ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫРДЫҢ КӨРКЕМ БЕЙНЕСІ НЕГЕ СОЛҒЫН?

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫРДЫҢ КӨРКЕМ БЕЙНЕСІ НЕГЕ СОЛҒЫН?

«Қазақ хандығы» сериалындағы Қобыланды батырдың көркем бейнесі көңілге қонымды ма?! Бұл біз бала кезде оқып өскен Қарақыпшақ Қобыландының нақ өзі емес пе?! Неге оны сонша сүмірейтіп жіберген. Мында қарап отырсаңыз, Қобыланды батыр емес, қарақшы сияқты екіұдай сезімде қаласыз! Айдалада, тау-тастың арасында, жалпақ тастың үстінде тері жамылып жатыр. Оны келіп Асан ата қамшысымен бір тартады... Құдай-ау, Қобыландының тарихи бейнесі шынымен осындай ма еді?
Жоқ, Қобыланды батыр сол кезде үлкен тарихи фигура болған. Анау-мынау емес, Әбілқайыр ханның бас батыры, қолбасшысы. Талай жорыққа ханның әскерін атойлап бастап шығып, жеңіске жеткен. Самарқанды талқандағанда Әбілқайыр оған қатты риза болып, Рәбия сұлтан бегімді беремін деп уәде береді. Бірақ, кейіннен қимай қалып, алдап-сулап, өзі қатындыққа алады. Қобыланды батыр Әбілқайырдың айдап салуымен Ақжол биді өлтіреді. Міне, бұл да қазақ көшінің тездетіп қотарыла көшуіне өзіндік ықпал еткен тарихи мәні зор оқиға. Әбілқайырдың ойы күшейіп бара жатқан қазақ руларын бір-біріне айдап салып, іштен ірітіп, әлсірету еді... Міне осыны біліп-түсінгеннен кейін ғана Қобыланды Әбілқайырмен ат құйрығын кесіседі. Сериалда бұл жағы да ашылмай қалған...
Қобыланды батыр өз қателігін кеш те болса түсінді. Кеш те болса қыпшақ руын бастап ұлы көшке қосылды. Сериалдағы Асан Қайғы абыз бен Қобыланды батырдың кездесуі де көңілден мүлде шыққан жоқ. Асан абыз ауылдың жаман шалы, ал Қобыланды басбұзар тентегі сияқты болып қалған. Екеуінің сөйлесуі де осы деңгейде... Не күлеріңді, не жыларыңды білмейсің!
Ол заманда ру басыларының абырой-беделі өте күшті болған. Қыпшақ руы Керей мен Жәнібектің соңына Қобыланды батырсыз ере қоюы неғайбыл. Ал рудың көсемі не айтса, соны қабыл алатын болған. Ендеше Қобыландының қыпшақ руын бастап келгені анық. Осының бәрі мүлде ашылмай қалған. Тағы бір жерінде Қобыланды батыр Әбілқайырға келіп, ат үстінде тіксініп, "Сен қу түлкісің!" деген сықылды ауыр сөздер айтады. Осы шындыққа жанаса ма? Иә, батыр... Бірақ, сен "Қу түлкісің!" деп көз алдында қорласа, табанда басын шапқызып тастайтыны анық. Ол сериалдағы ақымақ Әбілқайыр емес, он жеті жасында хан болып, қырық жыл елін ашса алақанында, жұмса жұмырығында ұстаған айбатты хан...
Меніңше сериалдың басында Қобыланды мен Ақжол бидің талас-тартысынан бастау керек еді. Сонда сериалда жүйе де, даму да, интрига да болар еді-ау деп ойлаймын! Бәрі жүйелі түрде бірте-бірте дамып, түсінікті болып шығар еді... Мында көп нәрсе бұлдыр-түсініксіз болып қалған. Бірді айтып отырып, бірге кетеді...
Менің негізгі айтайын дегенім, тарихи кино түсіргенде тарихи дара тұлғалардың көркем бейнесін тарихи шындыққа жақындатып беру керек қой! Бұны айтпасам болмайтын болды!
Оны айтасыз, қазақ хандығының негізін қалаған Керей мен Жәнібектің де көркем бейнелері тым солғын. Оны да дәлелмен термелесем, ұзаққа шабарым анық. Осы жерден тоқтайын!

Думан Рамазан
Facebook-тегі парақшасынан

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста