Жеңісімізді барлық қазақстандықтарға арнаймын – Елена Рыбакина

Жеңісімізді барлық қазақстандықтарға арнаймын – Елена Рыбакина

Рыбакина Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңі аясында жеңіске жетіп, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына жолдама алды.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина елордада Польшамен өткен матчтағы жеңісінен кейін ҚазАқпарат тілшісімен пікір бөлісті.

- Польшамен матч қиын болды. Шаршағаным сондай, шынымды айтсам, бәсекеден кейін сұхбат бергенде, сұрақты түсінбей қалдым. Кешедегідей емес, бүгін өзімді ширағырақ сезіндім. Дегенмен Америкадан Еуропаға, одан Астанаға ұшып келудің әсері сезілді. Келесі жарыстарда қалпыма келемін деп үміттенемін, - деді Елена Рыбакина.

- Енді Штутгарт, Рим мен Мадридте өнер көрсетесің, топырақ төсенішіндегі кортқа бейімделіп үлгердің бе?

- Бейімделетіндей көп уақыт болған жоқ. Астанадағы екі ойын, әрине, менің пайдама шықты. Күн сайын, әр жаттығу сайын топырақ төсенішіне ыңғайлана түсудемін. Ең бастысы, денім сау болып, алдағы турнирлерге бабымда барсам деймін.

- Қазақстанда соңғы кезде теннис кеңінен таралуда. Еліміздің барлық қалаларында болып, балалармен кездесу жоспарыңда бар ма?

- Әрине, барлық қалада болғым келеді. Алайда мұндай тығыз кестемен мүмкін емес. Дегенмен болашақта сәті түсер. Маған Алматы өте ұнайды, онда да жиі бола алмай жүрмін.

Қазақстан құрамасы Билли Джин Кинг кубогінің іріктеу кезеңі аясында Польшаны 3:1 есебімен тізе бүктіріп, биыл күзде өтетін командалық әлем чемпионатына жолдама алды. Қазақстандық қыздар өз тарихында алғаш рет өткен жылы Глазгода әлем чемпионатында өнер көрсеткен болатын. Биыл Ярослава Шведованың шәкірттері финалдық кезеңге екінші рет шығып отыр.

Еске сала кетейік,  Елена Рыбакина Астанада өтіп жатқан Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңі аясында жеңіске жетіп, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына жолдама алды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста