Павлодарлық ұстаздың қазақ тілін үйретуге арналған ерекше кітабы

Павлодарлық ұстаздың қазақ тілін үйретуге арналған ерекше кітабы

Еліміздегі өзге ұлт өкілдерінің де мемлекеттік тілді үйренуге деген ынтасы зор. Қазақстанның ұстанып отырған сындарлы саясатының арқасында елімізде 130-дан астам ұлттың өкілі бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Олардың көпшілігі елімізге әртүрлі тарихи оқиғаларға байланысты тағдырдың жазумен келіп қоныстанып, осы жерді мекендеп қалған. Сондықтан қиын-қыстау кезде өздеріне пана болған қазақ еліне деген алғыстары шексіз. Өйткені мемлекетіміз олардың ұлттық салт-дәстүрін сақтап, өз ана тілдерін дамытуға барлық жағдайды қарастырған. Сонымен қатар мемлекеттік тілді меңгеруге де барлық мүмкіндік жасалынған. Бұл туралы Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында нақты айтылып, атқарылар іс-шараларға дейін белгіленіп берілген. Бағдарламада «...Ең алдымен, Қазақстанда тұратын этнос өкілдерінің ана тілдерін оқытуға жағдай жасау көзделеді. Бұл үшін жексенбілік мектептерге оқу-әдістемелік көмек көрсету, сондай-ақ қазақ тілінде сөйлейтін тәжірибелі педагог мамандарды тарту және ана тілін оқытуда халықаралық тәжірибені, заманауи технологияларды пайдалану жоспарланады. Бұған қоса, этностардың тілдерін сақтау және мәдениеттерді өзара байыту үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету көзделеді. Қажетті шаралар қатарына кеңінен ақпараттық қолдау арқылы мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру, этностардың тарихи және қазіргі заманғы жазба мұрасын сақтауды қамтамасыз ету жатады. Халықтың шығармашылық тұрғыдан өсуіне этностардың мәдени және шығармашылық мүмкіндіктерін одан әрі іске асыру арқылы жәрдемдесу жоспарланады» – деп көрсетіліп, осы бағыттағы іс-шаралар тұрақты түде атқарылып келеді. Осы бағдарлама қабылданған күннен бастап қыруар іс тыңдырылды десе де болады.
Сондай-ақ қазақ тілін үйренуге қызығушылық танытушы барлық тұлғаларға кеңінен мемлекеттік қолдау көрсету көзделген. Осы шаралардың қатарына - Мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының жанынан білім деңгейі бойынша курстарды ұйымдастырып, сонымен қатар осы жұмысқа мемлекеттік және жеке меншік серіктестік әдістерін қолданылып отыр.
Кейбір өзге ұлт өкілдері де осы мүмкіндікті қалт жібермей мемлекеттік тілді үйренуге талпынып өз тараптарынан әр түрлі әрекеттер жасауда. Соның бірі ретінде павлодарлық жазушы Людмила Бевзді айтуға болады. Ол мектепке дейінгі балаларды оқыту мекемелерінде қазақ тілін үйретуге арналған өлеңдер жинағын шығарды.
Бұл кітапты жазуды автор балаларды мектепке даярлау орталығында жұмыс істеп жүрген кезінде қолға алған екен. Ол өз туындыларын қазақ тілі мұғаліміндеріне беріп, оқыту барысында қолдануларына мүмкіндік жасаған. Өйткені қазақ тілін үйренуге талпынған жеткіншектерді оқытуда оның тақпақтары өте жеңіл және ыңғайлы.
Людмила Бевз 50 жастан асқанан кейін балаларға арнап өлең жаза бастағанын айтады. Алғашқы немересі дүниеге келген сон балаларға арналған тақпақтар шығаруға деген қызығушылығы арта бастапты.
Ол көбінесе өмірде кезедесетін оқиғалар туралы жазады. Қазірдің өзінде оның бірнеше өлеңдер жинағы жарық көрді. Соның бірі – қазақ тілін үйренуге арналған оқулық.
Людмила Николаевна зейнетке шыққанға дейін балаларды мектепке даярлау орталығында жұмыс істеді. Қазақ тілінің мұғалімі болмаса да мемлекеттік тілді үйренуде балалардың қиналатынын жиі көріп жүріпті.
«Мен мектепке даярлық тобына сабақ бердім. Мен оқытқан бір топтың ішінде өзімнің жиенім де болды. Өйткені туыстарым оны мен оқытатын топқа беруге тырысты. Сабақ барысында байқағаным балалар қазақ тілін үйренуде өте қиналып жүрді. Оларға тіл үйренуде қалай көмектессем болады деп жиі ойланатынмын. Сондан кейін сөздіктер тауып алып оқи бастадым. Алғашында көкөністер туралы, аптаның күндері және әртүрлі кәсіптер туралы қазақша сөздерді араластырып орысша тақпақтар жаздым. Содан кейін осы өлеңдерді бір параққа жазып қазақ тілі мұғаліміне беріп жүрдім», – деп еске алады жазушы.
Бір айдан кейін қазақ тілінің мұғалімі әріптесі Людмила Бевзден мұндай өлеңдерді қайдан алғанын сұрады. Сол кезде барып ол бұл өлеңдерді өзі жазатынын айтуына тура келді. Қазақ тілі мұғалімдерінің қызығушылығын көргеннен кейін, автор бұл туындыларды жинақтап кітап қылып басып шығару керек деген ой түйді. Өйткені осы уақытқа дейін жазған тақпақтарының өзі балаларға арнап кітап шығаруға жеткілікті еді.
Ол кітаптар Павлодар облысының Славян мәдени орталығының жанындағы Людмила Николаевна сабақ беретін мектеп жасына дейінгі оқыту орталығында балаларға тіл үйрету үшін көмекші құрал ретінде пайдаланылды.
«Бірде Павлодарда өткен форумда кітапты көрген қазақ тілді әжелердің барлығы қызығушылық танытып, үлестіріп алды. Мен олардан «Сіздерге бұл кітап не үшін қажет?» деп сұрадым. Сонда олардың бірі немересінің қазақша білмейтіндігін, соған тіл үйрету үшін алғанын айтты», – дейді Людмила Бевз.
Автордың айтуынша, қазақ тілін үйренуге арналған өлеңдердің ерекшелігі – балаларға тақырыпты ойын түрінде жеткізеді. Сонда балалар қимылдар арқылы қарапайым сөздерді есте сақтайды.
Бұл кітап 2013 жылы жарық көрген. Ал келесі жылы Людмила Николаевна өз жинағын бөлімдегі әдіскерлерге ұсынған екен. Олар автордың еңбегін жоғары бағалап, содан бері сабақ барысында көмекші құрал ретінде ұзақ уақыт бойы пайдалана бастапты. Қазір Людмила Николаевнаның қолында бір ғана данасы қалған. Қалған кітаптарды оқырмандар мен мұғалімдер үлестіріп алып кеткен.
Автордың бұл жинақты қайта бастырып шығарсам деген ниеті бар екен. Балалардың тіл үйренуіне көмектескеніме қуаныштымын дейді ұстаз.
Мемлекеттік тілді дамытуға қарлығаштың қанатымен су сепкендей болса да өз үлестерін қосып келе жатқан осындай жандарды әрдайым қадір тұтып, еңбегін бағалауымыз керек. Өйткені тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Бұл міндетті іске асыруға қоғамдық санада мемлекеттік тілде сөйлеушінің беделді бейнесін қалыптастыру мен орнықтыру арқылы қол жетеді. Осы бағыттағы негізгі рөлге пиар-технологиялар ие болады. Бұл үшін мемлекеттік тілді көпшілікке тарату мен насихаттау жөніндегі арнайы жұмыстарды ұйымдастыру көзделеді.
Нысаналы аудиториялардың негізгі ерекшеліктерін ескере отырып, бірқатар үлгі тұтарлық бейнелер мен модельдерді әзірлеу негізінде мемлекеттік тілде сөйлеушінің беделді бейнесін қалыптастыру жөніндегі жұмысқа табысты, мәртебелі тұлғаларды, оның ішінде мемлекеттік және басқа да тілдерді білетін өзге ұлт өкілдерін тарту көзделеді. Мемлекеттік тілді отбасы құндылығы ретінде көпшілікке тарату аталған жүйенің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Қазақ тілінде сөйлейтіндерді, оның ішінде ұлты қазақ емес көпшілікке белгілі отбасыларын және шетел диаспорасы өкілдерін PR-жұмысқа тарту арқылы мемлекеттік тілді отбасындағы қарым-қатынас тілі ретінде көпшілікке тарату бойынша ауқымды науқан ұйымдастыру көзделеді» делінген. Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде атқарылып, мемлекеттік тілдің қолданылу аясы күн өткен сайын ауқымын кеңейтіп келеді. Сондықтан мемлекеттік тіл бағдарламасының көздеген мақсаты толық орындалып жатыр деп айтуға толық негіз бар.

Нұрлы Еділов

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста