Тәуелсіздік және экономикалық өрлеу хақында...

Тәуелсіздік және экономикалық өрлеу хақында...


Жанар АЙТЖАНОВА, экономикалық даму және сауда министрі:
– Қазіргі уақытта Қазақстан Рес­публикасының 2020 жылға дейінгі да­муының стратегиялық жоспарының басты бағыттарымен сәйкес, елі­міз­дің үдемелі индус­трия­лық-иннова­ция­­лық дамуының 2010-2014 жыл­дарға арналған мемлекеттік бағ­дар­­ламасы (ҮИИДМБ) әзірленді. Бағ­­­дар­лама әртараптандыру ар­қылы эко­номиканың тұрақты өсуін қам­та­масыз етуге және оның бәсекеге қа­бі­леттілігін арттыруға бағытталған. Осы бағ­дарламада қаншалықты алға жылжығанымызды бай­қауға бо­ла­тын индикаторлар әзірленген. Ин­ди­­каторлар, негізінен, халыққа қол­же­тімді және түсінікті. Мәселен, атал­мыш бағ­дарламада инновациялық белсенді кәсіпорындардың санын қолданыстағы кәсіпорындар санынан 10 пайызға арттыру; 2014 жылға қа­рай халықаралық қабылданған па­тент­тердің санын 30-ға дейін жо­ғарылату; 2014 жылға қарай ен­гі­зілген жаңа технологиялар мен жа­салған тә­жірибелік-конструкторлық жұ­мыс­тардың санын 200-ге арттыру; 2014 жылға дейін қолда бар инновациялық ин­фрақұрылымды дамыту көзделген.

Тоқтамыс МЕҢДЕБАЕВ, техника ғылымының докторы, профессор:
– Тәуелсіздік алғалы бері біз біраз экономикалық өрлеуге қол жеткіздік. Тұрақты өсу үстіндегі мемлекет екен­дігімізді бүгінде әлем елдері мо­йын­дады. Әйтсе де біз әлі де болса жер ресурстарының байлықтарын ұқ­сатуға, шикі өнімді өңдеуге, ин­но­ва­ция­лық эконо­ми­каға бет бұруға күш салғанымыз абзал. Еліміздің тұтас­тығын, жеріміздің байлығын сақ­тай­мыз десек, болашақта біз ғылым са­ла­сына айрықша көңіл бө­луі­міз керек. Отандық өнертапқыштарымызға көңіл бө­лінуі қажет. Бәсекеге қабілетті ел боламыз десек, мем­лекетіміздегі әр­бір адамның мүмкіншілігін, да­рынын орнымен пайдалануға күш са­луға тиіспіз. Болашақта қазба бай­лық­тардан құралған экономикаға тә­уел­ді­ліктен арылып, ғылыми негізі бар экономикаға сүйенсек, дамуымыз тұрақты болады деп сенемін.

Сағындық САТЫБАЛДИН, экономика ғылымының докторы, ҰҒА академигі:
– 1997 жылы біз, біраз экономистер, Малай елінің экономикалық жүйесін те­реңдеп білу мақсатында оқуға бар­дық. Сол кездері Малай елінде 2020-ның бағдарламасының негізі жасалып жатты. Елге келген соң, біз осы бағдарлама турасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа баяндама жа­садық. Осыдан кейін біз­дің елде экономистердің көмегімен 2030 деген бағ­дар­лама жасалды. Бұл 2030 бағдарламасының не­гізгі көз­де­­гені – жерасты байлықтарын дұ­рыс пай­да­ланып, соны ұқсату. Сондай-ақ биотехнология, на­­но­­технология­лар­дың көмегімен елде жоғары тех­но­ло­гиялық қуатты зауыттар, өндіріс орын­дарын салу. Осы әдіс арқылы отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Қазір біз өзі соған келе жатырмыз. Уран өндірісін, мұнай-газ саласын, атом өнеркәсібін дамытуды біз бү­гінде мықтап қолға алып жатырмыз. Ке­лешекте осы саладағы ғылыми же­тістіктеріміздің көзі молайсын деп ті­лейік. Бізде биотын көзі, уран легі, атом энергиясы, мұнай, ядро-отын ау­қымы мол. Тек бізге болашақта қолда бар байлықты ұқсатып, өзіміздің мүддемізді өзгеге жібермеуді үйренген абзал. Мен өз тарапымнан қазақтың мерейі үстем, болашағы кемел болады деп болжам жасаймын.

Оразәлі СӘБДЕН, экономика ғылымының докторы, профессор:
– Әрине, әу баста Тәуелсіздік алған жылдары біраз қиыншылықтар болды. Ол уақытта мен Жоғарғы Кеңестің депутаты едім. Сол кездері Тәуелсіздік алғанда «ата-бабаларымыздың арма­ны­на біз жет­тік» деп көзімізге жас алып те­біреніп, толқыдық. Қиын­шылықтар болды. Елде жаппай жұмыссыздық ор­нады. Елдің арасында сенімсіздік ұя­лады. Міне, осындай тығырықтан халықты алып шығу оңай болмады. Қазір осы қиыншылықтардың барл­ы­ғын артқа тастадық. Жалпы, экономист ре­тінде айтарым, кейінгі жылдары Қа­зақ елі өзінің экономикалық өр­леу жолындағы ел екенін танытты. Әлем­ді жайлаған дағдарыстан да эко­номикамыз тұрақты өсіммен шық­ты. Дағдарысқа қарсы ірі-ірі бағдар­ла­малар жасауымыздың арқасында қа­рапайым халыққа дағдарыстың салқыны аса біліне қоймады. Бола­шақ­та жалпы ішкі өнімнің өсімі 7,5 па­йызды құрайды деп отырмыз. Ал қа­зірде елдегі өндіріс көлемі 10,5 пайызға артқан, қайта өңдеу саласы 18 пайызға өсім берген. Бұл – үлкен жетістік. Ендігі мақсат осы жетістікті әрі қарай жетілдіру болуы керек...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста