Қоғам Тәуелсіздік күнін лайықты деңгейде атап өтіп жүр ме?


Амангелді АЙТАЛЫ, философия ғылымының докторы, профессор:
– Біздің қоғам өзі­нің Тәуелсіздігін атап өтіп жүр. Бірақ оған ме­нің көңілім тол­май­ды. Себебі Астана мен Алматы сияқты халық көп шоғырланған қала­лар­да, өзге облыс орталықтарында Тә­уел­сіз­діктен гөрі Иса пайғамбардың ту­ған күнін көбірек әспеттеп жатыр. Қо­ғам­дық сананың бір ерекшелігі – қан­дай дәстүр көбірек насихатталса, соған бе­йім­деліп кетеді. Қазір шаһарларды бе­зендіруге қарасаңыз, басшылық бол­сын, басқасы болсын жаңажылдық мерекеге ерекше мән беріп, мемлекеттің туған күнін ұмыт қалдырғандай болып кө­рінеді. Бұл дегеніміз – бүгінгі Қа­зақ­стан қоғамының санасына ұлттың ұлы ме­рекесінен гөрі христиандық құн­ды­лық­тар жақын екендігін көрсетеді. Тә­уел­сіздік мейрамын жалпыұлттық дең­гей­де атап өту үшін шаралар өткізіліп жа­тыр. Бірақ әлі де әлсіз, жетілдіре тү­суі­міз керек.

Берекет КӘРІБАЕВ, тарихшы:
– Тәуелсіздіктің ал­ғаш­қы жылдары бұл ұлы мерекені тойлау жа­ғы кемшін түсіп жат­ты. Эко­но­ми­камыз әл­сіз ке­зең­­де өзге мем­ле­кет­тер сияқты Тәуел­сіз­дік­ті өз дәре­же­сін­де тойлай алмадық. Әлем­ге таны­лып, экономикалық-әлеу­мет­тік ахуа­лы­мыз жақсарған сайын осы бір мейрамды лайықты деңгейде атап өту үшін барлық шараларды жүзеге асы­­рып жатырмыз. Десе де олқылықтар да жоқ емес. Ке­йінгі жылдары Жаңа жы­л­­ға дайындықты бір ай бұрын бастап ке­туді дәстүрге ай­нал­дырып алдық. Әрине, Жаңа жылды бүкіл әлем той­лай­ды. Оған тосқауыл қоя алмаймыз. Ме­ніңше, Тәуелсіздікті ла­йықты дең­гей­де атап өту үшін тарихи сананы жаң­ғыр­туымыз керек. Содан кейін жел­тоқ­сан айының 16-сына дейін көшелерді Тә­у­елсіздік ұрандарымен, мемлекеттік рәміздермен безендіріп, ақпарат құ­рал­дары арқылы тек Тәуел­сіз­дігімізге қа­т­ысты мәселелерді көбірек берсе... Ал Жа­ңа жылға әзірлікті осы ай­дың 18-і­нен кейін де бастауға бо­ла­ды.

Сайын БОРБАСОВ, саясаттанушы:
– Ашығын айт­қан­да, Тәуелсіздік кү­ні елеусіз қалып жатқан жоқ. Әрбір ме­ке­ме­­де дөң­ге­лек үстелден бас­­тап, ал­қалы жиын­дарға дейін ұйым­дас­­ты­ры­лып жатыр. Сонымен қатар лайықты дең­гейде, өз дәрежесінде атап өтіп те жатқан жоқ­пыз. Бұл, әрине, қо­ғамның сая­си мәде­ние­тінің көр­сет­кіші болар. Өзге мем­ле­кеттерге қарайтын бол­са­ңыз­дар, Тә­уел­сіздік мерекелерін жал­­пы­ұлттық дең­гейде тойлап, адам­затқа ортақ ме­ре­ке­лерден де жоғары қоя­ды. Ал бізде ке­рі­сінше, тіпті орыс­тар­дың өзі Жаңа жыл­дан гөрі 7 қаңтар­да­ғы діни ме­рекені ерекше атап өтеді. Ал бізде кө­шедегі бірлі-жарым ұран сөздеріміз жаңажылдық шыршаның астында қалып қояды. Осы Тәуелсіздікке жет­кізген Желтоқсан көтерілісі туралы да биыл ештеңе айтылмады. Ұлттық са­наны жаңғыртатын шараларды көптеп ұйым­дастырмасақ, өскелең ұрпақ Тә­уел­сіздіктің бізге берген бақытынан мүлде мақұрым болып қалады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста