Орекеңдер "Ай, это для казахов, мы на своем альфавите остаемся?" - деп келемеждеп те үлгерген болар

Қара пештің лаулай жанып жатқанына қарап отырып:"Әр қатун өз ошағына ие болып, отын лаулатқаны секілді, біздің үкімет те өз мемлекетінің саясатына неге ие болмайды екен ә?"-деееп, таңмен күйініп алдым. Мені ешкім "патриот емессің" дей алмас. Бірақ, орыстарға да латын әріпі бекітілгенше кириллицамен жазам. Мына қосалқы жайт:"Иттер мен қазақтарға кіруге болмайды!"- деп, кіреберіс қақпасына жазған Верный қаласының саябағын есіме салды. Әлі сол екенбіз де? Орекеңдер "Ай, это для казахов, мы на своем альфавите остаемся?" - деееп, келемеждеп те үлгерген болар? Бізді қоя берші, Үкімет пен Ақордағыларға қиын болатын болды. Бір заңды қазақтарға - латынша, орыстілділерге - кириллицамен жазып, қағаздың сорын қайнатып, қос-қос хатшы алып... Бұндай комедия тек бізде ғана мүмкін. Жаратқан ием бізге ғажайып басшы сыйлап, түрлі әріпті игеруге мүмкіндік берген, неге қолданбасқа? Бір танысым немересін орыс мектебіне бергеніне таңқалғанымда:"Ой, Сәке, латын альфавитін қабылдаса тек қазақтар ғана оқып, орыстар оқымайды екен? Біздің мемлекетте қазақтілділердің выживать етуі қиын. Тек орыс әрпі ғана өміршең. Болашақта кириллица мен ағылшын тілі жеңеді. Баланың миын латын әріпімен ашытқанша орысқа берем"-дегеніне қатты ренжіп, Әмикошымды қазақ мектебіне бергеніме енді өкініп отырмын. Қазақ тілінде тек аз ғана біздер секілділер сөйлейтін мүгедек ел едік, енді қалай айтуға теңеу таппай отырм. "Байбалам салма, орысқұлсың?"-дейтіндерге айтарым - он жылға созылған стратегияның жүзеге асуға әлсіз, себебі - таза қазақтілді аз, ол аз болса алдағы қыркүйектегі спектакльді көріңдер дегім келеді. Орыс мектебінің аузы-мұрны қазақпен піспеленіп, қазақ мектебі қаңырап қалмаса де. Әрине, ауылдағылар болмаса. Қалаң орыс мектебіне жүгіреді. Неге десеңіз, "Біз - орыс тілін сүйеміз. Үкіметтің болашақ тағдыры орысқа байланған"- десе еш таңданбаймын. Осы бар ғой әлігі Фроловтарға рақмет айтамыз-ау дейм? Екеуінің сөзінен соң қазақтар "ойбай, жер біздікі еді ғой?"- деп оянып қап еді, енді сол Фроловтың"Қазақ тілі он жылдан соң жойылсын деген стратегиямен латын әріпін тек қазақтарға ғана оқытып, орыс кириллицасын өзгертусіз қалдырған бізбіз! Россия еш соғыссыз қазақтарды әріппен-ақ бөліп алады"- дегені керек боп тұр. Бәлкім, жоғарылағылар сол кезде ғана ойланар? Есекке он жылда тіл үйретуге падишахтан бір қалта алтын ділдә алған Қожанасырдың:"Он жылда не - есек өледі, не - падишах өледі" деген әпсанасының кебін кидік ә? Онсыз да министрлеріміз қазақша былдырлап жүргенде, мемлекет оп-оңай қақ айырылды-ау, ә?.. Латынды тек қазақтарға ғана қолданып, орыстарды өз әріпінде қалдырғанға Парламент пен Сенатта отырған қазақтардың намысы қалай жіберді екен ә? Құрсын, сатира қоғамда тұншығып жүрген менен ақылды кім сұрапты, одан да моншама кетейін?

Сая Қасымбек

Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста