Біз қазақ ақыл айтудан алдыға жан салмаймыз. Кеше қараптан -қарап ақылым таси қалғаны. Өз ақылымды өзім істетуге қимай, айта қоярлық тірі пенде кездесерме деп көшеде көңілсіз келе жатсам, құдай оңдағанда отырып қалған бір әпекеміз ұшыраса кетті. Орайы келген осы деп ұстап алдымда, айтайын деп жүрген ақылымды санасына салып жіберіп бір жеңілдеп қалдым. Сондағы ақылым мынау: Қазіргі қыздар күйеуге тиюге құлқынсыз да, байға тиюге бейім. Солай болғандықтан да отырғандардың ортасын толтырып жатыр. Сіздерге айтарым, байға емес күйеуге тиюге құштар болыңыздар. Біздің қоғамда байлар азда, күйеулер көп, бөріктілерді таңдағанда қалтасына емес, арқасына қараңыздар. Арқа әр қандай ауыр жүкті көтерер, қалта тек қарын тойғызу ғана...
Жарқынбек Жұмаділ
Facebook-тегі парақшасынан