Ақын өлтіру ойыны (Пушкиннің әуенімен. ХХІ ғ.)

Ақын өлтіру ойыны (Пушкиннің әуенімен. ХХІ ғ.)

Антипоэзия дейтін бір жексұрын бар мына жарық дүниеде.Адамзаттың алғашқыақыны Гомермен ілесе туған. Атамзаманнан тайраңдап келеді. Тарихққа қарап отырсаңыз,осы оңбағанның ең тежеусіз, бетімен кетіп,сайран салған кезеңі совет өкіметінің тұсы екен. Тексіз құл , бетсіз күңмен қоса құтырған пәле! Ленин шала сауатты, дарынсыз Демьян Бедныйды мемлекеттің бас ақыны деп жариялайды.Өзі тұрған Кремльден пәтер береді.Бұл кезде Александр Блок та, Осип Мандельштам, Анна Ахматова да тірі. Блок аштан өледі.Мандельштам айдалып кетеді.Ахматова өлі- өлгенше үйсіз-күйсіз өтеді.
Ал ,одан кейінгі « ақын өлтіру ойынын» Жұматай Жақыпбаев былайша суреттейді: « Ер білексіз байғұсты,Зеңбірексіз байғұсты,Қу арақ тойда, мұнда да,Қуалап ойға, қарға да,Ойнайды заман сойылы – Ақын өлтіру ойыны!Заңын да салып соңына,Жарын да салып соңына, Қоймайды жанын, үндеме, Ойнайды күндіз, түнде де. Қамшы бас, заман сойылы--Ақын өлтіру ойыны! Көріне даусын жеткізбей, Еліне даусын жеткізбей, Аузы мен мұрнын тығындап, Сыртынан сұмдар сыбырлап; Ойнайды келіп той ұлы, Ақын өлтіру ойыны! Жас бала демей қарбытып, Баспана бермей қаңғытып, Тойласын соңғы жеңісін, Солардың жері кеңісін; Өлтірмей құдай жөнімен, Ойнап жүр енді менімен... »
Моцарт пен Сальеридің айқасы –бұл! Осындағы бір ғылым докторы өлең техникасын да менгермеген бір дәлдүрішті қазақтың «жаңа Мұқағалиы» деп жар салып жүр ... Тағы бір ғылым докторы қазақтың жақсысы мен жайсаңы отырған бір шаршы топта бүгінгі қазақ поэзиясы Абайдан да асып кетті, озып кетті!- деп соқты...
Мен —
Ұлыған Көк Бөрісі Даланың.
Ұлымауға амалым жоқ, амалым:
Күпті —
Сайран салған, қайран,көңілім!
Бітті...
Ойран — заманым!
Ақындардың соры — қалың, бағы — аз да,
Қара тағдырым — қасіретті қағазда.
Іш тартпасын көрдім саппас тобырдың,
Саппастығын сезіп қойған сабазға.
Көрдік біздер не бір қара беттерді.
Кеудемізді керемет бір кек керді.
Замандастың бәрі иілді заманға.
Біз тік тұрдық.
(Бізді ол, сонсоң, жек көрді!)
Содан кейін сотталғанбыз сан рет.
Соттала сап,
Ақталғанбыз сан рет.
Ақтала сап,
Тағы да бір Сұмменен,
Сұмырайға тап болғанбыз сан рет.
Енді ақындар жекпе-жекке қатысып,
Мерт болмайды атысып!
Сотталмайды соры қайнап бостан-бос,
Ақталмайды қара бет боп,
Шатысып...
Көзге ешкімді ілмей,
Қырт —
Жердің бетін жаулап алған пілдей құрт, —
Ақындарды ұстайды енді өзіндей--
Өлімтікпен — бірдей ғып!!!
Мен —
Ұлыған Көк Бөрісі Даланың.
Ұлымауға амалым жоқ, амалым.
Құлдар сүйді —
Құл иелену заманын!
Сұмдар сүйді —
Сұм иелену заманын!
Қайтем енді құлға кеткен есемді,
Қайтем енді сұмға кеткен есемді?!
Бітті менің заманым!
Хош, енді...
Серік Ақсұңқарұлы
Facebook-тегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста