Жауапсыз ЕРКЕКТЕР кінəлі...

Жауапсыз ЕРКЕКТЕР кінəлі...

"Баланы қоқысқа тастапты", "Жолға лақтырып кетіпті", " Əжеханадан табылыпты"....
Шулап жатырмыз бəріміз.
"Əйелдер, қыздар оңбағандар", бəз біреулер "пи..., беттеріңе түкірдім " деп атойлап кеттік ...
Біз кімбіз соншалықты оларды айыптайтын?
Қазақстан əйелдерінің (статистикаға қатысы жоқ) шамамен 35-50% мойындарында түсік тастау (аборт) ілініп тұр. Неге?
Сенім жоқ əйелдерде, ерлеріне сенбейді. Себеп көп, тұрмыс жағдай деп жатамыз.
Баланы қаламай, қашып, телефонын өшіріп, нөмірлерін ауыстырып, "құмға басын тыққан" ерлер қаншама. Əйелдің одан əрғы өмірі оны қызықтырмайды, қызықты өмірін кезекті қызбен өткізіп жүре береді. Əрине, барлығы емес. Көпке топырақ шашудан аулақпын.
Қиындық əйелде. Шарасыз, қолдаусыз аяғы ауыр қыздар, əйелдер тығырықтан шығар жол мен шешімдер іздей бастайды. Біздің қазағымның "менталитетімен" үйде босану тозақпен бірдей. Қате бассаң таяғын ала жүгіріп, үйден қуатын ата-аналар қаншама. Не істейді əйелдер? Өздеріңіз көріп отырсыздар нəтижесін.
Əйелдерді жақтап отырғаным жоқ, бірақ қорыққанда ақыл-сана факторы істемейді. Ата-анамен, жауапсыз ЕРКЕКТЕР де кінəлі.
Бəріміз кінəліміз. Бəріміз де жауаптымыз.
Себебін емес, тек сол жағдайды кінəлаймыз...
Айғайлап, байбалам салғанымызша сабақ алып, балаларымызды дұрыс тəрбиелейік....

Тамара Ахатаева
Facebook-тегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста