Тәуелсіздікті қай әкім қалай түсінеді?

Тәуелсіздікті қай әкім қалай түсінеді?

Жыл сайын Тәуелсіздік мерекесінен, тіпті екі жылдан бері Тұңғыш Президент күнінен де бұрын құрылып алатын жаңажылдық безендірулер мен шыршаларға қатысты шу толастамай тұр. Жыл сайын бұл көрініс қоғам қарсылығына тап болғанымен, келер жылы бәрібір қараша айының ортасынан бастап шыршалар қайтадан бой түзеп алады. Ақиқатында Тәуелсіз елдің тарихында Тұңғыш Президент күні мен Тәуелсіздік күнінен асқан қасиетті күндер болмауы керек. Әсіресе Тәуелсіз елдің қадірін ғасырлар бойы азаттықты аңсаған, талай жылдар тәуменді елдің күнін кешкен еліміз жете түсінуі керек еді. Өкінішке қарай, Жаңа жыл мерекесі үшін шырша құрудан бәсекеге түсіп, 38 миллион теңгесін аямайтындар Тәуелсіздік мерекесіне бір билборд іліп, құтылып кетіп жүр.
Жыларсың ба, күлерсің бе?! Түсіне біл­ген адамға өзге елден келіп, дәстүрімізге еніп кеткен Жаңа жыл мерекесі мен ға­сыр­лар бойғы арманымыз, батыр ба­ба­ла­рымыз тіпті азат ел атану үшін өмірін қиған Тәуелсіздіктің арасын салыстыруға да келмейді емес пе?! Ал бүгінгі күні Тәуелсіздік мерекесінің тіпті Жаңа жылдың көлеңкесінде қалып қоюы елдігімізге сын екені анық. Сұрастырып көрсек, Алматы қаласының әкімі қалаға қарасты мектептер мен Жоғарғы оқу орындарына, меке­ме­лер­ге қараша айының басынан бастап Жаңа жылға дайындықты бастауға ауызша пәрмен берген көрінеді.
Айзада ӘЛІПХАНОВА, Алматы қала­сы­ның тұрғыны:
– Қаладағы мектептердің бірінде қарапайым жұмысшы болып қызмет істеймін. Қала әкімшілігі тарапынан жаңажылдық дайындықты бастауға қараша айының 10-дарында тапсырма берілді. Осыған сәйкес, мектеп дирек­тор­лары бізге тапсырма берді. Естуім­ше, жаңажылдық дайындыққа мил­лион­даған теңге кетеді екен. Ұлттық маңызы жоқ мерекеге соншалықты дайындықтың не керегі бар?!

Әрине, Жаңа жыл мерекесі тойлан­ба­сын демейміз. Тойлансын. Бірақ әр нәр­се­нің өз деңгейінде болғаны дұрыс емес пе?! Мәселен, жаңажылдық дайындық та әр қаладағы жергілікті басқару органдары тарапынан ұйымдастырылатыны жасырын емес. Мәселен, Оңтүстік Қазақстан облы­сы­ның әкімі екі жыл қатарынан Тәуелсіздік мерекесі өтпей, жаңажылдық дайын­дық­тар басталмайтынын қадап айтты. Айт­қандай-ақ, Тәуелсіздік мерекесі келмей жатып шыршалар құру, қызылды-жасылды жаңажылдық құттықтаулар ілу секілді дайын­дықтар аталмыш өңірде әзірге тоқтап тұр. Ол үшін облыс әкімінің әлде­кім­дерден «таяқ» жеп, сөгіс естіп жатқаны да байқалмайды. Демек, жаңажылдық дайындық – әр қаланың әкімінің қалауына, ұлтжандылығына, Тәуелсіздікке деген көз­қарасына қарай ұйымдастырылатын нәрсе. Былтырдан бері Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметовтің өзі басқарып отырған облыста Тәуелсіздік күніне дейін Жаңа жылға дайындық жүргізу, шыршаларды сәндеу, жаңажыл­дық белгі-нышандарды ілу секілді ша­ра­ларды болдырмау жөнінде тапсырмасы өзге өңірлердегі әкім-қараларға үлгі болса, қанекей. Естуімізше, Оңтүстік Қазақстан облысындағы бұл игі істі биыл Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбдішев те қостап, Тәуелсіздік күні аталып өтпей, Жаңа жылға қатысты шараларды өткізбеуге қара­мағындағыларға тапсырма берген көрінеді. Қуанарлық-ақ жағдай.
Жаңажылдық мерекені тойламақ түгіл, шыр­ша құрудан өзара сайысқа түскен әкім­дердің әрекеті шынымен халықты қынжылтатындай-ақ болып тұр. Мәселен, былтырғысынан 10 метрге биік Керекудің бас шыршасының құны 38 миллион тең­ге­ге бағаланып отыр. Ресейдің Калуга қала­сынан сатып алынған шырша аға­шы­ның өзіне 16 млн 700 мың теңге жұмсалса, «Солтүстік арай» деген атауға ие болған 250 метрлік гирлянданың өзі қазынаны 9,4 млн теңгеге ортайтыпты. Аталмыш шыр­шаның басына ілінген жұлдыз 625 мың теңге тұрса, шыршаның қасындағы Аяз атаға – 430 мың, Ақша қар мен аққа­лаға 800 мың теңге кеткен көрінеді. Ең өкініштісі, шыршаға мемлекеттің ақшасын миллиондап шашқан шенеуніктер ұлық мереке – Тәуелсіздік күніне жетім қыздың тойындай 1-2 баннер ғана іле салған. Осы­лайша әкімдердің шырша құру жары­сы төл мерекемізге төр берер емес. Айта кетер жайт, Тәуелсіздік мерекесін жаңа­жыл­дық дайындықтың тасасында қалдыру халықтың да қалауы емес. Халыққа Тәуел­сіздік мерекесінің Жаңа жылдың тасасында қалғаны керек емес. Әкімдердің осыны түсінетін кезі жеткен секілді. Талай рет қоғамдық белсенділер мен саясат­та­ну­шылар да Тәуелсіздік мерекесінің Жаңа жылдың тасасында қалуына қатысты сын-пікірлерін айтып жүр. Алайда мұның бар­лығы қала әкімдерінің қаперіне кірер емес. Шын мәнінде, Тәуелсіздік мерекесі өткеннен кейін де Жаңа жылға дейін бақан­дай он шақты күн бар. Шын дайын­дық жасаймын деген адамға он күн де аз уақыт емес. Сондықтан Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметовтің бастамасы басқа әкімдерге үлгі болса игі.
Әзімбай ҒАЛИ, саясаттанушы:
– Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов жыл сайын 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мере­ке­сі өткенге дейін облыс аумағында жаңажылдық шырша орнатпау туралы аудан, қала әкімдері мен мемлекеттік мекеме, ұйым басшыларына тапсырма береді. Бұл – «елім» деген ердің тірлігі! Өткен жылы да дәл осылай тапсырма беріп, жаңажылдық безендірулер мен шыршалар орнату тек 18-19 желтоқсан күндерінен ары қарай басталған еді. Жаңа жылға дейінгі аралықтағы Тұң­ғыш Президент күні мен Тәуелсіздік күні тәрізді ұлттық мерекелер Жаңа жыл­дың көлеңкесінде қалып қояды. Жаңажылдық дайындықтан қыруар ақшасын аямағандар, Тәуелсіздік күніне қатысты «Тәуелсіздік күні құтты болсын!» деп қана жазумен құтылады. Бұл ең алдымен келешек ұрпақтың бойын­да патриоттық сезімнің қалып­та­суына кері әсерін тигізеді. Дәл осы тақырып жыл сайын айтылса да, оны құлаққа ілер әкім қаралар болмай тұр. Сондықтан осыған қатысты жоғары жақтан тапсырма берілуі керек секілді. Ұлттық ұлық мерекелерді дәл бүгінгідей Жаңа жылдың көлеңкесінде қалдыру ұлттық намысымызға тиердей нәрсе болуы керек. Айтпақшы, Оңтүстік өңір­де биыл Наурызнама дәстүрі заманауи үлгіде қайта жаңғырып, мерекелік шаралар 14-22 наурыз аралығында тоғыз күн бойы жалғасын тапты. Шын мәнінде, ұлттық мерекелерімізді ұлықтауды оңтүстік өңірден үйренуіміз керек секілді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста