Бірнеше тіл білу – жаһанға жолдама алу деген сөз

Бірнеше тіл білу – жаһанға жолдама алу деген сөз

Елбасының «Үш тұғырлы тіл» жобасы ел болашағын баянды етуден туған, алысты көздеген мақсат. «Үш тұғырлы тіл» — қазақ, орыс, ағылшын тілдерін қатар қойып, жарыстыру емес. Керісінше, бұл әр тілді өзіне лайықты орнымен қажетіне қарай лайықты пайдалану деген сөз. Мұнда мемлекеттік тілдің орны тіпті бөлек. Оған ешкімнің таласы жоқ. Үш тұғырлы тіл жобасын желеу етіп, мемлекеттік тілді ығыстыру мүлде дұрыс емес» — деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» бағдарламасында. Осы сөздерді ойға түйген біз балабақшадағы жас сәбилердің тәрбиесіне үш тілділікті барынша кірістіруді болашақ алдындағы міндетім деп білемін. Себебі еліміздің ертеңі болып саналатын жас ұрпақты дұрыс бағытта тәрбиелеп, олардың бойына бар жақсылықты сіңіру балабақшадан басталатыны бәрімізге мәлім.

«Бала өмірге келмей жатып ананың құрсағында жатқаннан бастап тәрбиеленеді» деген, бала тәрбиесіне байланысты айтылған сөздің астарында көп ой жатқаны рас. Кейбіреулер баланы өмірге келген күннен бастап, енді біреулері бір жастан бастап тәрбиелеуді дұрыс санайды. Осы айтылған сөздердің қайсында болмасын шындық бар. Бала тәрбиесі – зор адамгершілік шыдамдылық, байсалдылық пен имандылықты талап етеді. Баланы тәрбиелеу тек ата-анаға ғана тән емес, қоғамның да тәрбиеге қосар үлесі зор. Бала отбасында тәрбие алып өсіп-өніп жетіледі де, ал қоғамда белгілі бір тұлға болып қалыптасады. Кез келген ата-ана баласының жақсы тәрбиеленіп, өмір сүруіне ықпал жасайды. Ол үшін баланы шамалары жеткенше мектепке дейінгі мекемеге, яғни, балабақшаға беруге тырысады. Бала бақшада арнайы білімдері бар мамандырылған тәрбиешілер жұмыс жасайды. Отбасындағы тәрбие мен балабақшадағы тәрбиенің айырмашылығы осында. Балабақшада балалар өз құрбы-құрдастарымен араласып, ойын ойнай алады. Ойын демекші, бала бақшада берілетін білім оқу-тәрбие үрдісі барлығы ойын арқылы жүзеге асады. Мұндай ойындар баланы жан – жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі. Бастапқы этапта ағылшын тілін оқытудағы бір негізі аспект ол ойын элементтерін тиімді пайдалану болып табылады. Ойын арқылы бала қоғамдық тәжірбиені меңгереді, сондықтан ұйымдастырылған оқу қызметінде қандай дидактикалық ойын қолдануға болатынын сабақтың мазмұнына, мақсатына, міндетіне, жас ерекшелігіне сәйкес таңдалуы керек екендігі назарға алынған. Яғни ағылшын тілі меңгеру барысында ойын элементтерін қолдана отырып, құзыреттілік тапсырмалар арқылы баланың өздігінен дамуға, жетілуге қабылетті тұлғаны қалыптастыру.

«Қазақстанда барлық этникалық топтардың тілдерін дамытуға жағдай жасалып отыр. Біз үш тілділікті дамыту қарқынын үдетіп отырмыз. Бұл ойдан шығарған дүние емес, қажеттілік. Қазірдің өзінде қазақстандықтардың 20 пайызы ағылшын тілін меңгерді. Яғни, үш тілді меңгеру, білу - бұл жаһандық әлемге жолдама деген сөз. Бұл адамның

өмірдегі табыстылық, жетістік принципі. Қазақстандықтардың ағылшын тілін білуі еліміздің отыз дамыған елдің қатарына енуінің шарты болып табылады. Соңғы жылдары «қазақ тілінің дамуы тарихта осындай ауқымды қарқынмен жүргізілген емес» - деп айтып өтті Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев.

Елбасы қазақ тілі мемлекеттік тіл тұрғысынан басымдыққа ие екенін ашып көрсетіп, мемлекеттік жұмыс қазақ тілінде жүретінін баса айтты. Бұл – осынау маңызды мәселеге жалпы қоғамның дамуы үрдісінен, өз еліміздің одан әрі байыпты дамуы тұрғысынан да тіл мәселесіне, түптеп келгенде, дұрыс баға беріліп отырғанының дәлелі.

Орыс тілін білу – тарихи артықшылығымыз. Орыс тілі арқылы қазақстандықтар бірнеше ғасыр бойы қосымша білім алып, ел ішінде де, шет жерлерде де өз дүниетанымындары мен араласатын орталарын кеңейтіп жатыр. Ағылшын тілін меңгеру – жастарға әлемтанудың кілті болмақ. Ағылшын тілін білу біздің жастарға шексіз мүмкіндіктер ашады. Ол – жаһанданудың кепілі. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Еліміздің тәуелсіздігінің нышаны. Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде, яғни қазақ тілі – болашақтың тілі. Өзге ұлт өкілдерінің тілдерін оқып-білуге, үйренуге жағдай жасау арқылы әр тілдің өзіндік ерекшелігін білеміз, салт-дәстүрімен таныс боламыз. Тілдердің функциясын арттыруға бағытталған бағдарламалардың бірі – «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы».

Бағдарламаның басты мақсаты:

• Қазақ тілінің мәртебесін көтеру;

• мемлекеттік мекемелерде іс-қағаздарды қазақ тілінде жүргізу;

• ағылшын тілін меңгерту;

• орыс тілін жетік білу;

• әр ұлттың тілдерін дамыту, оларды сақтап қалуға мүмкіндік жасау;

• тілдер гармониясының бірлігіне жол ашу.

Жобаның іске асу мерзімі:

Бірінші кезең: 2011 - 2013 жыл

Екінші кезең: 2014 - 2016 жыл

Үшінші кезең: 2017 - 2020 жыл

Жобаның қорытындысы:

• Мемлекеттік тілді меңгерген мектеп бітірушілер - 100%;

• Мемлекеттік тілді меңгерген жалпы халық саны - 95%;

• Мемлекеттік мекемелерде іс-қағаздарды қазақ тілінде жүргізу - 100%;

• Республикамыздағы орыс тілін меңгерген азаматтардың үлесі - 90%;

• ағылшын тілін меңгерген халық үлесі - 20%;

• Өз тілдерін меңгерген өзге ұлт өкілдері - 30%.

• үш тілді жетік меңгергендер жалпы халықтың 20%-ын құрауы керек;

Ұлы Абай атамыз «балаға мінез үш алуан адамнан жұғады, бірінші ата-анасынан, екінші ұстазынан, үшінші құрбысынан» - деген екен. Әрбір қазақ баласы өз отбасында ана тілінде сөйлеуге дағдыланса, одан тәлім – тәрбие алатын бала да үйренеді емес пе. Сондықтан, баланың өз ана тілінде еркін сөйлеп, ойын анық жеткізуді осы кезден бастап қолға алсақ,

оның болашақ өміріне қажетті дағдылардың бастамасына жол ашқанымыз.

Ағылшын тілі - әлемдік бизнес тілі, мемлекеттік тіл – ұлт тілі. Мемлекеттік тілде сөйлеу - әрбір Қазақстан азаматының борышы. Әлемдік ғаламдандырудың өткізгіші, ғаламдандыру тілі болып танылған ағылшын тілін білу - ағылшын тілді елдермен тиімді байланысқа түскен әлемдік деңгейде өз орнын ала бастаған Қазақстан үшін аса маңызды.

Тіл мәселесі адам, қоғам өміріндегі ерекше орны бар аса күрделі де маңызды құбылыс.

Мемлекеттік тілді, шетел тілін білмей, дүниежүзілік экономика кеңестігін, білім, ақпарат көздерін жете меңгеруге қол жеткізе алмаймыз. Сондай-ақ жаңа технологияны жете меңгермей, тілдерді де игеру жедел әрі тиімді бола қоймайды. Қазіргі жалпы білім беретін мекемелердің көпшілігінде сабақ жаңа технологияны іске асыру арқылы, оның механизмдерін тілді менгеруде дұрыс қолдану арқылы өтеді. Бұл- тіл мамандарының ізденісі, дегенмен әлі де болса, бұл бағытты жетілдіру қажет екендігі сөзсіз.

Осы мақсатта, «Балақай» балабақшасында КМҚК 2014-2017 жылдар аралығында«Үштілділік -мектеп жасына дейінгі балаларға ерте жастан бастап жан – жақты мәдениетті тәрбие беру құралы» тақырыбындағы тәжірибелік-эксперименттік жұмыс бағдарламасы бойынша жұмыс жасай бастады. Ағылшын тілі ІІ кіші сәбилер тобынан бастап еңгізілді. Тәрбиешілердің күнделікті ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері, ертеңгіліктер үштілде өтеді. Үштілдік-ойын ретінде болғандықтан балаларға өте қызықты болады. Балалар келесі сабақты асыға күтеді. Үштілдік сабақ балалардың ой-өрісін, қиялдарын,сөздік қорларын, тапқырлықты, ізденімпаздықты, зейінділіктерін дамытады. Ойын түрлері көп, соның ішінде үштілдік сабақтарда мынадай ойын түрлері қолданады: ойын-жаттығу, сергіту-ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, сөздік ойындар жәнеде ағылшын тілінде тақпақтар, жұмбақтар, музыка сабақтарында ағылшын тілі мамандарының көмегімен өлеңдер жаттауда. Осы ойындар балалардың коммуникативтік құзыреттіліктерін дамытуда үлесі зор болып табылады.

Қорыта айтқанда, қазақ, орыс, ағылшын тілін меңгеру балаларға мектепте оқығанда, келешекте бәсекеге қабылетті маман ретінде жақсы табыстарға қол жеткізу үшін ықпалды және іскер адамдармен қарым-қатынас орната алу, қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажет. Сондықтан,өмір тәжірибесі өзі көрсетіп отырғандай, басқа тілді меңгеру кез келген тұлғаның биіктен көрінуіне шексіз мүмкіндіктер берері сөзсіз деп ойлаймын.

Өзекті мәселелерді жүзеге асыру үшін басты мақсатымызды анықтап алдық. Ол — Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім стандарттары талаптары деңгейінде үш тілде білім меңгерген, көптілді коммуникативтік құзырлылықтары қалыптасқан, көп мәдениетті, рухани-адамгершілік қасиеттері дамыған тұлғаны тәрбиелеу.

«Тілі бірдің-тілегі бір», «Тіл тағдыры-ел тағдыры» екендігін жадымызда ұстай отырып, ел бірлігінің негізі- тіл бірлігіне қол жеткізу жолында қызмет

ету парыз. Ендеше жас ұрпақтың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін, өзге тілдерді оқып білуге деген қызығулары мен ұмтылыстарын арттыру арқылы олардың Отанға деген махаббаттарын оятып, өз тағдырын ел тағдырымен мәңгілікке байланыстыратын ұрпақ болып қалыптасуына қол жеткізу- басты міндетіміз.

Үш тілде оқыту заман талабы. Үштілділік – Қазақстан жастарының парасатты әлеуметінің даму факторы.

Қорыта айтатын болсақ, көптілді білім беру бағдарламасы аясында үштілді меңгеру тәжірибесін жинақтап, әлемдік деңгейде көтерілуіміз керек. Бұл оқушылардың халықаралық жобаларға қатысуын кеңейту, шетелдік әріптестермен ғылыми байланыстарын нығайтуға, шетел тілдеріндегі ақпарат көздеріне қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Елдің ертеңі өресі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтарын өсіру үшін бүгінгі ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны әлемдік озық ой-пікірімен ұштастырған сапалы білім мен тәрбие берілуі қажет.

Менің мақсатым - тілдердің үштұғырлығы идеясын әрбір бүлдіршінің жүрегіне ұялату.

Гүлмира Байқадамова,
Чукархан Дурия
«Әдемі» балабақшасы,
Теміртау қаласы

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста