"Сенімі жоқ серменде сырды бұзды,
Анық таза көрмейміз досымызды,
Қылт етпеге көңілдің кешуі жоқ,
Жүрегінде жатады өкпе сызы".
Абайдың осы сөздері соңғы күндері тілге жиі оралатын болды. Бірін бірі жау тұтқан, сатқын атаған, дүниедегі барша қоқсықты бірінің үстіне бірі төккен жініккен жұрт. Сенбей, секемшіл болу үшін көп ақылдың керегі жоқ. Ал сенісіп, үміт артарға жүрек пен тәуекел керек. Тағы да Абайға ораласың: "Қажымас дос халықта жоқ, Айнымас серт қайда бар? Алда көрген, артта жоқ. Мысқыл, өсек, айла бар..." ((
Қасым Аманжол
Фейсбуктегі парақшасынан