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы.
Міне елімізде атқарылып жатқан осындай іргелі істер арқылы туризм саласы одан ары қарқынды түрде дамитынына сеніміміз молая түседі.

Таңат Жайлау

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста