Әлемнің 1-ракеткасын жеңген Елена Рыбакина жартылай финалға шықты

Әлемнің 1-ракеткасын жеңген Елена Рыбакина жартылай финалға шықты

Қазақстанның бірінші, әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина спорттық жолында алғаш рет Рим WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-ға сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 1-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекпен ойнады.

 

Осыған дейін қарсыластар өзара үш рет кездесіп, соның екеуінде биыл Е.Рыбакина жеңген еді.

 

Бірінші партияда Ига Швентек 4:0 есебімен алға кетіп, сол қарқынынан жаңылған жоқ – 6:2.

 

Екінші сетте де Ига 4:2 есебімен алда тұрды. Дегенмен Елена қайыра брейк жасап, таразы басын теңестірді. Содан кейін тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 7:6 (7:3).

 

Үшінші, шешуші партияда есеп 2:2 болған мезетте Швентек жарақатына байланысты матчты жалғастырудан бас тартты.

 

Екі сағат 19 минутқа созылған бәсеке барысында Рыбакина 10 эйс жасап, 1 брейк-пойнтты мүлт жібермеді. Қарсыласы 1 эйс, 3 брейкпен (10 брейк-пойнт) көзге түсті.

 

Осылайша, биыл Елена әлемнің бірінші ракеткасын үш рет ұтты.

 

Е.Рыбакина финалға шығу үшін әлемнің 20-ракеткасы, латвиялық Елена Остапенкомен таласады. Ол ширек финалда тартысты кездесуде испаниялық Паула Бадосаны жолдан тайдырды – 6:2, 4:6, 6:3.

 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Римде әлемнің бірінші ракеткасымен ойнайтынын жазған болатынбыз.

 

Сондай-ақ, Тимофей Скатов Ролан Гаррос турниріне дайындалып жатыр.

 

Анна Данилина жұптық сында Париж жарысының жартылай финалына өтті.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста