Арақашықтық тираниясы
Люциан Воляновсктің «Аңыз болудан қалған материк» деп аталатын Австралия туралы жазған кітабы бар. Оны оқыған адам болса, онда ол Қазақстан мен Австрияға ортақ ұқсастықтар барын анық аңғара алады. Австралия материгіне көп адам айдауға жіберілгені қазір құпия емес, қазақ даласына да көп халық осындай негізде кеп қалды. Бізде де, оларда да стратегиялық саланың бірі мал шаруашылығы мен астық өндірісі екені белгілі. Сол секілді екі тарапта да Менделеев таблицасындағы барлық кен белсенді өндіріледі. Сол секілді Воляновск жақсы атап өткен «Арақашықтық тираниясы» бойынша да ұқсастығымыз бар. Мысалы, Автралияның батыс бөлігіндегі тек бір Калгурли сайлау округі шамамен 2,6 млн шаршы шақырымды қамтиды, бұл Қазақстан аумағына тең келетін көлем.
Қазақстанда да соңғы кездері облыстарды ірілендіру арқылы арақашықтықты қысқарту туралы ұсыныс көтеріліп жүр. Бірақ тәжірибе көрсетіп отырғандай, арақашықтық тираниясы жергілікті аумақтар бойынша емес, жоғарыдағылар мен төмендегілер арасына жүргізіледі.
Досым Сәтбаев
Facebook-тегі парақшасынан