Екі бұтымды қысып, вибрациядан дір-дір етіп селкілдеп отырдым

Екі бұтымды қысып, вибрациядан дір-дір етіп селкілдеп отырдым

Ұялы телефонда ұят жоқ. Иесінің қай жерде отырғанына қарамастан шырылдай береді. "Қасындағы жандардан ұят болды-ау, жап-жақсы жиналыстың, қызу әңгіменің шырқын бұздым-ау" деп қымсынуды, қызаруды білмейді. Сондықтан оны қолға ұстап жүрген адамдар ұялуы керек. Қайбір күні облыстық әкімдік бір жиналысқа шақырған. Бармай-ақ қояйын деп ойлаған едім, соңғы сәтте әкімдіктегі ағайындар "Ореке, міндетті түрде осы жиналысқа қатысыңызшы... Өтініш..." деп қиылғаннан кейін асығыс-үсігіс киініп барғанмын ғой. Асығып жүріп даусын өшіруді ұмытып кетіппін, жиналыс ортасына жақындағанда қалтамдағы ұялы телефоным безілдеп қоя берсе бола ма? Жалма-жан қалтама қолымды салсам, телефон тұр, бірақ уысыма ілінбейді. Сөйтсем, асығыс киінгеннің кесірі, телефон шалбардың ішіндегі триконың қалтасында қалып кетіпті. Елдің көзінше шалбарыңның ауын ағытып, ішіне қол салып жатпайсың ғой. Сыртынан сипалап жүріп, әйтеуір даусын өшірдім. Бірақ, жиналыстың соңына дейін қолым қалтамнан шықпады, екі бұтымды қысып, вибрациядан дір-дір етіп селкілдеп отырдым. "Ұят болды-ау" деген ұялы телефон жоқ. Қайта-қайта шырылдайды... Әй, қорланғаным-ай...

Оралхан Дәуіт
Facebook-тегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста