Теңгенің алғашқы дизайнын қайтару керек пе?

  • 27
Абай ОМАРОВ (коллаж)

Хайролла Ғабжәлелов, алғашқы ұлттық валютаның авторы:
– Теңгенің өзі ұлттық идеология құ­ралы болып саналады. Мен алғашқы тең­генің дизайны өзгеріп, жаңа теңге қолданысқа түсерде соншалықты шыр-пыр болып қарсы шыққандардың бірі­мін. Ол, әрине, алғашқы ұлттық ва­лю­таның авторы болғандықтан емес, ұлттық теңгеміздің дәрежесін дәріп­теу­ге, көтеруге қатысты ойым еді. Жалпы, теңгеміздің 10 жыл сайын дизайнын өзгертіп, оған миллиардтаған қаржы шығындай беретін біз соншалықты бай мемлекет емеспіз. 10 жылда ұлттық валютасының дизайнын қайтара ауыс­ты­ру үрдісі – тарихта бірінші кездесіп отырған дүние. Алғашқы теңгенің дизай­ны сапалы, құнды еді. Меніңше, ұлттық валютамызда әл-Фараби, Абай, Сүйінбай, Шоқан, Абылай хан, Әбіл­хайыр хан тәрізді бабаларымыздың болуы тақиямызға тар келмейді. Сон­дық­тан теңгеміздің алғашқы дизайнын қай­тару қажет. Мен мұны құптаймын. Егер мемлекетіміздің тарихи кезеңдерін төл теңгемізге қайта енгізу туралы бас­тама көтерілсе, ол дизайнды алғашқы теңгенің авторы ретінде тегін жасап беруге дайынмын. Сонау тарихи кезең­дер­ден бастап кезең-кезеңге бөліп, күні бүгінгі тәуелсіз еліміздің бейнесін де теңгенің бедеріне түсіріп, Астананы си­пат­тау арқылы да жақсы, құнды дүние жасап шығаруға болады. Теңге ұлттық валютамыз болғандықтан, теңгеде ұл­ты­мыздың бет-бейнесін айқындайтын тарихи құндылықтар болуы керек. Осы­ны мықтап ескерген абзал.

Ғалым БАЙНАЗАРОВ, қаржыгер:
– Әрине, алғашқы төл теңгеміздің дизайны айрықша еді. Бірақ ол теңгеміз мемлекетіміздің рәміздері жасалмай тұрып қолданысқа енді де, сол кезеңдері теңгемізге Елтаңба, Ту, басқа да бей­біт­шілікті бейнелейтін символдар енбей қалды. Негізінен, алғашқы ескі дизайн сапасыз, жарамсыз болғандықтан, қол­да­ныстан алынып тасталған жоқ. Жал­пы, теңгеге жаңа дизайн енгізудің өзін­де үлкен мән жатыр. Қазірде теңгеміздің бе­тінде айшықталған символдар бұл еліміздің өсіп-өніп, өркендеп келе жат­қан ел екенін білдіретіндей... Ал бо­ла­шақ­та осы теңгемізге тарихи құнды дүние­лер енгізілу бастамасы көтерілсе, оны да қолдауға болады. Қандай кезең­де де теңге өз құндылығын жоймасы анық. Мысалы, АҚШ-тың көк қағазы қан­шама жылдар бойына құндылығын жоғалтпай келеді. Сол доллардың бе­тіндегі портреттен оның беделі еш кеміп жатқан жоқ. Егер менің еркімдегі дүние болса, теңгемізге қазақтың кілең бет­ке­ұс­т­ар батырларын, хандарын, билерін, тіпті бүгінгі күнгі батырларына дейін ай­шық­тап қояр едім. Бірақ өз басым теңгенің бет-бедеріне емес, оның на­рық­тағы құндылығына барынша назар ау­дарған абзал деген ойдамын.

Бейсенбек ЗИЯБЕКОВ, экономист ғалым:
– Меніңше, нақ қазір теңгеміздің бұ­рынғы дизайнын қай­тарудың қа­жеттілігі жоқ. Қарапайым тілмен түсін­дірсем, мәселе теңгенің қандай бол­ға­нында емес, оның даму үдерісіне мән беруіміз керек. Теңгенің дизайнын өз­гер­те беру теңгенің сапасын көтермейді. Қазақстан теңгесі — Қазақстан Рес­пуб­ли­ка­сының ұлт­тық валютасы. Қазақстан Республикасының Президенттің 1993 жылғы 15 қарашадағы Жарлығы бойын­ша алғашқы теңгеміз айналысқа енгізілді. Ал бұдан кейін араға 10 жыл­дай салып теңгеміздің жаңа дизайны қолданысқа енді. Сол кездері бірқатар қауым «жаңа банкнотта ұлттық нақыш жоқ. Қорғаныш эле­менттерімен қор­ғал­ған ақшада қазақтың иісі аңқып тұру керек» дескен-ді. Бұл ретте айтарым – теңге тек төлем құралы. Сондықтан теңгенің бетіндегі суретіне емес, оның құндылығына мән берсек, жөн болар еді. Егер теңге құнсызданса, біраз бұ­қа­ра­ның ахуалы қиындай түседі. Демек, бұл жерде ұлттық валютамыздың күшін нығайтуды жан-жақты ойластыруға тиіспіз...

Автор
Последние статьи автора
  • 337
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
  • 483
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста