Біз Зевс туралы жақсы білеміз. Түпкі бабаларымыздың От культі туралы түк білмесек те, Прометейдің алауы туралы айта аламыз. Әлем әдебиетінің кіріспесі осылардан басталып, мифтік кейіпкерлері ары қарай тізбектеліп кете береді. Бірақ біз Албасты мен Сөрел туралы тым аз білеміз. Атын айтса, Зевс көз алдымызға елестер, ал Албасты туралы тіпті елестете алмаймыз. Оның портретін Шоқан Уалиханов жазып кеткен. Тауып суретшілерге жалындым. "Күнім ағатай, мына портретті оқы да, суретін салшы ". Мифтің танымдар мен бағзы культтерді білмей қалай қазақпын деп айтуға болады? Қырғыздар *Албасты* деген кино түсіріпті ғой, көру керек екен.
Айнұр Төлеу
Фейсбуктегі парақшасынан