"Қыз Жібек" деген фильм әдемі түсірілген ертегі

"Қыз Жібек" деген фильм әдемі түсірілген ертегі

Самат Кусайынов
24 декабря в 15:09 ·
Ширкин-ай, осындай казахтын салт-дастурин паш ететин, ултына шын жаны ашитын керемет коркем фильмдер тусиретин режиссер бар ма миллиардтап каржыландырса да акшасы ушин уйгырды, басканы араластырмай улттык хандарымызды тусиретин. "Алматы" каналын караныздар "Кыз жибек" киносы болып жатыр!
Құсайыновтың жазған осы сөзінен соң "Қыз Жібек" фильмі туралы пікірімді тағы да білдіргенді жөн көріп отырмын.

***
Төлегенді өлтірген Бекежан емес, Кескентерек деген Бекежанның бір сарбазы. Ол да Жібекке ғашық болған. Сөйтіп жүргенде Төлеген келіп (Жайықтың жағасынан), араға түседі ғой. Содан соң оны Кескентерек өлтіреді. Бірақ, қалай өлтіргенін білмеймін. Меніңше, олар жекпе жекке шыққан. Олай дейтінім, Кескентерек те батыр жігіт болса керек. Батыр адам кинодағыдай артынан атпайды. (Артынан атқызып қойған сценариді жазған адам ғой). Батыр екенін оның Кескентерек деген аты айтып тұр. Кескентеректің аты Кескентерек емес, басқа деп ойлаймын. Кескентерек оның батыр тұлғасына қарай халықтың қойған аты. Шын аты ұмытылған. Кескентеректің тегі - қожа. «Қыз Жібекті» ел аузынан жазып алған этнограф Кескентеректің кінәсін бүркемелемек болып, Төлегенді Бекежан өлтірген деп өз жанынан қосып жіберген. Осы қолдан жасалған нұсқа Ғылым акедемиясында сақтаулы екен. Бұл туралы білікті ғалым Серікбай Қосанның дәлелдеп жазған мақаласы бар.
Бекежан батыр әлі күнге елге қарабет болып жүр. Әйтпесе ол жалғыз Шектінің ғана емес, батыр ұл тудырып, тәрбиелеген қазақтың хас батырларының бірі. Жібек пен Бекежан Әлім руының Шекті аталығынан тарайтын, өзара туыс адамдар.
"Қыз Жібек" деген фильм әдемі түсірілген ертегі. Әсіресе Бекежан батырдың рухына обал болды. Елін, жерін қорғаған батыр өзін ұрпақтары қарабет қылып кино түсіреді деп тірісінде ойламаған ғой. Оның ақталатын уақыты әлдеқашан келіп еді, бүгінгі қазақтың ездігі кесірінен бұл мәселе әлі күнге бос әңгіме күйінде қалып келеді.
Ең соңында үш жүздің биі деп шығарған ешкісақал үш шал туралы эпизод тіпті күлкілі. Логика жоқ. Кіші жүзде болып жатқан оқиғаға үш жүздің билері араласушы ма еді. Бұл халықаралық жағдай емес қой. Соны қосқан Ғабит Мүсіреповті жұрт ТЮЗ-дың алдына қойған тас мүсініне бола мақтай береді. Бұл киноның көзін жою керек. Әйтпесе тарихты бұрмалаған осындай халтуралар көбейіп кетеді. Онсыз да Сартай батырдың тарихын өрескел бұрмалаған "Мың бала" деген кино жарық көрді. Ол киноның жас ұрпаққа зияннан басқа берері жоқ.
Кескентеректі Төлегенді өлтірдің деп кінәлауға болмайды. Жібекке ғашық болуға оның да қақы бар. Бұл әңгімені мен мектепте оқып жүрген бала кезімде әкем айтып отыратын. Сонда мен не әкеме сенерімді, не киноға сенерімді білмей дал болатынмын. Енді "Қыз Жібек" пен "Мың баланы" көрген мектеп оқушысына "Шын тарих мынау еді" деп айтып көріңізші, сенер ме екен. Құлагер атты мылтықпен атқызған да фильм болған. «Көшпенділер» туралы тіпті, айтпай-ақ қояйын.

Нұрлыбек Саматұлы
Facebook-тегі парақшасынан 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста