«Қазақ туризмнің» ұйымдастыруымен елімізде туризм саласын дамыту мәселелесі талқыланды

«Қазақ туризмнің» ұйымдастыруымен елімізде туризм саласын дамыту мәселелесі талқыланды

Статистикалық мәліметтерге сүйеніп айтар болсақ туризм саласы табыс табуда алдыңғы қатарларда екен. Кез келген елдің экономикасына туризм үш тиімді ықпалмен әсер етеді екен. Бірінші шетелдік валюта ағынын көбейтеді, екінші тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етеді, содан кейін мемлекет инфрақұрылымын дамытуға да оң әсерін тигізеді. Нақты зерттеулерге зер салсақ дүниежүзілік туристік ұйымның мәліметі бойынша, бір ғана туристің өзі барған елінде бір мың АҚШ доллары көлемінде қаржы жұсайды екен. Ал бұл қаржы ешбір өсімсіз, қайтарымсыз сол елде қалды деген сөз.
Тағы бір айтарлығы туризмді дамытудағы табыс оның мемлекеттік деңгейде қалай қабылданатына тікелей байланысты болады екен. Осы жағынан айтар болсақ еліміз өте дұрыс бағытты таңдағанына айқын көз жеткізуге болады. Өйткені бізде Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023 жылға дейінгі тұжырымдамасы бар.
Елімізде туризм инфрақұрылымын жасау ерекше дамуда деуге болар. Туризм саласын дамыту арқылы бізде экономиканың құрылымдық мәселелерін ғана емес, жұмыспен қамту сияқты көптеген мәселелерді де шешуге болады. Осыдан-ақ экономикалық өрлеуде еліміздің дамуы үшін туризмнің қаншалықты маңызды сала екені анық байқалады.
Біздің елде өңірлердің ерекшеліктерін ескере отырып, туризмнің жаңа бағыттарын дамту үшін, жағымды имидж қалыптастыру мен маркетинг жұмыстарын жүргізу үшін «Қазақ туризм» ұлттық компаниясын құрылаған болатын. Бұл акционерлік қоғамның бірінші міндеті шетелде туристік әлеуетімізді ілгерілету, екінші инвестиция тарту. Осы ұйымның атқарып жатқан игі шараларының бірі ретінде айтар болсақ жақында Алматы қаласында «Қазақ туризмнің» ұйымдастыруымен еліміздегі туризм саласын дамытуды талқылаған жиын өткен еді.
Жиында туризмді одан әрі дамыту үшін шетелдік арналарға жарнамаларды көбірек шығарып әр қаланың әдемі жерлері туралы роликтер түсіру қажет екені айтылды. Шараға келгендер өз жоспарларымен бөлісіп, туризмді ілгерілету бойынша ойларын ортаға салды.
Ал өткен жылы Алматыдағы туристік нысандар туралы ауқымды ақпарттық база әзірленген болатын. Сол арқылы қала тұрғындары мен қонақтары әр нысан туралы толық мәлімет алуына болады. Жалпы шараның мақсаты – өңірлердегі туристік ақпарттық орталықтар арасында әріптестік қарым-қатынас орнатып, ішкі туризмді дамыту.
«Алматыға келгісі келетіндердің саны күн санап артып келеді. Көбіне, АҚШ пен Аустралиядан келетін туристер көп. Біз Алматыны тек шетелдік қонақтарға ұсынбаймыз. Қала тұрғындарына да әдемі жерлерге барып, демалуға кеңес береміз. Ол үшін мегаполис көшелеріне арнайы тақтайшалар қойдық. Онда демалыс күндері қай жерге барып, уақыт өткізуге болатыны көрсетілген. Сонымен қатар, Алматыны шетелге кеңінен таныту мақсатында арнайы бейнероликтер дайындап жатырмыз. Маркетологтармен жұмыстар жүргізілуде», - дейді Visit Almaty директоры Камила Лұқпанова.
Сонымен қатар «Қазақтуризм» компаниясы Мәскеуде еліміздің іскерлік туризміне арналған роуд шоу ұйымдастырғанында тілге тиек ете кеткен жөн болар. Бұл шара ХІІ халықаралық Moscow MICE Forum аясында өтті. Оған 14 қазақстандық және 50 ірі ресейлік компания мен агенттік қатысып, екіжақты келіссөздер жүргізді.
– Елімізде экономика, саясат, спорт салаларына қатысты шаралар өткізуге қажетті инфрақұрылым бар. Елге қаражат тарту үшін үлкен алаңдар салынған, - дейді «Қазақтуризм» ҰК АҚ өкілі Ақбота Қалиева.
Біздің елден барған мамандар ресейліктерді «Көшпенділер әлемі» атты ІІІ халықаралық этнофестивальдің қонағы болуға шақырды. Этнофестиваль Астана күнін мерекелеу аясында маусымның 30-ы мен шілденің 1-і аралығында өтпекші. Іскерлік туризм саласы бүгінде әлем бойынша қатты дамуда. Қазақстанда да бұл сала айтарлық дамығанын айтуымыз керек. Отандық өкілдер Астана қаласын халықаралық шаралар өткізетін алаң ретінде беделді ресейлік туристік агенттіктерге ұсынды. Елордамыздың шамасы ең жоғары деңгейдегі форумдарды ұйымдастыруға емін еркін жетеді. Астанада көрмеге арналған 25 мың шаршы метр алаң, конгресс-орталықтар мен спорт кешендері, үш мыңдай қонақ үй бөлмелері бар.
Жалпы туризмнің негізгі ұзақ мерзімді үрдістеріндегі ұстаным Дамыған туристік дестинациялар арасындағы жоғары және белсенді бәсекелестік қазақстандық ұқсастықтардан осы нарықта барабар ұстанымды ұстануды, сонымен қатар оның үздіксіз өзгеріп отыратын жағдайларына бейімделуге қабілетті болуын талап етеді.

Таңат Жайлау

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста