Латын графикасына көшудің ғылыми негіздері талқыланды

Латын графикасына көшудің ғылыми негіздері талқыланды

Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру бүгінгі күннің өзекті мәселесі деуге болады. Өйткені Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында қазақ тілін латын графикасына негізделген әліпбиіге көшіру мәселесі жан-жақты нақтыланып, 2025 жылға дейін толықтай көшіру жоспарланғаны барлығымызға белгілі. Елбасымыз өз мақаласында «...Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» – деп атап айтқан болатын. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы қазіргі жаһандану заманында кейінгі ұрпақ жастарымыздың білімінің кеңейіп, ғылыми жетістіктерге қол жеткізу үшін латын әліпбиіне көшу өте қажет екендігіне де бас назар аударып өткен. Осы бағытта және Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында Алматы облысында жүйелі жұмыстар атқарылып, нақты шаралар іске асырылуда.
Атап айтасақ, Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Қазақстандағы жазу тарихы және латын графикасын қабылдаудың ғылыми практикалық негіздері» атты конференция болды. Талдықорған политехникалық колледжінде студенттер, ал №1 Абай атындағы орта мектепте ұстаздар қатысқан жиында А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғалымдары баяндама жасап, маңызды мәселелер туралы жан-жақты талқыланды.
Жиында А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты фонетика бөлімінің меңгерушісі, ф.ғ.к. Айсәуле Аманбаева сөз алып латын әліпбиіне негізделген қазақ жазуындағы кірме әріптердің таңбалануын көпшілікке түсіндірді. «Біз қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру дегенді ағылшынның әріптерін қоя салу деп түсінбей, өз тіліміздің табиғатын сақтайтындай етіп жасағанымыз дұрыс. Ол үшін әрбір графеманың тілдегі қызметін терең түсіне отырып, тіліміздің әуені мен әуезін бұзбайтындай етіп, халыққа тиімді әрі оңай игеретіндей әліпби жасауымыз қажет. Ол үшін қазіргі таңда Астана қаласында «Тіл-қазына» орталығы ашылып, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғалымдарымен бірлесіп, бірге жұмыс атқаруда. Бүгінде орфографиялық топтың мүшелері емле-ереже жасап жатыр. Ереже бекітілгеннен кейін қалай жазу керек екендігі айтылып, тәрбиешілер мен мұғалімдерге латын әліпбиінде жазу жайында семинарлар, курстар жүргізілетін болады», – деді Айсәуле Жантемірқызы. Ал, осы ғылым ордасының фонетика бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері, ф.ғ.к. Жанар Жұмабаева латын әліпбиіндегі жазу ережелерінің фонетика-фонологиялық негіздері туалы әңгімеледі. Сонымен қатар, лексикология бөлімінің меңгерушісі, ф.ғ.к. Айгүл Әмірбекова жаңа әліпби мен ондағы жаңа емлелер турасында айта келіп, «Латын әліпбиіне көшу үдерісі әліпбидің тіліміздің барлық лингвистикалық мүмкіндіктерін жеткізе алатын әлеуетінің мықты болуына тікелей байланысты», - деп атап өтті.
Конференцияға қатысушылар әр түрлі түйткілді тақырыптарды талқылап, көкейлеріндегі сан түрлі сауалдардың шешімін тапқандай болды. Жиында ғалымдар мен қатысушылар тіл мәселесінде пікір алмасып көптеген өзекті мәселе жөнінде ой бөлісті.
Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы әрбір азамат өзінің көкейіндегі түйткілдердің шешімін табуға жол бастайтын рухани бағдарлама іспеттес. Ал тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қоғамдық өмірдің барлық саласында тілдерді дамыту мен қолдану және мемлекеттік тілді кең ауқымды қолдану үшін жағдай жасауға байланысты өзекті проблемаларды шешудің нормативтік-ұйымдастырушылық негізі деуге болады. Сондықтан бағдарламада белгіленген мақсаттар мен міндеттер бағдарламаны іске асырудың барлық кезеңіне арнап уәкілетті мемлекеттік орган әзірлейтін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін іс-шаралар жоспары арқылы жүзеге асырылуда.

Нұрлы Еділов

 

Автор
Последние статьи автора
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста