Қазақ тілі бойынша тренинг курстардың сабақтары ерекше өтті

Қазақ тілі бойынша тренинг курстардың сабақтары ерекше өтті

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында үйлесімді тілдік ортаны сақтау қажеттілігі тіл мәдениетін жетілдіру жөніндегі міндеттердің өзегіне айналып отырғанына баса назар аударылған. Осы бағадарламада мемлекеттік тіл күнін ұйымдастыру және өткізу, түркі жазбаларына арналған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру, сондай-ақ тіл мәдениетін насихаттауға бағытталған шараларды өткізу дәстүрін жалғастыру жұмыстары қажетті шаралар қатарына жататыны да нақты көрсетілген. Міне аталмыш бағдарламада көрсетілген бағыт-бағдарларды іске асыру үшін қазіргі таңда тіл мәселесіне жіті мән беріліп, тіл дамыту жолында көптеген жұмыстар жасалуда.
Бұндай шаралар республикалық, облыстық, аудандық көлемде, түрлі деңгейде өткізілуде. Еліміздің әр аймағында өткізіліп жатқан ірілі-ұсақты іс-шаралардың нәтижесі де жаман емес. Өйткені осындай істер арқылы мелекеттік тіл мәселесі оңтайлы түрде, халықтың қолдауымен шешімін тауып келеді.
Жақында ғана Павлодар облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында қазақ тілі бойынша флеш-тренинг курстары мәресіне жетті.
Бұл жобаның алдыға қойған мақсаты қазіргі заманға сай ерекше сабақ түрлерімен, яғни, ойын-сабақтары, флеш-тренингтер, ойынның психологиялық сипаттағы жаңа технологиялары арқылы мемлекеттік тілді үйрету, сондай-ақ оны жаңаша үлгіде насихаттау, қоғамда тілдік қарым-қатынас жүйесіне енгізу болды.
Жобаны ұйымдастырушылар қорытынды сабақтың ерекше, әсерлі өтуін ойластырған. Сондықтан Павлодар қаласындағы «Шаңырақ» аялдамасынан арнайы трамвай жүргізіп, флеш-тренинг курстарын көлік ішінде өткізді. Аталымыш сабаққа қалалық мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешілері мен әдіскерлері және аймақтағы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Бұл флеш-тренингтік курстарға жетпістен астам адам қатысып, қазақ тілінде дәріс алды.
Іс-шараға қатысушылар сабақтың әсерлі әрі қызықты өткені жөнінде айтып, разылықтарын білдірді. Бұл ұйымдастырушылардың шығармашылық жұмысының жемісі деуге болады. Бір сарынды оқытулар кез келген үйренушіні тез жалықтырып жіберетіні анық. Сондықтан ұйымдастырушылар әрбір өтетін курстың, байқаудың, семинар, флеш-тренингтердің ерекше өтуіне мән берсе, сонда атқарылған жұмыс жемісті болары сөзсіз.
Тіл тағдыры ел тағдыры десек, онда мемлекеттік бағдарлама аясында өткізілер шараларды көбейте түссе жөн болар еді. Бұл жұмыстардың бір қараған адамға нәтижесі сезілмеуі де мүмкін. Бірақ терең үңілсеңіз тамшы тасты да теседі деген тәмсілдің ақиқатына тағы бір мәрте көз жеткізер едіңіз. Осындай іс-шаралар халықтың көкейінде, жадында бірден қалып, сақтала берері сөзсіз. Түптің түбінде осы істердің куәсі болған немесе тікелей қатысқан жандардың санасында үлкен өзгерістер бола бастары анық. Ал, кез келген игі істің бастауында алдымен адамның санасын қалыптастыру мәселесі тұрғаны белгілі. Сондықтан осындай жобалардың, іс-шарлардың көптеп өтуі өте маңызды.

Нұрлы Еділов

Автор
Последние статьи автора
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста